1. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Отправить по почте
Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 шiлде 1993 ж. N 636
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (26.09.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 қаулысының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорлар басқарушыларының қызметiне лицензия беру және лицензиялардың күшiн тоқтату және қайтарып алу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Дуберман Ю.Е. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары, комиссияның төрағасы
Құттыбаева К.С. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Махмутова Н.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның жауапты хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Каирова В.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң макроэкономикалық көрсеткiштер және халық шаруашылығын талдау жөнiндегi жетекшi басқармасының бастығы
Анцифиров В. Т. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi ұйымдық-әдiстемелiк басқармасының бастығы
Жанғабаев К. А. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң монополияға қарсы саясат меншiгi бөлiмiнiң бастығы
Ивченко Е. А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
Бағалы қағаздар басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша)
Қадырбеков Б. А. - Қазақстан Республикасы монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары
Мұқашев Е. Д. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң экономикалық кеңесшiлер тобының жетекшiсi
Говоров А.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жаңа экономикалық құрылымдардың жетекшi басқармасының бастығы
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiн Комиссия қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс органы ретiнде белгiлеу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |