• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 15.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 Қаулысы
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған: 
1) Кеңес туралы ереже; 
2) Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 31 қазандағы
 N 1087 қаулысымен
 бекiтілген Қазақстан Республикасының Yкiметi
 жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес туралы
 ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, " Ғылым туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, бiлiм, өндiрiс пен қаржы-кредит салаларын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
экологиялық қауiпсiздiк, табиғи апаттар туралы лер мен қысылтаяң жағдайларда құтқару проблемаларын шешу үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
ғарыш қызметiн дамыту үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiнде ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.
4. Кеңестiң функциялары: 
ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және ғарыш саймандарын жасауда оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 
ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиiмдi бағыттарын талдау және айқындау.
5. Кеңестiң: