• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 573 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының 
    Премьер-Министрі                      К. Мәсімов
Жоба ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы
 мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша
 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2, 3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13, 14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146-149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28, 32-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының елу бірінші абзацында «мәслихаттардың» деген сөз «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат):
1) 62-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының стратегиялық жоспарларын тиісті мәслихат бекітеді.»;
6-тармақтың екінші бөлігінде «атқарушы органдардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 125-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мәслихаттың» деген сөз «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «мәслихаттың» деген сөз «облыстың» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 129-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері жыл сайын қосымшаларымен қоса есепті қаржы жылында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті:
1) ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылғы 1 мамырдан кешіктірмей облыстық мәслихатқа,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына береді.»;
3) 130-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының үшінші  абзацындағы «мәслихаттың» деген сөз «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 131-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жыл сайын қосымшаларымен қоса есепті қаржы жылында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті:
1) ағымдағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылғы 1 сәуірден кешіктірмей ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) мәслихатына береді.»;
5) 132-бапта:
1-тармақтағы «мәслихаттың» деген сөз «облыстың» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстың тексеру комиссиясы төрағасының және төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;»;
6) 135-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау - Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және тиісінше тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарына есептерін бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға қатысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары тәуелсіз жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау.
Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларына есептерін бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау.»;
7) 136-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуын жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып табылады.»;
8) 139-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірлескен бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімде жалпы бақылау бағдарламасы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қосарлас бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кейіннен олардың нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен мерзім бойынша дербес жүргізетін бақылау.»;
9) 140-баптың 1) тармақшасының төртінші және бесінші  абзацтарындағы «мәслихаттың» деген сөз «облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 141-бапта:
15) тармақшадағы «мәслихаттардың» деген сөз «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
23-2) мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;
11) 142-бапта:
тақырыбындағы және бірінші абзацтағы «Мәслихаттың» деген сөз «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша «қамтамасыз етілуін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есепке жатқызу дұрыстығын» деген сөздермен толықтырылсын;
21) тармақшадағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 145-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бақылау актілерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда бақылау объектісінде қайта бақылау жүргізілуі мүмкін.
Бақылау нәтижелерін сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тану тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бекітеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларынан мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұратуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне бес жұмыс күні ішінде бекітілген жоспарларға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді жібереді.
4-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен бюджеттік инвестицияларды бағалауды көздейтін мемлекеттік бағдарламаларды бірлескен (қосарлас) бақылауды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізуі мүмкін.
4-3. Өз қызметін үйлестіру мақсатында сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласында құқықтық қолдану практикасын, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлері этикасының сақталуы мәселелерін қарау үшін Үйлестіру кеңесін құрады.
Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
4-4. Бақылау іс-шараларын жоспарлауға бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді, ол бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылады.»;
13) 148-баптың 3-тармағында «мәслихаттың» деген сөз алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 г., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін мәслихат хатшысының ұсынымы бойынша қызметке бес жылға тағайындау;
9-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
9-3) бақылау объектілерін бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты облыстың тексеру комиссияларынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.»;
2) 8-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «, тексеру  комиссиясының актілерін бекітеді» деген сөздер алып тасталсын;
3) 16-бап алып тасталсын;
4) 19-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мәслихат депутаттарына облыс, республикалық маңызы бар қала, астана тексеру комиссиясының төрағасы және мүшелері лауазымына тағайындауға кандидатураларды ұсынады;»;
5) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «тексеру  комиссиясының төрағасы,» деген сөздер алып тасталсын;
6) 27-баптың 1-тармағының 1-3) тармақшасында «мәслихатқа» деген сөзден кейін «және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 31-баптың 1-тармағының 1-2) тармақшасында «мәслихатқа» деген сөзден кейін «және облыстың тексеру комиссиясына» деген сөздермен толықтырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Тексеру комиссияларын құру және олардың                    қызметін ұйымдастыру
25-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,                  астананың тексеру комиссиялары. Құрылуы және құрамы
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың  тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін  облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады және  мемлекеттік органдар болып табылады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихатына тікелей есеп береді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының құрылымын тексеру комиссиясының төрағасы, тексеру комиссиясының төрт мүшесі және тексеру комиссиясының аппараты құрады.
5. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаты бес  жыл мерзімге тексеру комиссиясының төрағасын және төрт мүшесін  тағайындайды.
Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімі және көрсетілген салаларда кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
Біліктілік талаптардың сақталуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына мәслихат депутаттарының арасынан тағайындалған жағдайда, оның мәслихат депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
25-2-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы                  мүшелерінің өкілеттіктері
1. Тексеру комиссиясының төрағасы:
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
2) тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді;
3) тексеру комиссиясының лауазымды адамдары арасындағы міндеттерді бөледі;
4) тексеру комиссиясы мүшелерінің және тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
5) бекітілген штат саны және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
6) тиісті мәслихаттың қарауына тағайындалуы, сондай-ақ босатылуы кезінде тексеру комиссиялары мүшелерінің кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қоспағанда, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті беру тексеру комиссиясы мүшелерінің біреуіне жүктелуі мүмкін.
2. Тексеру комиссиясының мүшелері:
1) тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) заңдарда көзделген жауаптылықта болады.
3. Тексеру комиссиясы төрағасының немесе тексеру комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін оны тағайындаған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
4. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын қызметкерлерден тұрады.
Тексеру комиссиясының аппараты тексеру комиссиясының қызметін, бақылау іс-шараларын жүргізуді, ақпараттық-талдау, құқықтық, консультациялық, ұйымдастыру және тексеру комиссиясының қызметін өзге де қамсыздандыруды қамтамасыз етеді.
5. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтуге міндетті, оның нәтижелері бойынша біліктілікті растау туралы сертификат беріледі.
Кейіннен сертификаттай отырып, біліктілікті арттыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
25-3-бап. Тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың  тексеру комиссияларының қызметі тек ғана облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тексеру комиссияларының бақылау қызметін жоспарлау тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың  тексеру комиссиясы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау  және бекіту үшін:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылғы 20 мамырға дейін;
тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылғы 20 сәуірге дейін жібереді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тексеру комиссиялары тоқсанына бір рет кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне бере отырып, есепті қалыптастыру үшін жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпаратты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне береді.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен, сондай-ақ есепті жылы олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына енетін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін қамтуы тиіс.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тексеру комиссияларының қызметін қаржыландыру облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тексеру комиссияларының қаржылық қызметін бақылауды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
6. Тексеру комиссиясының өкілеттіктері мен жұмыс тәртібі ережемен және регламентпен айқындалады.
Тексеру комиссиясы туралы ережені тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаты бекітеді. Тексеру комиссиясының регламентін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссиясы бекітеді.».
4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат, № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат):
10-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «мәслихаттардың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
     Президенті