Toggle Dropdown
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1333 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 қарашадағы
№ 1333 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі
Toggle Dropdown
2. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау бойынша штемпель-граверлік кәсіпорындарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары берген рұқсаттар бойынша заңды және жеке тұлғалар ашады.
Toggle Dropdown
3. Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
1) қарамағында штемпель-граверлік кәсіпорын бар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысы қол қойған, сақтау шарттары қысқаша сипатталған рұқсат берілгені туралы қолдаухат;
Toggle Dropdown
2) штемпель-граверлік өндіріске жауапты және жұмысқа рұқсаты бар адамға сауалнама;
Toggle Dropdown
3) қысқаша түсіндірме жазбасы бар штемпель-граверлік кәсіпорынның цехтары мен қызметтерінің орналасу, оның ішінде үй-жайдың техникалық нығайтылуы, күзет сигнализациясының болуы, өткізу режимінің жүзеге асырылуы, полиграфтық жабдықты, баспа машиналары үшін қаріп пен матрицаларды есепке алу және сақтау жағдайлары туралы жоспарды ұсынады.
Toggle Dropdown
4. Ішкі істер органдары:
Toggle Dropdown
1) заңды тұлғаның жүгінуі кезінде, оны қарау үшін олардан өзге де субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды не тексерілетін орынға шығуды талап етпегенде - күнтізбелік он бес күн;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның жүгінуі кезінде, оны қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алуды не тексерілетін орынға шығуды талап еткенде - күнтізбелік отыз күн ішінде рұқсат береді.
Toggle Dropdown
Штемпель-граверлік кәсіпорынның мекенжайы ауысқан, жауапты адамы ауысқан, өндіріс қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда штемпель-граверлік кәсіпорынның жұмыс істеуіне рұқсат берген ішкі істер органына бір тәулік ішінде хабарланады.
Toggle Dropdown
5. Егер осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса, рұқсат беруден бас тартылады.
Toggle Dropdown
6. Штемпель-граверлік кәсіпорындар жабдықтың, шикізаттың, штемпель-граверлік өндірістің дайын бұйымдарының сақталуын қамтамасыз ететін және өндірістік цехтарға бөгде адамдардың кіруіне мүмкіндік бермейтін күзетілетін, оқшауланған үй-жайларда орналасуы тиіс.
Toggle Dropdown
Жұмыс күні аяқталған соң өндірістік цехтар, қоймалар, тапсырыстарды қабылдауға және дайын бұйымдарды беруге арналған үй-жайлар жабылады және мөрленеді. Цокольдық және бірінші қабаттардың терезелері темір торлармен жабдықталады.
Toggle Dropdown
7. Штемпель-граверлік кәсіпорындар мөрлері мен мөртабандары қолдан жасаудан міндетті түрде қорғауға жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, азаматтардың қатынас қағазына немесе өтінішіне үлгілерді (эскиздерді) міндетті түрде қоса бере отырып, мекемелерден, кәсіпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан тапсырыстар қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Мөрлер мен мөртабандарды дайындау үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ал жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін куәландыратын құжат негіз болып табылады. Мөрлер мен мөртабандардың эскиздері таза және анық орындалуы тиіс. Түзетулер енгізілген мөрлер мен мөртабандардың эскиздері қабылданбайды.
Toggle Dropdown
9. Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға арналған тапсырыстар тапсырыстарды қабылдау және дайын бұйымдарды беру жөніндегі қызметкерге тапсырылады, қызметкерлер тапсырыс берушілер ұсынған құжаттарды мұқият тексереді. Қабылданған тапсырыстар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабында (бұдан әрі – Кітап) тіркеледі.
Toggle Dropdown
10. Цехтардан қабылданған дайын мөрлер мен мөртабандар Кітапта тіркеледі.
Toggle Dropdown
11. Дайындалған мөрлер мен мөртабандар тапсырыс берушілерге немесе тапсырыс берушілердің өкілдеріне жеке куәлігін ұсынған кезде сенімхат бойынша беріледі. Тапсырыс беруші немесе тапсырыс берушінің өкілі Кітапта қол қояды және жеке куәлігінің сериясын, нөмірін, кім және қашан бергенін көрсетеді. Содан кейін мөрлер мен мөртабандарды бақылау бедерін түсіру жүргізіледі.
