Toggle Dropdown
Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2194.
Редакция 16.03.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылаудың тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-ның, облыстар ІІББ-ІІБ-ның бастықтары:
1) жол полициясы қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын;
3) көлік құралдарының иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Нұсқаулықтың талаптары туралы хабардар ету жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1329 қаулысының "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" талаптарына сәйкес автокөлік құралдарын жарыққа шағылысатын материалмен кезең-кезеңмен таңбалау мерзімдерінің сақталуына бақылау орнатылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И.Оттаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н.Өмірзақов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2003 жылғы 13 ақпандағы
N 87 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын
бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің (бұдан әрі - жол полициясы) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде көлік құралдарының және оларға тіркемелердің (бұдан әрі - көлік құралдары) конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды.
Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
көлік құралы конструкциясының өзгеруі - жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін нақты көлік құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөліктерді және жабдықтардың заттарын алып тастау немесе конструкциямен көзделмегендерді орнату;
көлік құралдарының конструкциясын бақылау - көлік құралдарының конструкциясы мен оларды қосымша жабдықтау заттарының нормативтік-құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау - көлік құралдары мен оларды қосымша жабдықтау заттары техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
сәйкестік сертификаты - сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелері бойынша берілген, лайықты түрде бірегейлендірілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет көрсету техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндігі туралы қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігін көрсететін құжат.
2. Жол полициясының көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне және осы Нұсқаулыққа негізделеді.
3. Жол полициясының көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі негізгі міндеттері:
1) көлік құралдары мен олардың қосымша жабдықтарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келмеуінен пайда болатын жол-көлік оқиғалары зардаптарының алдын алу және ауырлығын төмендету;
2) көлік құралдарын пайдалануға байланысты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
4. Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі негізгі міндеттерді орындауды:
1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - тіркеу қызметі);
2) көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқау (бұдан әрі - техникалық байқау);
3) жол қозғалысын қадағалау;
4) заңды тұлғалардың жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексеру (бұдан әрі - заңды тұлғаларды тексерулер);
5) көлік құралдарын дайындауға (құрастыруға) арналған жобалау-техникалық құжаттамаларды келісу;
6) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді келісу;
7) көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдаулық сынақтан өткізу;
8) көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат ету кезінде жол полициясы жүзеге асырады.
5. Халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын дипломаттық, консулдық және өзге де өкілдіктерді, сондай-ақ бұл өкілдіктердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясы
мен техникалық жағдайын бақылау
6. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау:
1) көлік құралдарына арналған тиісті құжаттарды тексеру;
2) көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
3) бақылаудың нәтижелерін ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.
7. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау кезінде тексеруге жататын құжаттардың тізбесі, сондай-ақ бақылаудың нәтижелерін ресімдеудің тәртібі Қазақстан Республикасындағы Жол қозғалысының ережелерімен, Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеудің ережелерімен, Көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің ережелерімен және басқа да нормативтік құқықтық кесімдермен айқындалады.
8. Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру көлік құралдарын байқау жолымен жүзеге асырылады.
9. Көлік құралдарын байқау кезінде көлік құралының маркасының, үлгісінің, модификациясының, түрінің, шыққан жылының, бірегейлендіру нөмірлерінің (VIN) (егер оны дайындаушы ұйым берген болса) шассиінің (рамасының), кузовының (коляскасының, тіркемесінің), двигателінің бірегейлендіру (реттік өндірістік) нөмірлерінің, мемлекеттік тіркеу белгісінің көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен сәйкестігі анықталады.
10. Байқау кезінде нақты көлік құралы конструкциясының ерекшеліктеріне (кузовының, двигателінің түріне, арнаулы шешіп алынбайтын жабдықтардың болуына, жолаушылар отырғыштарының, жағармай бактарының саны мен орналасуына және басқаларға) ерекше назар аударылады, сондай-ақ:
көлік құралдарының бүйір және арт жағының контурларын жарыққа шағылысатын материалдармен маркировкалау;
көлік құралдарын арнаулы жарықтық және дыбыстық белгі беру құралдарымен жабдықтау;
оларсыз көлік құралдарын пайдалануға тиым салынатын қосымша жабдықтау бұйымдарымен жарақтандыру жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдер талаптарының сақталуы тексеріледі.
11. Тіркелген көлік құралында тіркеу құжаттарына енгізуге жататын және енгізілмеген өзгерістер анықталған жағдайда мұндай көлік құралын басқаратын адамдарға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайы және оларды пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қолданылады.
12. Көлік құралы, оның нөмірлі агрегаттары және ұсынылатын құжаттар түпнұсқалылығына техникалық құралдарды пайдалану арқылы және арнаулы есеп жүргізілуі тиісті автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін пайдалану арқылы тексеріледі.