• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г

Отправить по почте

"Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасыны Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 552 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 10 маусымдағы
 № 552 қаулысымен
 бекітілген
«Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберілген ауыл шаруашылығы шикізатын - мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтарға (бұдан әрі - машиналар мен жабдықтар) қолданылады.
2. Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптары қолданылатын машиналар мен жабдықтардың тізбесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасына сәйкес олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
3. Осы Техникалық регламент машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ мынадай қауіпті факторларға негізделген қатерлерге сәйкес олардың тіршілік циклі процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді:
1) механикалық қауіптер;
2) электрлік қауіптер;
3) өрт қауіптілігі;
4) жарылыс қауіптілігі;
5) шу;
6) діріл;
7) зиянды заттар мен материалдардың бөлінуі;
8) сәулелену;
9) термиялық қауіптер;
10) биологиялық және микробиологиялық (вирустық және бактериологиялық) қауіптер;
11) машиналар мен жабдықтарды құрастыру кезінде эргономика қағидаттарын елемеуден туындаған қауіптер;
12) кенеттен іске қосылу, бұрылыстар, айналыстар (немесе кез келген сол сияқты тосын оқиғалар);
13) машиналар мен жабдықтарды мүлдем немесе қажетті дәрежеде тоқтатудың мүмкін болмауы;
14) құрал-сайманды айналдыру жылдамдығының бұзылуы;
15) энергиямен жабдықтаудың бұзылуы;
16) басқару жүйесіндегі қателік;
17) монтаждаудағы қателік;
18) жұмыс процесіндегі бүліну;
19) заттардың немесе сұйықтықтардың құлауы немесе шығарылуы;
20) тұрақтылықтың жоғалуы;
21) тайғанау, аударылу немесе адамдардың құлауы (машинадан және жабдықтан туындайтын);
22) қызмет көрсетуші персоналға арналған нұсқаулықтардың жеткіліксіздігі.
4. Машиналар мен жабдықтарды сәйкестендіру нақты машиналар мен жабдықтардың өтініш беруші ұсынған сипаттамаларға сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі.
Сәйкестендіру кезінде:
1) соған сәйкес машиналар мен жабдық шығарылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар;
2) пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;
3) тауардың ілеспе құжаттамасын (жеткізу шарттары мен келісім-шарттар) пайдаланылуы мүмкін.
5. Машиналар мен жабдықтардың ерекшелігіне байланысты мынадай сәйкестендіру әдістері қолданылады:
1) құжаттамалық;
2) аспаптық;
3) көрнекі;
4) сынау.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» және   «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер пайдаланылады:
естен тандыру кешені - жүректің жұмысын сақтай отырып қансыздандырудан бұрын жүзеге асырылатын, электр тогымен, механикалық немесе басқа әсерлермен жануарды қимылсыз етуге арналған техникалық құрылғылар жиынтығы;
қасапшы - жануарды қимылсыз етуге жауапты естен тандыру кешенінің операторы;
қосымша ет өнімдері - малды сою кезінде алынатын ішкі органдар, бас, құйрық, сирақ, желін, ет кесінділері;
стек - электр тогымен естен тандыру кезінде шығыс кернеуін жануарларға жеткізуге арналған, өзгертетін трансформаторға жалғанатын қол құрылғысы;