• Мое избранное
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері
Внимание! Документ утратил силу с 12.04.2007 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 667

Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналардың күшін жойды деп танылсын: 1)"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" ҚР Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 3 бұйрығы
 2).......(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 667 болып тіркелген)
: Мәтіндегі "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің", "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі", "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінде" және "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігіне" сөздер тиісінше "Тіркеу қызметі комитетінің", "Тіркеу қызметі комитеті", "Тіркеу қызметі комитетінде" және "Тіркеу қызметі комитетіне" сөздермен ауыстырылды ҚР Әділет министрінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 52 бұйрығымен.
Редакция 09.03.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын   жүзеге асыру мақсатында  Бұйырамын :
#$: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған:  
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініштің (1 қосымша);  
заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтініштің (2 қосымша);  
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) таратылуын (есептен шығарылуын) тіркеу туралы өтініштің (3 қосымша);  
облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы Әділет департаменттерінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметін жүзеге асырмайтын аудандық (қалалық) әділет бөлімдерінің (басқармаларының) тізбесі (4 қосымша);  
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (5 қосымша);  
заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің (6 қосымша);  
филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің (7 қосымша);  
филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы куәліктің (8 қосымша);  
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлғаның тұрған жері бір облыстан екінші облысқа ауысуына байланысты берілетін) (9 қосымша);  
филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң (филиалдың (өкiлдiктiң) тұрған жерi бiр облыстан екiншi облысқа ауысуына байланысты берiлетiн) (10 қосымша) нысандары бекiтiлсiн.
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтық органдары мен Тіркеу қызметі комитетінің, Діни істер комитетінің арасындағы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi функция мынадай тәртiпте анықталсын:  
Тіркеу қызметі комитеті:       
Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметiне, діни бірлестіктерді қоспағанда әдiстемелiк басшылық жасауды;  
Әдiлет министрлiгінiң аумақтық органдары мен заңды тұлғалардың, діни бірлестіктерді қоспағанда заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдардың талаптарын орындауына бақылау жасауды;  
банктерді; республикалық және аймақтық мәртебесi бар қоғамдық бiрлестiктердi (сонымен бiрге, саяси партияларды); шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн; қажет болған жағдайда басқа да заңды тұлғалар мен филиалдар және өкiлдiктердi тiркеудi (қайта тiркеудi және таратылуын тiркеудi); 
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзудi;  
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң бiрыңғай электронды банкiн құруды;  
Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспа органында құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiмiн жариялауды; 
Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының жұмысына заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша жасалған шағымдарды қарауды жүзеге асырады. 
Діни істер комитеті: 
Әділет министрлігінің аумақтық органдарының діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты; 
діни бірлестіктердің және Әділет министрлігінің аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелерін реттейтін заңнамалардың талаптарын сақтауын бақылауды; 
республиканың екі немесе одан көп облыстарының аумақтарында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), діни бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни мекемелерді, монастырларды және басқа да бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) жүзеге асырады.  
Әдiлет министрлiгінiң аумақтық 4 Қосымшаға сәйкес облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы Әділет департаменттерінің аудандық (қалалық) әділет бөлімдерін (басқармаларын) қоспағанда:  
Тіркеу қызметі комитетінде тiркеуге жатпайтын тиiстi облыстың аумағында құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеудi (қайта тiркеудi және таратылуын тiркеудi); 
тиiстi облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзудi;  
заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң бiрыңғай аймақтық электронды банкiн құруды;  
заңды тұлғалар, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi модемдiк байланыс арқылы, ал қажет болған жағдайларда электронды (қағаз) тасымалымен Тіркеу қызметі комитетіне берудi; 
жергілікті мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді және жергілікті діни бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) облыстық және Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
#$2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.06.1999. № 52 бұйрығымен, 26.04.2000. № 40 бұйрығымен, 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен, 2006 жылғы 9 наурыздағы № 77 бұйрығымен.
3. Тіркеу қызметі комитеті бiр ай мерзiм iшiнде Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу ережелерiн жасап бекiтсiн.
#$3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 30.06.1999. № 52 бұйрығымен.
4. 1999 жылдың 20 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 6 қаңтарындағы  N 129 "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы ереженi бекiту туралы" және 1998 жылғы 24 маусымындағы  N 74 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 6 қаңтарындағы N 129 бұйрығымен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет Вице-Министріне жүктелсін.
#$5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы 
Әділет Министрі
                                     Қазақстан Республикасы 
                                        Әділет Министрінің 
                                    1999 жылғы 15 қаңтардағы 
                                         N 3 бұйрығына 
                                            1 қосымша
: 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 52 бұйрығымен, 2000 жылғы 11 наурыздағы № 28 бұйрығымен, 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен.
                   ________________________________ 
               Тiркеуші органның атауы    
      Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті)  
              мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы  
                          Өтініш 
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз) 
       1) заңды тұлға _____________________________________________ 
       2) филиал __________________________________________________ 
       3) өкілдік _________________________________________________