• Мое избранное
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығы

Редакция 25.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) үш ай мерзімде Болжамды схеманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                 Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2011 жылғы 21 шілдедегі
 № 118 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
  • 5
Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі БОЛЖАМДЫ СХЕМАСЫ
Болжамды схема жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.08.2015 жылғы № 73 Жарлығына сәйкес (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 28641 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
Кіріспе
  • 1
1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау
  • 1
2-бөлім. Аумақтық кеңістікте даму бағыттары
  • 1
3-бөлім. Елді дамытудың болжамды өлшемдері
  • 1
4-бөлім. Өңірлерді 2020 жылға дейін перспективалық дамыту схемалары
Кіріспе
  • 1
Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) елді дамытудың маңызды құралы болып табылады, өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындайды.
Болжамды схема дамудың ағымдағы және ұзақ мерзімді, макроэкономикалық, салалық және өңірлік аспектілерін ұштастыруды қамтамасыз етеді, бизнестің, салалық және аумақтық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Болжамды схеманың ұзақ мерзімді бағыты мен кешенді сипаты оны қолда бар резервтер мен мүмкіндіктерді анықтау, оның негізінде іске асырылып жатқан даму бағыттарын толықтыратын немесе дамытатын экономиканың перспективалы даму бағыттарын қалыптастыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Болжамды схема ел аумағында әлеуметтік-экономикалық әлеуетті ұтымды ұйымдастырудың және орналастырудың негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
2014 жылғы деректер бойынша ел ауданының бірлігіне жалпы қосылған құнның саны ретінде есептелген экономикалық тығыздық Қазақстанда 80,0 мың АҚШ долларын құрады, бұл Шығыс Еуропаның Польша (1790 мың АҚШ доллары), Мажарстан (1514 мың АҚШ доллары) сияқты елдерінің, сондай-ақ Ресей (113,6 мың АҚШ доллары) сияқты ТМД-ның экономикалық тығыздығынан едәуір артта қалып отыр.
Қазақстанда өзен көлігі тораптарының болмауы және ашық теңізге шыға алмау Қазақстанның экономикалық тығыздығына кері әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан үшін экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарда және өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарын шоғырландыруға ынталандыру, нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігінің өсуі және әлемдік экономикамен үйлесімді интеграцияланған бірыңғай ішкі экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін жағдай жасау міндеті аса өзекті болып отыр.
Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық тығыздығы сараланудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді, бұл аумақтық бөліністе елдің экономикалық дамуы әркелкі екенін сипаттайды.
Бірқатар елдердің табысты дамуының әлемдік тәжірибесі оның жоғары урбандалу аймақтарында өндірістің, капиталдың және адами ресурстардың аумақтық шоғырлануы жағдайында өтетінін көрсетіп отыр.
Осылайша, қазіргі жағдайларда кеңістік пен орналасу орны мемлекеттік саясаттың екінші дәрежелі факторлары ретінде қарастырылмай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторына айналады. Соңғы екі онжылдықта дамыған елдерде прогресс қозғаушысы болған қалалар мен агломерациялардың өсуі, халықтың ұтқырлығының артуы, сауда мен көрсетілетін қызметтерді дамыту сияқты факторлар қазіргі уақытта дамушы елдер үшін де қозғаушы күш ретінде әрекет етеді.
1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау
1. Ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін талдау
Табиғи ресурстар
Қазіргі уақытта Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша ең бай елдердің бірі болып табылады. Көмірсутегінің, түсті, қара және жерде сирек кездесетін металдардың, уранның барланған қорлары бойынша ел алдыңғы қатарда (1-сурет).
1-сурет - Қазақстанның табиғи ресурстар қоры бойынша әлемдік рейтингтегі орны
Аса бай табиғи ресурстар Қазақстанның табиғи ресурстарды өндіретін және экспорттайтын көшбасшылар қатарына кіруіне мүмкіндік береді (2-сурет).
2-сурет - Қазақстанның табиғи ресурстарды өндіру бойынша әлемдік рейтингтегі орны
Мұнай өнеркәсібі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша Қазақстандағы мұнайдың расталған қоры шамамен 4,8 млрд. тоннаны құрайды. Аталған қорлар мұнайдың әлемдік қорының шамамен 2%-ын құрайды және елдің мұнай қоры бойынша әлемнің жетекші 12 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік береді. Бұл ретте елдегі перспективалы мұнай қоры 17 млрд. тонна көлемінде бағаланады.
Мұнайлы-газды аудандар ел ауданының 62%-ын алып жатыр және онда 252 мұнай кен орны бар, олардың 130 барлану үстінде.
Мұнай қорларының 90%-ынан астамы аса ірі 15 - «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ», «Өзен», «Жетібай», «Жаңажол», «Қаламқас», «Кеңқияқ», «Қаражанбас», «Құмкөл», «Солтүстік Бозашы», «Әлібекмола», «Орталық-Шығыс Прорва», «Кенбай», «Королевское» кен орындарында шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының жетеуінің аумағында орналасқан - бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл ретте көмірсутегі қорларының шамамен 70%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған.
Мұнайдың анағұрлым барланған қорлары Атырау облысында, оның аумағында алынатын қорлары 3,5 млрд. тоннадан асатын 100-ден астам кен орны ашылған.
Облыстың жұмыс істеп тұрған ең ірі кен орны - Теңіз (бастапқы алынатын қорлар - 781,1 млн тонна). Анағұрлым перспективалы мұнай кен орны Қашаған кен орны болып табылады, оның қайта қорытудағы перспективалық қоры 1,5-тен 10,5 млрд. тоннаға дейін бағаланады.
1-кесте - Газ конденсатын қоса алғанда мұнай өндіру, мың тонна
Өңірлер 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж.
Қазақстан Республикасы 76 513 79 686 80 060 79 216 81 789 80 845,4
Ақтөбе 7 689 7 978 8 482 8 674 8 340 7 400,4
Атырау 26 583 30 087 30 241 28 962 32 183 31 919,0
Шығыс Қазақстан - - - - 1 1,3
Жамбыл 26 24 22 21 22 20,7
Батыс Қазақстан 12 228 11 749 12 461 12 956 12 528 13 060,0
Қызылорда 11 241 11 156 10 955 10 883 10 588 9 919,8
Маңғыстау 18 746 18 692 17 899 17 720 18 127 18 524,2
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ деректері бойынша.
2014 жылғы мұнай экспортының көлемі 62 млн. астам тоннаны құрады. Еуропа елдері (шамамен 55 млн. тонна) - Италия, Нидерланд, Франция, Аустрия, Швейцария және өзгелері, сондай-ақ Қытай (11 млн. тонна) шикі мұнай нарығындағы Қазақстанның негізгі сыртқы сауда әріптестері болып табылады.
Газ өнеркәсібі