Toggle Dropdown
12. Орындалған және тапсырылған тапсырыстарға жататын барлық құжаттар тапсырыстарды қабылдауға және дайын бұйымдарды беруге арналған үй-жайларда хронологиялық тәртіппен арнайы істе екі жыл бойы сақталады, содан кейін акт толтырыла отырып, ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен жойылады.
Toggle Dropdown
13. Дайындалған мөрлер мен мөртабандар штемпель-граверлік кәсіпорында темір жәшіктерде (шкафтарда) сақталады.
Toggle Dropdown
14. Ақауы бар мөрлер мен мөртабандар (өндірістік ақау) ақау анықталған күннен бастап бір апта мерзімде ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен комиссиялық түрде жойылады.
Toggle Dropdown
Каучуктан жасалған ақауы бар бұйымдар кішкентай бөліктерге бөлінеді немесе өртеп жіберіледі, металдан жасалған бұйымдар ішкі істер органдары қызметкерінің қатысуымен екі қиылысқан сызықпен арамен кесіледі. Ақаудың жойылғаны туралы жойылған мөрлер мен мөртабандардың үлгісімен бірге акт толтырылады, ол штемпель-граверлік кәсіпорында сақталады.
Toggle Dropdown
15. Тапсырыс беруші алмаған мөрлер мен мөртабандар дайындалған күннен бастап үш ай бойы сақталады, содан кейін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәртіппен жойылады.
Toggle Dropdown
1
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу
және олардың жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
___________________________________
Toggle Dropdown
№___ рұқсат түбіртегі 20 __ жылғы «____»_____________ ________________________________ (кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның тегі, ________________________________аты-жөні, мекенжайы және қызметтік немесе үй телефоны) ________________________________ (объект, заттардың, аппараттардың саны, сақтауға рұқсат етілетін ________________________________ жабдықтардың бірлігі көрсетіледі) ________________________________ ашу, жұмыс істеу, сақтау құқығына________________________________________________________ жауапты адамның тегі, аты-жөні, қызметтік телефоны, ________________________________ жауапты адам ретінде тағайындау туралы бұйрықтың №, күні ______дербес жауапкершілігімен берілді 20__ ж. «__»____ дейін жарамды. Бастық_________________________ (қолы)
Toggle Dropdown
Жабдықтар атауының саны көп болған жағдайда қосымша қоса беріледі, ол осы рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады. | №___ рұқсат 20 __ жылғы «____»_____________ _____________________________ (кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның _______________________________ тегі, аты-жөні, мекенжайы және қызметтік немесе үй телефоны) _____________________________ (объект, нәрселердің, аппараттардың саны, сақтауға рұқсат етілетін _____________________________ жабдықтардың бірлігі көрсетіледі) _____________________________ ашу, жұмыс істеу, сақтау құқығына _______________________________ жауапты адамның тегі, аты-жөні, қызметтік телефоны, _____________________________ жауапты адам ретінде тағайындау туралы бұйрықтың №, күні ___ дербес жауапкершілігімен берілді 20__ ж. «__»____ дейін жарамды. Бастық___________________ (қолы) Жабдықтар атауының саны көп болған жағдайда қосымша қоса беріледі, ол осы рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады. |
Toggle Dropdown
Штемпель-граверлік кәсіпорындарды
ашу және олардың жұмыс істеу
қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Мөрлер мен мөртабандарды дайындауға қабылданған тапсырыстар кітабы
Toggle Dropdown
Р/С № | Тапсырыстың қабылданған к ү ні | Тапсырыс беруші ұ йымны ң атауы | Б ұ йымдар саны | Тапсырысты орындау мерзімі | Дайын ө німді ал ғ аны туралы тапсырыс берушіні ң қолы, жеке куәлігіні ң , сенімхатты ң нөмірлері |
| | | м ө р | м ө ртабан | | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |