Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 09.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы N 1899 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласында 2009 жылы 22 мамырда қол қойылған Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Президенттің Күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оны орындау жөніндегі құзыретті органдар болып табылатынын хабарласын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2010 № 417 Қаулысымен. (20.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, қылмыс оның барлық нысандарында жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін елеулі қауіп төндіретінін мойындай отырып, ақпарат алмасу саласында Тараптардың ынтымақтастығын дамыту ниетін басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттерін шешу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды одан әрі нығайту қажеттігін ескере отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мақсатында Тараптар сұрау салулар бойынша жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалистикалық және өзге де есептердегі, мұрағаттардағы мәліметтерді өтеусіз негізде ұсынады, сондай-ақ олардың қарамағындағы ғылыми-техникалық, ақпараттық-аналитикалық материалдармен және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілермен алмасуды жүзеге асырады.
2. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тараптар өздерінің құзыретті органдары арқылы ынтымақтасады. Құзыретті органдардың тізбесін әрбір Тарап айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы хабарламаны сақтауға тапсыру кезінде депозитарийге беріледі. Құзыретті органдар тізбесінің өзгерістері туралы әрбір Тарап бір ай ішінде депозитарийге жазбаша хабарлайды.
2-бап
1. Тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығы ақпарат жіберу және ақпарат ұсыну туралы сұрау салуларды (бұдан әрі - сұрау салу) орындау арқылы жүзеге асырылады.
2. Егер ақпарат осы Тарап үшін қызығушылық білдіреді деп ұйғаруға негіз болса, ол екінші Тарапқа бастамашылық тәртіппен берілуі мүмкін.
3. Сұрау салу жазбаша түрде жіберіледі. Кідіруге болмайтын жағдайларда сұрау салу кейіннен үш тәулік мерзімнен кешіктірілмей міндетті түрде жазбаша түрде растала отырып, ауызша берілуі мүмкін. Бұл ретте ақпарат берудің техникалық құралдары пайдаланылуы мүмкін. Сұрау салудың түпнұсқалығына немесе мазмұнына күмән туындаған жағдайда оны қосымша растау сұратылуы мүмкін.
Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұратуға құқылы. Сұрау салуда:
а) сұрау салушы және сұрау салынатын Тараптардың құзыретті органдарының атаулары;
б) сұрау салудың мақсаты мен негіздемесі;
в) сұрау салуды орындаудың күтілетін мерзімдері;
г) сұрау салуды орындау үшін пайдалы болуы мүмкін өзге де мәліметтер көрсетіледі.
4. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органының ресми бланкісінде жіберілген немесе жазбаша түрде расталған сұрау салуға басшы немесе оның орнындағы адам қол қоюы және осы органның елтаңбалы мөрімен куәландырылуға тиіс.
5. Егер сұрау салушы Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындау қажет емес деп тапса, онда осы орган сұрау салынатын Тараптың құзыретті органына бұл туралы дереу хабарлайды.
3-бап
1. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды толық, уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Сұрау салуды орындау тәртібі, көлемі және мерзімдері сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасымен айқындалады.
2. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындауға кедергі келтіретін немесе кешіктіретін мән-жайлар туралы дереу хабарланады.
3. Егер сұрау салуды орындау сұрау салуды алған органның құзыретіне жатпаса, онда ол органның өкілеттіктері болған жағдайда, оны сұрау салынатын Тараптың тиісті құзыретті органына береді және бұл туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
4-бап
1. Егер сұрау салушы Тараптың құзыретті органы сұрау салудың мазмұнын жариялау қажет емес деп есептесе, Тараптардың әрқайсысының құзыретті органы алынған мәліметтердің, оның ішінде сұрау салуды алу фактісі мен мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз етеді.
2. Сұрау салуды орындау кезінде құпиялылықты сақтау мүмкін болмаған жағдайда бұл туралы сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды осындай жағдайларда орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін сұрау салушы Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
5-бап
1. Сұрау салуды орындау нәтижелері оларды ұсынған сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының келісімінсіз олар сұрау салынғаннан және ұсынылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланыла алмайды.
2. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындау нәтижелерін өзге мақсаттарда сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының жазбаша келісімімен ғана пайдалана алады. Мұндай жағдайларда сұрау салушы Тараптың құзыретті органы сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы белгілеген сұрау салу нәтижелерін пайдалану шектеулерін сақтайды.
6-бап
Осы Келісімнің негізінде бір Тараптың құзыретті органы алған мәліметтерді үшінші Тарапқа беру үшін осы мәліметтерді ұсынған екінші Тараптың құзыретті органының алдын ала жазбаша келісімі қажет етіледі.
7-бап
1. Егер сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындау оның мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне зиян келтіруі не болмаса ұлттық заңнамасына және (немесе) халықаралық міндеттемелерге қайшы келуі, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкін деп ұйғарса, көмек көрсетуден толық немесе ішінара бас тартылуы мүмкін.
2. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы бас тартудың негізделген себептерін корсете отырып, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тарту туралы дереу жазбаша хабарландырылады.
8-бап
1. Орталықтандырылған жедел-анықтамалық, криминалистикалық және іздестіру есептерінің, сондай-ақ статистикалық және мұрағаттық ақпараттың барлық жиыны Мемлекетаралық ақпараттық банкте (бұдан әрі - МАБ) жинақталады, оны ұстаушы Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі болып табылады.
2. Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі:
а) Тараптардың құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша МАБ-та бар ақпаратты, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі қылмыстылықтың жай-күйі мен қылмыстарды тергеу нәтижелері туралы статистикалық мәліметтерді өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз етеді;
б) қолда бар мүмкіндіктер мен өкілеттіктерді ескере отырып, Тараптардың құзыретті органдарының келісімі бойынша МАБ-қа бастапқы ақпараттың көлемін, құрылымын, нысандары мен беру тәсілдерін белгілейді;
в) Тараптардың құзыретті органдарына орталық мұрағатта сақталатын ретроспективті ақпараттың тізбесі туралы хабарлайды;
г) іздестіру есептерінің көмегімен Тараптардың құзыретті органдары мемлекетаралық іздестіру жариялаған адамдарды іздестіру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
д) компьютерлендіру, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру, деректерді берудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру саласында Тараптардың құзыретті органдарымен ынтымақтасады және көмек көрсетеді;
е) Тараптардың құзыретті органдарының МАБ-ты толықтыруын қамтамасыз ету, ұсынылатын ақпараттың мерзімдерін, толықтығын және шынайылығын сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
ж) осы ақпараттық банктегі өңделетін, берілетін және сақталатын ақпаратты сыртқы әр түрлі қол сұғушылықтардан қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |