Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы Конституциялық заң күшi бар
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 20 желтоқсан N 2694.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 4-тармағы мен 82-бабының 5-тармағына сәйкес және сот-құқық реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек қана сот жүзеге асырады. Сот билiгi азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыруды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
2. Соттар өздерiне тиесiлi билiктi ешкiмнiң еркiне қарамастан Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Республикадағы сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
4. Сот билiгi сот iсiн жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
5. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, өзге қаулылары, сондай-ақ олардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтiнiштерi Республиканың бүкiл аумағында барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. Оларды орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкелiп соғады.
1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесiн заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергiлiктi соттары (облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң Әскери соты), аудандық (қалалық), әскери соттар) құрайды. Ешбiр өзге органның, лауазымды адамның немесе өзге тұлғаның сот функцияларын өзiне алуға хақы жоқ.
2. Қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға
жол берiлмейдi.
3. Қазақстан Республикасында соттардың мамандандырылуы және осы
мақсатта мамандандырылған: шаруашылық, салық, отбасылық, кәмелетке
толмағандардың iстерi жөнiндегi, әкiмшiлiк және басқа соттарды құру
жүзеге асырылуы мүмкiн. Мамандандырылған соттардың, оларға осы
Жарлықтың ережелерi қолданыла отырып, аудандық (қалалық) сот
мәртебесi болады.
4.
2-баптың 4-тармағы алынып тасталған - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.
3-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
1) сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiмен;
2) сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген нысандарында сот
билiгiн жүзеге асырумен;
3) соттардың бiрыңғай заңдарды қолдануымен;
4) соттарды құру тәртiбiмен;
5) Республиканың бүкiл аумағында заңды күшiне енген сот
шешiмдерiнiң орындалу жүйесiмен;
6) барлық соттарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
3-бапта 1)-тармақша алынып тасталды, 2)-7) тармақшалар
1)-6) тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар
қызметiнiң негiзгi принциптерi
Республикадағы соттар қызметi заңдылық, судьялардың тәуелсiздiгi, баршаның заң және сот алдындағы теңдiгi, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, iстердi қараудың жариялылығы принциптерiнiң негiзiнде құрылады.
5-бап. Сот арқылы қорғалу құқығы
1. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге тұлғалардың Республиканың Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген жолсыз шешiмдерi мен iс-әрекетiнен сот арқылы қорғалуына кепiлдiк берiледi.
2. Ешкiмдi заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiк сақтала отырып құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сотта iсiнiң қаралуы құқығынан айыруға болмайды.
3. Барлық соттарда және сот iсiн жүргiзудiң кез келген деңгейiнде бiлiктi заң көмегiмен қорғауға кепiлдiк берiледi.
4. Сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралуға тиiстi өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды ешбiр басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай алмайды немесе бақылауға ала алмайды.
6-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi
Республикада сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi мемлекеттiк тiлмен бiрдей ресми қолданылады. Сот iсiн жүргiзу, сол сияқты осы жер тұрғындарының көпшiлiгiнiң тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
7-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы
1. Барлық соттарда iстер ашық қаралады.
2. Егер iстi ашық қарау мемлекеттiк құпияларды, әскери, қызметтiк және коммерциялық құпияның жария болуына әкеп соғуы мүмкiн не азаматтардың және өмiрi мен өз басының, отбасының құпиясы жария болудан, қорғау не сот iсiн жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiгi болса iстердi жабық отырыста тыңдауға рұқсат етiледi.
3. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi мен қаулылары көпшiлiк алдында жария етiледi.
Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.
8-бап. Iстердi қарау кезiндегi соттардың құрамы
1. Бастапқы сатылы сотта iстердi қарауды судья жеке дара жүзеге
асырады. Заңда өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық
iстер үш судья құрамында қаралады.
2. Жоғары тұрған соттардың iс қарауы iс жүргiзу заңдарында
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Iстер алқалы түрде қаралған кезде судьялардың дауыс беруден
қалыс қалуға хақы жоқ.
8-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 1997.07.02. N 143 Заңымен.
9-бап. Прокурор мен адвокаттың iстердi
қарауға қатысуы
Прокурорлар мен адвокаттар соттардың iстердi қарауына
тараптардың теңдiгi және процестiң жарыспалылығы принциптерiнiң
негiзiнде қатысады.
II Бөлiм. Соттар жүйесi
I Тарау. Аудандық (қалалық соттар)
10-бап. Аудандық (қалалық) соттарды құру
1. Аудандық (қалалық) сотты Әдiлет министрiнiң ұсынуымен ауданда, қалада (аудандық бағыныстағы қалалардан басқа), қаладағы ауданда Республика Президентi құрады және таратады.
2. Республика Президентi Республика Әдiлет министрiнiң ұсынуымен аудан мен қалаға, бiрнеше аудандарға (қаладағы аудандарға) және қалаларға бiр сотты құруы мүмкiн.
3. Аудандық (қалалық) соттардың сот учаскелерiн әдiлет басқармасының бастығы мен облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының бiрлескен ұсынысы бойынша Әдiлет министрi құрады және таратады.
Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.
11-бап. Аудандық (қалалық) соттың құрамы
1. Аудандық (қалалық) сот төраға мен тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық (қалалық) сотта бiр судья болса, ол сот төрағасының өкiлеттiгiн жүзеге асырады (бiр құрамды сот).
Оның құрамында сот учаскесi құрылған жағдайда аудандық (қалалық)
сот соттың төрағасынан, сот учаскесiнiң аға судьясынан және тұрақты
судьялардан тұрады.
2. Аудандық (қалалық) соттар үшiн судьялардың жалпы санын
Әдiлет министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
3. Әрбiр аудандық (қалалық) сот үшiн судьялар санын Әдiлет
министрi белгiлейдi.
11-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.
12-бап. Аудандық (қалалық) соттың өкiлеттiктерi
және оның жұмысын ұйымдастыру
1. Аудандық (қалалық) сот:
1) заңмен басқа соттардың қарауына жатқызылған iстердi
қоспағанда, бастапқы саты бойынша барлық iстердi қарайды;
2) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды;
3) өзiне заңмен берiлген басқа өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2.
12-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.
13-бап. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы, сот учаскесiнiң
аға судьясы
1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және
соттың жұмысын ұйымдастырады.
2. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы:
1) судьялардың арасында iстердi бөледi және судьяларға басқа да
мiндеттердi жүктейдi;
2) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
3) жеке қабылдау жүргiзедi, азаматтарды қабылдау және
ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi сот жұмысын
ұйымдастырады;
4) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады;
5) сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;
6) сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
7) судьялар мен сот аппараты қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
8) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
9) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Сот учаскесiнiң аға судьясы судья болып табылады және осы
баптың 2-тармағының 4),5),7) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ
6) тармақшасында (сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындау
және қызметтен босату бөлiгiнде) аталған өкiлеттiктi қоспағанда,
аудандық (қалалық) соттардың құқықтарына ие болады.
13-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
14-бап. Уақытша орнында болмаған аудандық (қалалық)
сот төрағасының, сот учаскесiнiң аға судьясының
немесе судьясының мiндетiн атқару
1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы сот учаскесiнiң аға судьясы
уақытша орнында болмаған жағдайда олардың мiндеттерiн атқару төрағаның
бұйрығымен осы соттың судьяларының бiрiне жүктеледi.
2. Аудандық (қалалық) соттың судьясы уақытша орнында болмаған
жағдайда әдiлет басқармасы оның мiндеттерiн атқаруды басқа аудандық
(қалалық) сот судьяларының бiрiне жүктеуi мүмкiн.
14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
II Тарау. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар
15-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды
құру
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды Әдiлет
министрiнiң ұсынуымен әрбiр облыста және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiсте Республика Президентi құрады және таратады.
2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының жалпы
санын Әдiлет министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
3. Әрбiр облыстық және оларға теңестiрiлген соттар үшiн
судьялардың санын тиiстi сот төрағасының ұсынуымен Әдiлет министрi
белгiлейдi.
15-бап сөзбен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
16-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың құрамы
1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағадан, сот
алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
2. Облыстық және оған теңестiрiлген сот органдары:
1) сот төралқасы;
2) азаматтық iстер жөнiнде сот алқасы;
3) шаруашылық iстерi жөнiндегi сот алқасы;
4) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы болып табылады.
16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
17-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың
өкiлеттiктерi
Облыстық және оған теңестiрiлген сот:
1) бастапқы сатылы сот ретiнде өз өкiлеттiктерi шегiнде шағым
(кассация), қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар
бойынша iстердi қарайды;
2) аудандық (қалалық) соттарға сот қадағалауын жүзеге асырады;
3) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды, сот практикасын
зерделеп, қорытады;
4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы
Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы соттың
төрағасынан және жыл сайын облыстық соттың құрамы сот мүшелерiнiң
жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен сайлайтын
төрт тұрақты судьядан тұрады.
18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
19-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот
төралқасының өкiлеттiктерi
Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасы:
1) iстi өз құзыретiнiң шегiнде қадағалау тәртiбiмен және iс
жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша қарайды;
2) алқалардың қызметi туралы сот алқалары төрағаларының есептерiн
тыңдайды, сот аппаратының мәселелерiн қарайды;
3) сот практикасын зерделеу мен сот статистикасын талдау
материалдарын, аудандық (қалалық) соттардың олардың сот төрелiгiн
жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.0
1. N 143 Заңымен.
20-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот
төралқасының жұмыс тәртiбi
1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының отырыстары
оның мүшелерiнiң жартысынан астамы бар болса құқылы.
2. Төралқа қаулыларына төрағалық етушi қол қояды.
3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi оның өзi қабылдаған регламентпен белгiленедi.
21-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары
1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот сот алқалары өз өкiлеттiктерi шегiнде бастапқы сатылы соттар ретiнде шағым (кассация) тәртiбiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша iстердi қарайды, сондай-ақ оларға заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық,
шаруашылық және қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқаларының құрамын
тиiстi соттың судьялары арасынан сот төрағасы бекiтедi.
3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы қажеттi
жағдайларда бiр сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында
iстердi қарау үшiн тартуға хақылы.
21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. N 143 Заңымен.
22-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген
соттың төрағасы
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы судья болып
табылады және соттың жұмысын ұйымдастырады.
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы:
1) сот төралқасын шақырады және оның отырыстарында төрағалық
етедi;
2) алқалардың сот отырыстарында төрағалық етедi және бастапқы
саты бойынша iстердi қарайды;
3) заңда белгiленген шектерде және тәртiппен сот қаулыларына
наразылықтар енгiзедi;
4) заңда белгiленген реттерде және тәртiппен азаматтық, шаруашылық және әкiмшiлiк iстерi жөнiндегi шешiмдер мен ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұруға хақылы;
5) облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары сот төрағаларының лауазымдарына және судьялыққа кандидаттарды iрiктеп алуға және оларды Әдiлет министрлiгiне ұсынуға қатысады;