Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 916 қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 916 қаулысымен бекiтілген
Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi
1. Негізгi ережелер
1. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық кезеңге арналған көлемiн айқындау, олардың әрбiр үш жыл сайын өзгеруi Жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесiнiң (бұдан әрi - Әдiстеме) негiзiнде жасалады.
2. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады.
Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде берiлетiн ресми трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте, бекiтiлген сомалар шегiнде берiлетiн ресми трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
3. Бюджет кодексiне сәйкес жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi абсолюттік түрде жылдар бойынша бөлiне отырып үш жылдық кезеңге белгiленедi және әрбiр үш жылда өзгертiлуге жатады.
2. Жергiлiктi бюджеттер кiрiстерiнiң болжамды көлемдерiн айқындау
4. Жергiлiктi бюджеттер кiрiстерiнiң болжамды көлемдерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiне сәйкес және:
1) түсiмдердi бюджеттер деңгейлерi арасында бөлу;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясат;
3) республиканың немесе өңiрдiң Әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары;
4) облыстық өкiлдi органның шешiмiне сәйкес кiрiстердi облыстық бюджеттер мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң арасында бөлу нормативтерi;
5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi бюджетке есепке алудың тәртiбi мен шарттарын реттейтiн заңнамасының, оның iшiнде жоспарланып отырған кезеңде енгізiлетiн және жергілiктi бюджеттер түсiмдерiнiң қысқаруын немесе ұлғаюын көздейтiн ережелер негiзiнде есептеледi.
3. Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерiн айқындау
5. Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi Бюджет кодексiне сәйкес олардың ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөлiнуiн, бюджеттiк қамтамасыз етiлудi ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстарды бөлу негiзiнде есептеледi.
Ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға жергілiктi бюджеттердiң жоспарланып отырған кезеңге арналған шығындарының көлемiн болжаудың есептi базасы ретiнде жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы жылғы жергiлiктi бюджеттер шығындарының бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар төмен тұрған бюджеттердiң деңгейлерiне қатысты айқындаған болжамды көлемдерi алынады.
6. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға шығындардың болжамды көлемiн айқындау кезiнде:
1) Қазақстан Республикасы заңдарының жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтiн және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізiлетiн ережелерi;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулыларының жергілiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтiн және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгiзiлетін ережелерi;
3) Республикалық бюджет комиссиясы шешiмдерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының бұрын қолданысқа енгiзiлген, бiрақ қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген ережелерi;
4) Орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес ағымдағы шығыстардың жоспарланып отырған кезеңдегі тұтыну бағаларының индексiне ұлғаюы;
5) мақсатты ағымдағы трансферттердің есебiнен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығындар;
6) ағымдағы шығындардың жалпы көлемiне пайыздық қатынаста айқындалатын күрделi жөндеуге және материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған шығындар ескеріледi.
7. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығындарының болжамды көлемiн айқындау кезiнде, сондай-ақ:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтiн және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетiн облыстық өкiлдi және атқарушы органдар шешiмдерiнiң ережелерi;
2) бұрын қолданысқа енгізiлген, бiрақ облыстық бюджет комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық өкiлдi және атқарушы органдар шешімдерiнiң ережелерi, ескерiледi.
8. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерiн есептеу кезiнде, осы Әдiстеменiң 6-тармағы 6) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғары тұрған бюджеттің мақсатты трансферттерiнiң есебiнен жүзеге асырылатын шығындар ескерiлмейдi.
9. Бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшiн көзделетiн қаражаттың жалпы болжамды көлемi алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды қаржыландырудың жалпы көлемiне пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліне отырып айқындалады.
10. Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемiнiң сомасы ретiнде айқындалады.
4. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерiн анықтау
11. Бюджет кодексiне сәйкес жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi тиiстi жергілiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығындарының болжамды көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Кiрiстердiң болжамды көлемi жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен асып түскен жағдайда жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алып қоюлар белгiленедi.
Шығындардың болжамды көлемi жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң болжамды көлемiнен асып түскен жағдайда жоғары тұрған бюджеттен жергіліктi бюджетке бюджет субвенциялары белгiленедi.
12. Бюджет кодексiне сәйкес, егер бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) жергiлiктi бюджетте бюджеттiк алып қоюлар мен субвенцияларды есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар көзделмесе, онда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi мөлшерге бюджеттiк субвенцияларды қысқарту немесе бюджеттiк алып қоюларды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды.
13. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн айқындау есебiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық (жергiлiкті) уәкiлеттi орган Республикалық (облыстық) бюджет комиссиясының қарауына алдағы үш жылдық кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау үшiн енгізеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |