• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1670 Қаулысы

тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2010 № 1485 Қаулысымен (19.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 31.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2 -баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2),  3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.12.2010 № 1485 (19.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2010 № 1485 Қаулысымен (19.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 26 қазандағы
 N 1670 қаулысымен
 бекітілген
"Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.12.2010 № 1485 (19.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) ұсынады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы;
2) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 65-тармағы негізінде көрсетіледі.
1) Үкіметтің электрондық порталында;
2) электрондық Үкіметтің порталында;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);
4) ІІМ Жол полициясы комитетінің «Заңнама» бөлімінде (www.zholpolice.kz);
5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылады.
5. Мәліметі ІІМ ақпараттық жүйесіне енгізілетін сенім хат бойынша көлік құралын басқаратын адамды тіркеу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 сағаттан аспайды;
2) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 20 минуттан аспайды;
3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.