• Мое избранное
Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1356 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 122 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 қазандағы
 № 1356 қаулысымен
 бекітілген
Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
1. Жалпы ережелер
Қағидаларды қолдану саласы және тәртібі
1. Осы электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі талаптарды белгілейді.
2. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сумен жабдықтау жүйесінің жылу-күші, механикалық және су даярлау жабдықтарын, жылу автоматикасы мен өлшеу құрылғыларын, отын-көлік, қазандық, турбиналық және химиялық цехтарын, қолданыстағы және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, жылу желілерін, жылу пункттері мен жылу қазандықтарын пайдалану, жөндеу және сынау жұмыстарын атқаратын тұлғаларға арналған.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналмалы механизмдер – электр немесе өзге де жетектері бар сорғылар, желдеткіштер, түтін сорғыштар, диірмендер, қоректендіргіштер уатқыштар және т.б.;
2) әкімшілік-техникалық персонал – жабдықтарды пайдаланумен айналысатын және жөндеу қызметтерін көрсететін цехтар мен аудандардың басшылары, учаскелердің бастықтары, кәсіпорын зертханаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, инженерлері, техниктері, шеберлері;
3) биіктіктегі жұмыстар – жұмысшы жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемінің бетінен 1,3 метрден астам биіктікте және биіктігі бойынша деңгей айырмасының шегінен 2 метрден кем арақашықтықта болған кезде орындалатын жұмыстар;
4) бригада – жұмыс өндірушіні қоса алғанда, құрамында 2 немесе одан астам адамы бар бригада;
5) газ қауіпі бар орындар – жұмыс аймағы ауасының құрамында концентрацияның шекті нормасынан жоғары зиянды заттар болуы мүмкін немесе жарылу қаупі бар қоспа пайда болуы мүмкін үй-жайлар (құрылыстар, учаскелер және басқалары);
6) жабдықпен қызмет көрсету - жабдықты пайдалану, жөндеу және сынау, сондай-ақ оларды іске қосуды реттеу жұмыстары;
7) жарылғыш клапан – белгіленген қысымның артуы кезінде қазандықты тұтату элементтері, шаң жүйесінің бұзылуының алдын алу құрылғылары;
8) жедел-жөндеу персоналы – бекітілген көлемде оған жүктелген жабдықты пайдалану жөндеу қызметін көрсету үшін арнайы оқытылған және дайындалған персонал;
9) жер асты құрылыстары – жылу камералары, өткізу және жартылай өткізу арналары, коллекторлар және құдықтар;
10) жоғары өрмелеу жұмыстары – жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 5 метрден астам биіктіктегі жұмыстар, оларды орнатқанда, пайдаланғанда, жөндегенде, олар соның үстінде тікелей конструкцияларымен, жабдықтармен, машиналармен және механизмдермен өндірілетін жұмыстар. Бұл ретте биіктіктен құлаудан сақтайтын негізгі құрал сақтандыру белдігі болып табылады;
11) жөндеу персоналы – жылу механикалық жабдықтарын жөндеумен айналысатын инженерлер, техниктер, шеберлер, жұмысшылар;
12) жұмыс аймағы – жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болу орындары орналасқан еден немесе алаңның 2 метрге дейінгі деңгейінен биіктік кеңістігі;
13) жұмыс орны – еңбек қызметі үдерісінде жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орны;
14) жұмыс орнын дайындау – өшіру, босату, алшақтату, жуу, жабдықты желдету, оның жұмысқа қате қосылуын болдырмау, артық қысым және зиянды заттардың жоқтығын тексеру, қоршау, аталған жұмыс орнында жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік белгілерін ілу жөніндегі қажетті операциялар өндірісі;
15) жұмыс жетекшісі – наряд немесе өкім бойынша орындалатын жұмыс жетекшісі;
16) жұмыстарды өндіруші – наряд немесе нұсқау бойынша орындалатын жұмыстарды өндіруші;
17) жүк көтергіш машиналар – кранның барлық типтері, кран-экскаваторлар (арқанға ілінген ілгішпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар), жүк көтергіштер, жүк және адамдарды көтеруге арналған жүкарбалар;
18) жылу-механикалық жабдықтар – жылу күші, механикалық және су дайындау жабдықтары, сондай-ақ осы жабдықта орнатылған жылу автоматика мен жылу механикалық өлшеу жабдықтары;
19) кезекші персонал – ауысымдағы кезекшілікте болатын және жабдықты жедел басқару мен жедел ауыстыруға жіберілген тұлғалар;
20) рұқсаттама – жұмыс орнын дайындау дұрыстығын, жұмыс өндірісі үшін қажетті қабылданған қауіпсіздік шараларының жеткілікті болуы мен олардың наряд немесе өкім бойынша жұмыс орнына сәйкестігін қамтамасыз ететін іс - шара;
21) қайта рұқсаттама беру: осы наряд бойынша бұрын жұмыс өндірілген жұмыс орнына рұқсаттама беру;
22) қауіпті жүктер – нәтижесінде жүк тиеу және түсіру жұмыстарын тасымалдау мен сақтау кезінде жарылыс, өрт немесе көлік құралдарына, қоймалар, құрылғылар, ғимараттар мен құрылыстарға қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың өліміне, жарақаттану, улану, күйіп қалу, сәулелену немесе ауруға душар болуына әкелетін бұйымдар мен заттар;
23) наряд – жұмыс өндіруге наряд-рұқсаттама;
24) өндірістік үй-жай – өндірісті ұйымдастыру, бақылау және басқаруда өндірістің бірнеше түрлерінің қатысуымен, сондай-ақ көлік, байланыс және басқа да кәсіпорындарда еңбектің өндірістен тыс түрлерінің қатысуымен байланысты адамдардың еңбек қызметі тұрақты (ауысым бойынша) немесе мерзімді (жұмыс күні ішінде) жүзеге асырылатын арнайы арналған ғимараттар мен құрылыстардағы жабық кеңістік;
25) сақтандыру клапаны – қазандықтағы, сауыттағы немесе құбырдағы белгіленгеннен қысымның артық артуының алдын алу құрылғысы;
26) тұрақты жұмыс орны – жұмысшының жұмыс уақытының көп бөлігін өткізетін орын (2 сағаттан астам уақыт үзіліссіз 50 %-ға немесе одан жоғары). Егер жұмыс аймағының әртүрлі пункттерінде жүзеге асырылатын болса, барлық жұмыс аймағы тұрақты жұмыс орны болып есептеледі.
Персоналға қойылатын талаптар
4. Электр станциялары мен жылу желілерінің негізгі цехтарының жабдықтарымен қызмет көрсетуші тұлғалардың және арнайы жұмысты орындауға рұқсат берілген тұлғалардың білімдерінің тексерілгендігі туралы біліктілік куәлігінде жазылады.
5. Арнайы жұмыстар ретінде мыналар есептеледі:
1) жоғары өрмелеу;
2) қысыммен жұмыс істейтін сауытпен қызмет көрсету;
3) отты және газ қауіпті;
4) сынаппен жұмыстар;
5) электр, пневмо-жемірлеу құралдармен жұмыстар;
6) шылбырлы;
7) еденнен басқарылатын жүк көтергіш механизмдермен жұмыстар;
8) авто-және электрлі көтергіштерді қолдана отырып, жүктерді тасымалдау;