• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 13.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығы       
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың тұрақтылығын және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                        Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2010 жылғы 12 маусымдағы
 № 994 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы  нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан  Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы   секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді  жүзеге асыру үшін құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңес мүшелері өз функцияларын өтеусіз негізде жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына және жүйелік тәуекелдерді барынша азайтуға бағдарланған макропруденциалдық реттеуді іске асыруға жәрдемдесу және ұсыныстар тұжырымдау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
6. Кеңестің функциялары:
1) реттеуші мониторинг деректерінің негізінде қаржылық тұрақтылық үшін жүйелік тәуекелдер бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі тәсілдерді тұжырымдау;
3) жүйелік тәуекелдерді барынша азайту және қаржылық тұрақтылыққа қатердің алдын алу мақсатында қаржы секторын реттеудің стратегиясы мен қағидаттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау, оның ішінде жүйелік тәуекелдерді пруденциалдық, реттеудің негізгі секторалды қағидаттары мен тәсілдері және мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың ұсыныстары негізінде тиісті нормативтерді қолдану жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау, макропруденциалдық реттеудің қағидаттарын, оның ішінде қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу шараларын қолдану жөніндегі ұсынымдар арқылы айқындау, жүйе құрайтын қаржы институттарын реттеудің қағидаттарын айқындау;
4) қаржылық тұрақтылыққа қолдауға бағытталған реттеуші және ынталандырушы шараларды қолдану жөніндегі ұсынымдарды дайындау, оның ішінде экономиканың қаржы және жүйелік тәуекелдеріне ертерек ден қою шараларын жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және ұсынымдарды дайындау, дағдарысқа қарсы басқару шаралары және жүйелік тәуекелдерді материалдандырған жағдайда зиянды барынша азайту тетіктері бойынша ұсыныстарды қарау, жүйе құрайтын қаржы ұйымдарындағы проблемаларды реттеу жөніндегі ұсыныстарды қарау және шешімдерді дайындау болып табылады.
7. Өзінің міндеттері мен функцияларына сәйкес Кеңес:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының қызметімен үйлестіреді;