Осы редакция 18.11.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1264 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1264 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормалары
1. Топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары
2. Әскери бөлімдерді топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары
3. Әскери оқу орындарын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдерін топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары