• Мое избранное
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 4-4/61 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 қарашадағы
 № 1396 қаулысымен
 бекітілген
Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік
 сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырмашылық (саудалық) атауы – аталған пестицид (улы химикат) тiркелетiн, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді басқа пестицидтерден (улы химикаттардан) айрықша ету мақсатында оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
2) арнайы техника – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) әрекет етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әрекет етуге әкелетін пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық белсенді бөлiгi;
4) жалпы қабылданған атау – пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етушi затына стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым берген немесе техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр әрекет етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылдаған атау;
5) зиян тигiзудiң экономикалық шегi (бұдан әрі – ЗЭШ) – одан төмен болғанда қорғау іс-шараларын жүргізу экономикалық тұрғыдан ақталмайтын өсімдік зиянкестері, аурулары және арамшөптер санының деңгейі;
6) зиянды организмдер –  топыраққа, өсiмдiктерге және ауыл шаруашылығы өнiмiне керi әрекет ететiн өсiмдiк зиянкестері, арамшөптері және аурулары;
7) қайта тiркеу – пестицидтi (улы химикатты) тiркеу куәлiгінiң қолданылу мерзiмi өткен соң қосымша сынақтар жүргiзбестен қайтадан мемлекеттік тiркеу;
8) қатер – нақты қолдану жағдайындағы пестицидтiң (улы химикаттың) ықтимал қауiптiлiк дәрежесi;
9) құрамдастырылған пестицид (улы химикат) – құрамында екi және одан да көп әрекет етушi зат бар препарат;
10) қысқаша досье – пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық, физикалық-химиялық және уытты қасиеттері туралы мәліметтер;
11) орындаушы ұйым – пестицидтердің (улы химикаттардың) биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiктерiн бағалауды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдар, сондай-ақ оларды қолданудың экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiгiн бағалауды, пестицидтерді (улы химикаттарды) бақылау әдістерін әзірлеуді, бейiмдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерiн зерттеуді жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;
12) өсiп-өну кезеңi (өсiп-өну маусымы) – нақты ауыл шаруашылығы дақылын еккеннен бастап оның пiсуіне дейiнгi кезең;
13) пайдалану (қолдану) регламентi – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
14) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу – нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына  сәйкес жеке және заңды тұлғаларға препараттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берілетін, оларды биологиялық, токсикологиялық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм;
15) пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтары – тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды пайдалану (қолдану) регламенттерiн өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу;
16) пестицидтерді (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалау – сыналып жатқан пестицидтерді (улы химикаттарды) қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімдегі, қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшері және оның бекітілген нормативтерге сәйкестігі) бойынша бағалау;
17) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтары – пестицидтердiң (улы химикаттардың) биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгiн, олардың адам мен қоршаған табиғи орта үшін қаупiн зерделеудің және оларды қолдану регламенттерін әзірлеудің регламенттелген жүйесi;
18) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi – оның көмегiмен адам мен жануарлар үшін пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiпсіздігі бағаланатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі олардың құрамының сандық көрсеткіші;
19) пестицидтер (улы химикаттар) тізілімі – пестицидтің (улы химикаттың) саудалық атауы, тiркелушi (өтінім беруші), әрекет етуші затты өндіруші, мемлекеттік тіркеу нөмірі, мемлекеттік тіркеу немесе қайта тiркеу күні және оның аяқталуы көрсетілген, тіркелген пестицидтердің (улы химикаттардың) есеп журналы;
20) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi – пестицидтiң (улы химикаттың) саудалық атауы, тiркелушi (өтінім беруші), әрекет етуші затты өндіруші, пестицидтердi (улы химикаттарды) пайдалану (қолдану) регламенттері және мемлекеттік тіркеуді аяқтау күні көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген, тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi;
21) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне толықтырулар – жыл сайын қосымша тіркелетін және бекітілген пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне қосылатын пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесі;
22) пестицидтің (улы химикаттың) шығыс нормасы – өңделетiн аудан бірлігіне пестицид (улы химикат) массасы (гектарға/тоннаға/м2 -ге килограмм немесе литр);
23) пестицид (улы химикат) қауiптiлiгi – пестицидтің (улы химикаттың) адамға және қоршаған ортаға қолайсыз әрекет ету мүмкiндiгi;
24) пестицидті (улы химикатты) қолданудың биологиялық тиiмдiлiгі – зиянды организмдердің қырылу немесе санының азаюы көрсеткіштерімен немесе қорғалатын өсімдіктердің зақымдану дәрежесімен көрсетілетін пестицидті (улы химикатты) қолдану нәтижесі;
25) препараттық нысан – пестицидтің (улы химикаттың) физикалық-химиялық қасиеттерiне, уыттылығына, арналуына және қолдану тәсiлiне қарай (эмульсия концентраты, суспензиялы концентрат, түйiршiктер, паста, микрокапсулаланған суспензия, дымқылданатын ұнтақ және (немесе) басқа да нысандар) оны қолдану нысаны;
26) талдамалық стандарт – пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының химиялық таза үлгісі;
27) тәжiрибелік үлгi – тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге жеткiлiктi мөлшердегі, оларға арналған пестицид (улы химикат);
28) тiркелушi (өтінім беруші) – пестицидтi (улы химикатты) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргізуге және мемлекеттiк тiркеуге өтiнiм берген, тiркеу процесiн өткен және пестицидке (улы химикатқа) тiркеу куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға немесе осы тұлғаның белгіленген тәртіппен расталған сенімхаты бар өкілі;
29) тiркеу куәлiгі – пестицидтi (улы химикатты) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын растайтын құжат;
30) тiркеу процесi – пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі;
31) тiркеу досьесі – пестицидті (улы химикатты) тіркеуге ұсынатын және оның тиiмдiлігiн, қауіпсіздігін және сапасын растайтын деректер бар құжаттар жиынтығы;
32) шаруашылық тиімділігі – сақталған ауыл шаруашылығы өнімінің сан және сапа көрсеткіштерімен көрсетілген пестицидтi (улы химикатты) дала жағдайында қолдану нәтижесі;
33) эталондық пестицид (улы химикат) – фитосанитариялық қолдану және химиялық тобы бойынша сыналып жатқан пестицидке (улы химикатқа) ұқсас тiркелген және өндiрiсте пайдаланылатын пестицид (улы химикат).        3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі мыналарды:
1) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндірістік сынақтарын жүргiзуге өтінімдер қабылдауды;
2) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын ұйымдастыруды;
3) орындаушы ұйымдардың пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргізуін;
4) орындаушы ұйымдардың пестицидтердi (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалауды жүргізуін;
5) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу және өндiрiстiк сынақтар, сондай-ақ токсикологиялық бағалау нәтижелері туралы есептерді қарастыруды;