• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 17.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 591 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі және " 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруды жүргізсін.
2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқытудың күндізгі нысаны бойынша үшінші және келесі курстарда білім алатын баламалы "үздік" бағасы бар білім алушыларға қосымша білім беру гранттарын тағайындауды қамтамасыз етсін. 
2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.02.2009. № 177 Қаулысымен.
2-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға тағайындалған қосымша білім беру гранттарын орналастыруды жүргізсін. 
2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.02.2009. № 177 Қаулысымен.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
                                     Қазақстан Республикасы 
                                            Үкіметінің 
                                     2008 жылғы 18 маусымдағы 
                                         N 591 қаулысымен                                                      бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
 
Мамандықтар тобының
атауы
Мемлекеттік
білім беру
Оқу жылы ішінде
1 маманды оқытуға
жұмсалатын орташа
шығыстар (мың
теңгемен)
күндізгі
оқыту
сырттай
оқыту
Барлығы 2105

Мәдениет және өнер
мамандықтары
300 - 339,8
Экономика мамандықтары 90 - 235,8
Техникалық мамандықтар 500 - 205,9
Білім беру мамандықтары 85 - 156,5
Медициналық мамандықтар 500 - 183,7
Мұнай-газ ісі
мамандықтары
250 - 155,6
Энергетика мамандықтары 300 - 155,6
Білім беру мамандықтары 80 - 535,0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы