1. Былай болып белгiленсiн:
Отправить по почте
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 20 наурыз N 1610. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.18. N 2367 жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты қаулы етемiн:
1. Былай болып белгiленсiн:
- бағалы қағаздар, атап айтқанда: еңбек ұжымының акцияларынан, 1992 жылғы КСРО мемлекеттiк iшкi заемның облигацияларынан, КСРО мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелерiнен, КСРО Жинақ банкiнiң сертификаттарынан, Қазақстан Республикасының Үкiметi шығаратын бағалы қағаздардан басқа түрлерiне, айналым шарттары мен номиналына қарамастан акциялар /акциялар сертификаттары/, облигациялар, вексельдер сатып алу-сату және оларды құрылтайшылары арасында орналастыру жөнiндегi операциялар салық салу объектiлерi болып табылады;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық мынадай жағдайларда салынады:
- эмитенттен - бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiсiн тiркегенде - эмиссияның номинал құнының 0,5 процентi мөлшерiнде:
- мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлесiн жасағанда - әрбiр 10 теңгеден 1 тиын мөлшерiнде;
- бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлесiн жасағанда - әрбiр 10 теңгеден 3 тиын мөлшерiнде;
- бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлесiн жасағанда олар тiркелгеннен кейiн салық әрбiр мәміледен ақы түрiнде бағалы қағаздарды сатып алушылардан ғана алынады;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық клиенттiң есебiнен және оның тапсыруы бойынша бағалы қағаздармен сауда жасайтын делдалдық мекемелерге ғана салынбайды;
- биржалық және биржадан тыс нарықта делдалдық мекемелер арқылы мәмілелер жасағанда бағалы қағаздар сатып алушылар бiр мезгiлде бағалы қағаздар сатып алу-сату шартын ресiмдей отырып, қор биржаларының есеп айырысу бөлiмдерiнiң, тауар және өзге де биржалардың қор бөлiмдерiнiң, делдалдық фирмалардың шоттарына салық төлейдi;
- бағалы қағаздар сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелер тiкелей сатушылар мен алармандар арасында ресiмделгенде салықты соңғылары салықтың бюджетке дер кезiнде және толық төленуi үшiн жауапкершiлiк жүктелген сатушылардың шоттарына төлейдi;
- салық төлемгерлерi тоқсанына бiр рет салық органдарына пайдаға салынатын салық бойынша тоқсандық баланстарды беру үшiн көзделген мерзiмде салық сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.
2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тиiстi Заң қабылданғанға дейiн қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн. 4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |