• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5089 болып енгізілді.

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есепке алу департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын; 
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т.Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк        
Төрағасы
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2007 жылғы 30 қарашадағы  
№134 қаулысымен     
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу нұсқаулығы
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.01.2009 № 3 Қаулысымен  (30.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 111 (26.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 194 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 03.10.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды.
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 252 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы №267 Қаулысымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 жылғы № 100 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұсқаулық өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 87 Қаулысымен (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына, қарыжылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, ислам банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның (бұдан әрі – банктер) және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.
2. Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 болып тіркелген) және «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 болып тіркелген) көзделген ұғымдар қолданылады.
3. Банктер жасайтын операциялардың бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістері қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау банктің есеп саясатында айқындалады.
5. Егер шарттық талаптарға сәйкес аллокирленбеген металл шоттарына орналастырылған аффинирленген бағалы металдар (IAS) 32 «Қаржы құралдары: ұсыну» халықаралық қаржылық есептілік стандартында айқындалған қаржы құралдарының анықтамасына сәйкес келген жағдайда, аллокирленбеген металл шоттарына орналастырылған аффинирленген бағалы металдармен операциялардың бухгалтерлік есебі (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жүргізіледі.
6. Банктің, ипотекалық ұйымның бухгалтерлік есеп жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде банкішілік транзиттік шоттарды пайдалануға және қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға рұқсат етіледі.
Шетел валютасының валюталық позициясы және контрқұны шоттарын пайдалана отырып, шетел валютасындағы операциялар сомасын көрсетуге рұқсат етіледі.
Сыйақы түріндегі кіріс пен шығыс (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі пайдаланыла отырып танылады.
2-тарау. Шетел валютасымен дилингтік операциялардың бухгалтерлік есебі
1-параграф. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілелерін мәміле жасау күні бойынша есепке алу
7. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесі жасалған күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
шетел валютасындағы талаптар сомасына және сатып алу бағамы бойынша теңгемен міндеттемелер сомасына:

Дт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

Кт

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер,

бір мезгілде шетел валютасының сатып алу бағамының есептік бағамнан айырмашылығы болған жағдайда туындайтын айырмаға мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
шетел валютасын сатып алу бағамы есептік бағамнан асып кеткен кезде:

Дт

5530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыс

Кт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар;

есептік бағам шетел валютасын сатып алу бағамынан асып кеткен кезде:

Дт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

Кт

4530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кіріс.

8. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесі банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағаланған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгеруінің теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

5703

Шетел валютасын қайта бағалаудан шығыс

Кт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар;

2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгеруінің оң бағамдық айырма сомасына:

Дт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

Кт

4703

Шетел валютасын қайта бағалаудан кіріс.

9. Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкес қайта бағалау жүргізілгеннен кейін шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесін валюталау күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) шетел валютасын сатып алу үшін аударылатын теңгемен сомаға:

Дт

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

Кт

1051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот


 

1052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;

2) сатып алынатын шетел валютасының сомасына:

Дт

1051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот


 

1052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар

Кт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар.

2-параграф. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілелерін есеп айырысу күні бойынша есепке алу
10. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесі жасалған күні шетел валютасындағы шартты талаптар сомасына және теңгемен шартты міндеттемелер сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

6405

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты талаптар

Кт

6905

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер.

11. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесі банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағаланған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгеруінің теріс бағамдық айырма сомасына:

Дт

5703

Шетел валютасын қайта бағалаудан шығыс

Кт

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер;

2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгеруінің оң бағамдық айырма сомасына:

Дт

1894

Спот операциялары бойынша талаптар

Кт

4703

Шетел валютасын қайта бағалаудан кіріс;

3) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң және теріс өзгеруі бойынша ең аз қалдық сомасына: