• Мое избранное
"Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 674 Қаулысы

Редакция 23.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 8 мамырдағы
 N 674 қаулысымен
 бекітілген
"Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Осы "Нұрлы кеш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы кеш" бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және "Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібін айқындайды. 
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) тұрғын үй комиссиясы - тұрғын үй алуға үміткер, "Нұрлы көш" бағдарламасына қатысушылардың тізімін қалыптастыру үшін облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын комиссия; 
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері көші-қон полициясының бөлімшелері;
3) облыстың уәкілетті органы - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың уәкілетті органы); 
4) қаланың, ауданның уәкілетті органы - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - қаланың, ауданның уәкілетті органы); 
5) Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылар (бұдан әрі - Бағдарламаға қатысушылар) - оралмандар не Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және соңғы үш жылда республика аумағында тұратын көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған немесе ресімдеп жүрген, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында меншік немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері бар көшіп келушілер;
6) 2009 жылғы пилоттық жобалар - "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына (бұдан әрі - ӘКК) республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген қаражаттың есебінен Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында тұрғын үй салу және қайта жаңарту, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданында тұрғын үй мен жылыжай салу;
6-1) 2010 жылғы пилоттық жобалар - жергілікті атқарушы орган қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлген қаражат Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғын үй салу, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй және жылыжай сатып алу;
6-2) 2011 жылғы пилоттық жобалар - жергілікті атқарушы орган қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлген қаражат есебінен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғын үй салу, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй және жылыжай сатып алу;
7) оператор компания - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 100 % қатысатын оның еншілес ұйымы;
7-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
тұрғын үй және ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
жылыжай салу бойынша - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
7-2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы - Бағдарламаны осы әкімшілік-аумақтық бірліктерде іске асыруды жүзеге асыратын облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органдары.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 03.07.2010 № 703 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 28.11.2010 № 1252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 25.06.2011 № 708, 03.12.2011 № 1445 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тұрғын үй алуға үміткер Бағдарламаға қатысушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі 
3. "Нұрлы кеш" бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату үшін тұрғын үй комиссиясы құрылады. 
Тұрғын үй комиссиясының құрамына мәслихат депутаттары, көші-қон жөніндегі және облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органдарының, өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. 
Тұрғын үй комиссиясының құрамын және ол туралы ережені облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органы бекітеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
4. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушылар көші-қон жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініштерді және мынадай құжаттарды:
1) азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің не жеке басын куәландыратын құжаттарының, неке туралы куәліктің, баланың туу туралы куәлігінің, білімі туралы дипломдардың және мамандығының болуын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
2) оралман куәлігі болған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған көшірмесін; 
3) Халықты тіркеу кітабының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша тіркелгенін растайтын анықтаманы ұсынады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 03.07.2010 № 703 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 28.11.2010 № 1252, 03.12.2011 № 1445 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушылар көші-қон жөніндегі уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішті және мынадай құжаттарды: 
1) жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке туралы куәліктің,  баланың туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 
2) Халықты тіркеу кітабының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты орны бойынша тіркелгенін растайтын анықтаманы; 
3) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жер учаскесіне мемлекеттік актінің нотариалды куәландырылған көшірмесін не Бағдарламаға қатысушы мен құрылыс салушы компания арасындағы жер учаскесін сату-сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 28.11.2010 № 1252 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органдары көші-қон жөніндегі уәкілетті органдар ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімдері мен құжаттары, әрбір елді мекен бойынша қажет мамандықтардың тізімдері негізінде тұрғын үйге үміткерлер тізімін қалыптастырады және тұрғын үй комиссиясына қарауға ұсынады.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, өзгертілді - 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
7. Тұрғын үй комиссиясы облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы ұсынған Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің ішінен, олардың жұмыспен қамтылуы және отбасының табысын, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың кепілгерлік ету мүмкіндіктерін ескере отырып:
Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен көзделген қаражатты ескере отырып, тұрғын үй алуға Бағдарламаға қатысушылардың тізімін; 
тұрғын үй алу үшін үміткерлердің резервтік тізімін жасайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі 
8. 2009 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату Облыстың жергілікті атқарушы органдары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) арасындағы Ынтымақтастық туралы үш жақты келісімнің (бұдан әрі - Келісім) негізінде жүзеге асырылады, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін пилоттық жобаның іске асырылуы шеңберінде регламенттейді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
8-1. 2010 жылғы пилоттық жобалар бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй сату үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тұрғын үй және ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторларына:
Бағдарламаға қатысушыларға кредиттік шартқа сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақы ставкасы бойынша кредит;
ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бюджет қаражатын береді.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданын қоспағанда):
Банкпен Ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасасады, онда тараптардың пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі құқықтары мен міндеттері регламенттеледі;
құрылыс салушы компаниялар арасында тұрғын үй салуға конкурс өткізеді, құрылыс салушы компанияны айқындайды және Тұрғын үй салуға екі жақты келісім жасасады.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы 2010 жылы:
Бағдарламаға қатысушымен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы тұрғын үйді жер учаскесімен бірге сатып алуға екі жақты шарт жасасады;
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй салу үшін құрылыс салушы компаниялардың арасында конкурс өткізеді.
Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, өзгертілді - 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 28.11.2010 № 1252 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
8-2. Сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Ереже 8-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
8-3. 2010 жылғы пилоттық жоба бағдарламасына қатысушыларға Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жылыжайларды сату үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жылыжай салу бойынша Бағдарламаға қатысушыларға жылыжай салуға және сатуға арналған кредит шартына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақы ставкасы бойынша кредит береді.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы:
Бағдарламаға қатысушымен Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай сатып алуға екі жақты шарт жасасады;
Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай салу үшін құрылыс салушы компаниялардың арасында конкурс өткізеді.
Ереже 8-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.11.2010 № 1252 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау орнын, құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күндерін көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
Кіші бөлімнің атауы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 03 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).07.2010 № 703 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 28.11.2010 № 1252, 03.12.2011 № 1445 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Тұрғын үй комиссиясы ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бағдарламаға қатысушылардың тізімін:
2009 жылы - Банк пен ӘКК-ге;
2010 жылы - Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде жібереді.
10-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
11. 2009 жылы ӘКК, ал 2010 жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы сәйкес тізімді алған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде Бағдарламаға қатысушының әрқайсысымен міндеттеме-шарт жасасады, онда Бағдарламаға қатысушының мынадай міндеттемелері көзделеді: 
1) Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт  жасасу: 
тұрғын үй қарызын алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үйді салу (қайта жаңарту) аяқталғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес 5,5 жылдан асырмай Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы; 
2) тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартта көзделген жинақтау шарттарын ол бұзған жағдайда құқықтары мен міндеттемелерін Бағдарламаның басқа қатысушысына беру.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
12. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін немесе сатып алынғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тұрғын үйдің құны туралы ақпаратты және тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау жөнінде міндеттеме-шарт жасасқан Бағдарламаға қатысушылардың тізімін Банкке жібереді.
12-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
13. Банк Бағдарламаға қатысушы өтініш берген күні және осы Ереженің 12-тармағында көзделген ақпаратты ӘКК-тен немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторынан алғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1120 Қаулысымен (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14. Банк тоқсан сайын, жинақтау басталған күнінен бастап есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ӘКК-ге немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына және облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органына Бағдарламаға қатысушылардың Шарт бойынша жинақтау шарттарын орындауы туралы ақпарат жібереді.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
15. Тұрғын үй комиссиясы облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы берген қаражат жинақтаудың қатарынан екі немесе одан да көп бұзылуы туралы ақпараттың негізінде бір ай ішінде резервтік тізімге енгізілген адамдарға тұрғын үйді сату туралы шешім қабылдайды және жаңартылған тізімді Банк пен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына бір мезгілде жібереді.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
16. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы жаңартылған тізімнің негізінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен міндеттеме-шарттарды бұзуды жүзеге асырады, Бағдарламаға жаңадан қатысушылармен міндеттеме-шарттар жасасады және жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны Банкке жібереді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
17. Банк жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін жаңа қатысушыға беру не Банк шотындағы ақша қалдығына тең сомадағы соманы қайтара отырып, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес Шартты бұзу рәсімін жүргізеді. 
18. Банк есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, облыстың (облыстың маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы мен ӘКК-ге немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына тұрғын үй қарызын алу үшін Шарт талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1120 Қаулысымен (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаға қатысушымен салынған (қайта жаңартылған) немесе сатып алынған тұрғын үйге сатып алу-сату шартын ресімдейді.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
20. Бағдарламаға қатысушы Банкке қарыз алу үшін қажетті құжаттарды ұсынады. 
21. Банк Бағдарламаға қатысушымен кепілді қамтамасыз етуді ресімдеген және жылдық 4,5 %-бен банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғын үйдің құнына тең мөлшердегі қаражатты ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының шотына аударады.
21-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
22. Егер тұрғын үйді салуды (қайта жаңартуды) аяқтау мерзімі Шарт бойынша жинақтау мерзімі аяқталған күннен бұрын басталған жағдайда ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғызылған (қайта жаңартылған) немесе сатып алынған тұрғын үйді кейіннен жинақтау мерзімінің аяқталуына қарай Банктің кредит қаражаты есебінен сатып алу құқығымен жалға беру шартымен Бағдарламаға қатысушыларға береді. 
Тұрғын үйді жалдау құны ӘКК немесе бюджеттік бағдарламалардың операторы мен Бағдарламаға қатысушы арасындағы келісім бойынша айқындалады, ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік пен жер учаскесінен алынатын салықтық алымдардың жылдық сомасынан аспауға тиіс.
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217, 28 (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).04.2010 № 359 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының "Асар" шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
Кіші бөлімнің тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен (08.05.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
23. ӘКК Бағдарламаға қатысушы үшін қарыз беру жөніндегі және Бағдарламаға қатысушыға берілген қарыз қаражатының нысаналы пайдаланылуын және құрылысты бақылау міндеттерін оған жүктей отырып, оператор компанияны айқындайды, сондай-ақ қарыздар беру үшін оператор компанияға ақшалай қаражат бөледі. 
24. ӘКК оператор компания мен Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үй мен жылыжай құрылысына ақшалай қаражат беру туралы қарыз шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді. 
Тұрғын үйдің белгіленген алаңынан тыс құрылысы Бағдарламаға қатысушының меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады. 
25. Облыстың уәкілетті органы берген тізімнің негізінде оператор-компания он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй және жылыжай құрылысына қарыз шартын жасасады, онда Бағдарламаға қатысушының Банкпен:
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1120 Қаулысымен (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй қарызын 15 жылға дейін мерзімге алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін көздейді.
26. Бағдарламаға қатысушы оператор компаниямен қарыз шартын жасасады және жер учаскесіне кепілді қамтамасыз етуді ресімдейді. 
27. Бағдарламаға қатысушы оператор компаниямен және құрылыс салушымен тұрғын үй мен жылыжай құрылысына шарт жасасады. 
Құрылыс салушыны Бағдарламаға қатысушы айқындайды. 
28. Оператор компания тұрғын үй мен жылыжай құрылысын салу шартының негізінде Бағдарламаға қатысушыға берілген қарыз сомасын құрылыс салушының шотына аударуды қамтамасыз етеді. 
29. Бағдарламаға қатысушы құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғын үйге және жылыжайға меншік құқығын тіркейді, қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй мен жылыжайды оператор-компанияға кепілге береді. 
30. ӘКК тұрғын үй мен жылыжай құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй мен жылыжайдың сметалық құны туралы ақпаратты, Бағдарламаға қатысушылардың тізімін он жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке жібереді. 
31. Банк ӘКК-ден осы Ереженің 30-тармағында көзделген ақпаратты алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Шарт жасасады. 
32. Банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ӘКК мен облыстың уәкілетті органына Келісімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың шарт бойынша жинақ талаптарын орындағаны туралы ақпарат жібереді. 
33. Қаражат жинақтау жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда оператор компания қарыз шартын бұзу және тұрғын үй комиссиясы ұсынатын резервтік тізімдегі Бағдарламаға қатысушылармен жаңа қарыз шартын жасау жөнінде шаралар қабылдайды. 
34. Банк жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен Банк шотындағы ақша қалдығына тең сомадағы соманы қайтара отырып, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес  жаңа Бағдарламаға қатысушыға Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін беру, не Шартты бұзу рәсімін жүргізеді.
34-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2010 № 703 Қаулысымен (28.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
35. Банк есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың уәкілетті органы мен ӘКК-ге тұрғын үй қарызын алу үшін Шарт талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпаратты ұсынады.
35-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1120 Қаулысымен (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
36. Бағдарламаға қатысушы Банкке тұрғын үй қарызын алу үшін қажетті құжаттарды ұсынады. 
37. ӘКК Банк беретін тұрғын үй қарызын қайтару бойынша Бағдарламаға қатысушылардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін тұрғын үйді Банкке кепілге беру сәтіне оператор компанияның ауыртпалықты алып тастауын қамтамасыз етеді.
Банк жылжымайтын мүлік кепіліне тіркелген шартты алғаннан және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен тұрғын үй қарызын алу үшін көзделген талаптарды Бағдарламаға қатысушылар орындағаннан кейін тұрғын үй құнына тең мөлшерде оператор компанияның шотына аударады.
37-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 03.07.2010 № 703 (28.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
Ереже кіші бөліммен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2009 № 2217 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
38. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй комиссиясынан алынған тізімнің негізінде, он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен екі жақты шарт жасасады, онда:
1) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй қарызын 15 жылға дейінгі мерзімге алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімде Банкпен Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасасуы;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2014 жылғы № 1120 Қаулысымен (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2023 жылғы № 1185 Қаулысымен (21.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ескертпе: осы Ереженің 25-тармағында және 38-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттарда көзделген мерзімдерде қажетті жинақтарды жүзеге асырмаған Бағдарламаға қатысушылар үшін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы Банктегі шотқа жинақтарды жүзеге асыру мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартады.
2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үйді жер учаскесімен бірге сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай сатып алуды жүзеге асыру;
екі жақты шартқа қол қойған Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй мен жылыжайды жер учаскесімен бірге құрылыс салушы компаниядан сатып алынған тұрғын үй мен жылыжайдың құнына тең құнға беру міндеті көзделеді.
38-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 Қаулысымен, өзгертілді ҚР 28 (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).11.2010 № 1252 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
39. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы осы Ереженің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-тармақтарына сәйкес тұрғын үй мен жылыжайды сатуды жүзеге асырады.
39-тармақ өзгертілді ҚР 28.11.2010 № 1252 Қаулысымен (03.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
40. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
"Нұрлы көш" бағдарламасының
 пилоттық жобаларына қатысушыларға
 тұрғын үй сату ережесіне
 қосымша
"Нұрлы көш" бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылардың тұрғын үй алуға арналған өтініші 
"Нұрлы көш" бағдарламасына сәйкес маған
 _____________________________________________________________________
           (Т. А. Ә. туған күнін көрсетіп)
мынадай сипаттамаларға сәйкес: 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ___________________________________________________ _________________
       (қабат, бөлме саны және басқалары)
алаңы ______________________ ш.м тұрғын үй салуды (беруді) сұраймын.
      Отбасы құрамы ______ адам: 
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
 ________________________________________
20 ___ ж. "____" _______________                     ________ (қолы)
Өтінішті қабылдаған: _______________________________________________
                              (Т.А.Ә., лауазымы)