"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 121 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1534
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.10.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгiзілсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 121 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ЕРЕЖЕСІ Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Мәтiнi бойынша "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) қаржылық және баланстарда көрсетiлмеген басқа да мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi уақтылы алу мен баға беру мақсатында әзiрленген, уәкiлеттi органның тиiстi тiзiлiмдерiн жүргiзу және сақтандыру ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды (бұдан әрi - бiрлескен қызмет туралы шарт) тiркеу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттары мен басқа да мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қосымша мiндеттемелер туралы шарт) және бiрлескен қызмет туралы шарттарды жасау, орындау және тоқтату негiздемелерi мен талаптары заңнамамен реттеледi.
3. Уәкiлеттi орган:
1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн;
2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн;
3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
4. Қосымша мiндеттемелер туралы шарттарды (бiрлескен қызмет туралы шарттарды), оның ішiнде уәкiлеттi органға тiркеу үшiн құжаттарды уақтылы ұсынбауынан енгiзбеу (тiркеу туралы деректердiң болмауы) осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға негiздеме болып табылмайды.
5. Уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының тiзiлiмге енгiзiлетiн немесе осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркелген шарттарды орындауына жауап бермейдi.
6.
7.
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6,7,8-тармақтар алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
2. Тiзiлiмге енгiзу тәртiбi
9. Сақтандыру ұйымы қосымша мiндеттемелер туралы шартты жасағаннан кейiн бес күнтізбелік күн ішінде уәкiлеттi органды мәмiленiң жасалғандығы туралы хабардар етедi және тиiстi шарттардың көшiрмелерiн тiзiлiмге енгiзу үшiн ұсынады.
Сақтандыру ұйымы бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу үшiн ол жасалған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға хабарландыруды, шарттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
Уәкiлеттi органның стратегия және талдау бөлiмшесi басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылған бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiсi шарт түпнұсқасының соңғы бетiне қойылады әрi ол осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ресiмделiп, сақтандыру ұйымына қайтарылады.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 24.05.2004 № 147, өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 111, 29 (20.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).10.2010 № 162 Қаулыларымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2010 № 162 Қаулысымен (15.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
11.
12.
13. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11, 12, 13-тармақтар алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 24.05.2004 № 147 қаулысымен. (20.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қосымша мiндеттемелер немесе бiрлескен қызмет туралы шарттар жөнiндегi ақпарат уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тiзiлiмге енгiзiледi.
14-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 24.05.2004 № 147, өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2010 № 162 Қаулыларымен (20.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
15. Сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкi кепiл шарттарының тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
1) кепiл берушi болып табылатын сақтандыру ұйымының атауы;
2) кепiл шартының күшiне енгізiлген күнi;
3) кепiл шартының нөмiрi;
4) кепiлдiң мәнi;
5) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi кепiлмен қамтамасыз етiлсе);
6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мөлшерi;
7) кепiл шартының қолданылу мерзiмi;
8) кепiл ұстаушының атауы;
9) шарттың тiзілiмге енгізілген күні;
10) кепiл шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.
16. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
1) сақтандыру ұйымының атауы;
2) кепiлдiк (кепiлдеме) немесе басқа да мiндеттеме берiлген және оның күшіне енгiзiлген күні;
3) шарттың (немесе қабылданған мiндеттемелер туралы құжаттың) нөмiрi;
4) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi қамтамасыз етiлсе);
5) кепiлдiктiң (кепiлдеменiң) немесе сақтандыру ұйымындағы басқа да мiндеттемелердiң мөлшерi;
6) шарттың қолданылу мерзiмi;
7) кредитордың атауы;
8) шарттың тiзiлiмге енгiзiлген күнi;
9) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.
17. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
18. Шарттарға өзгерiстер мен толықтыруларды тiзiлiмге енгiзу негiзгi шарт үшiн көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Шарттарды тiркеу тәртiбi
19. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
20. Сақтандыру ұйымының бiрлескен қызметi туралы шарттарды тiркеу тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
1) сақтандыру ұйымының атауы;
2) шарттың тараптары;
3) шарттың күшiне енгiзiлген күнi;
4) шарттың нөмiрi;
5) сақтандыру ұйымының шарт бойынша мiндеттемелерiнiң мөлшерi;
6) шарттың қолданылу мерзiмi;
7) уәкiлеттi органның тiркеу күнi;
8) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.
4. Қорытынды ережелер
21. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
22. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.
Төраға
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің тізілімін жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне N 1 қосымша
Уәкілетті мемлекеттік орган "___"_________200 _ж. N____
_______________________________________________________ шартын
(шарттың атауы)
"___"__________200__ж. N_____тізілімге енгізді (тіркеді)
____________________________________________________________
(қажеттінің астын сызып қойыңыз)
Уәкілетті мемлекеттік органның
аумақтық филиалының басшысы
(оның орынбасары)
___________________________
(Аты-жөні)
___________________________
(қолы)
"___"_____________200__ж.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің тізілімін жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне N 2 қосымша
________________200_жылы
Тізілімге енгізілген, сақтандыру ұйымының орналасқан жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық филиалы тіркеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттар жөніндегі ЕСЕП-ВЕДОМОСІ
___________________________________________________________________
N Сақтандыру Уәкілетті Баланста көрсетіл. Баланста көрсетіл. Заемшы.
р/с (қайта мемлекет. меген меншікті меген меншікті ның
сақтандыру) тік орган. мүліктің кепіл, мүліктің кепіл, атауы
ұйымының ның шартты кепілдік (кепіл. кепілдік (кепіл. (шарт
атауы тізілімге деме) шарттары. деме) шарттарының тарап.
енгізу ның және басқа және басқа міндет. тары)
(тіркеу) міндеттемелердің темелердің және
күні мен бірлескен қызмет бірлескен қызмет
номері туралы шарттардың туралы шарттардың
жасалған (берілген) қолданылу мерзімі.
күні мен номері нің аяқталуы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтығы:
Таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
Заемшы Креди. Кепілдік. Кепілдік. Кепілдік Шартқа Пайдаланған
Банкінің тордың тің және тің және беру (және өзге. кепілдіктің
атауы атауы басқа басқа басқа рістер (және басқа
(шарт міндетте. міндетте. міндетте. енгізу міндеттеме.
тарап. мелердің мелердің мелердің) жөніндегі лердің)
тары) теңгемен шетел валютасы белгі сомасы
сомасы валютасы
мен
сомасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
филиалының басшысы (оның орынбасары) ____________ (қолы)
Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
филиалының бас бухгалтері ____________ (қолы)
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiне қосымша
Қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
"___" _________ 200___ж. N ______ ________________________________
___________________________________________________________ шартын
(шарттың атауы)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi "___" ____________ 200___ж.
N тiркедi.
Уәкiлеттi органның стратегия
және талдау бөлiмшесiнiң
басшысы (оның орынбасары)
___________________________
(Аты-жөнi)
___________________________
(Қолы)
"___" ____________ 200___ж.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.
Төраға
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |