Bestprofi Logo

Қаулы № 1888 от 2009-11-19г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2012 г.

Документ на казахском языке

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1888 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.10.2012 № 1358 Қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2010 № 1357 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2010 № 1357 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1888 қаулысымен бекітілген

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі

Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.12.2010 № 1357 (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пилоттық ұйымдарды және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

Бюджет қаражаты есебінен салынған, пайдалануға берілгеннен кейін ТМККК-ні орналастыруға алғаш рет өтінім берген жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілеріне комиссия ТМККК-ні орналастыруды олар осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес болған және оларға ТМККК орналастыру рәсіміне рұқсат етілген деп таныған жағдайда жүзеге асырады.

Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1703 (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) әлеуетті өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) комиссия — ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау және осы Ережеге сәйкес ТМККК кейіннен орналастыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

5) өнім беруші - ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасалған үміткер заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

6) сатып алуды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (республикалық бюджет қаражатының есебінен) немесе ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру рәсімін орындайтын (жергілікті бюджет қаражатының есебінен) тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;

7) тапсырыс беруші - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе тиісті облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары;

8) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу әлеуетті өнім берушілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне анықтауға, оларға ақылы негізде ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерге тапсырыс беруді орналастыруға, олар көрсеткен нақты медициналық көмекке ақы төлеуге бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешені;

9) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу рәсімі - әлеуетті өнім берушіні анықтау және ТМККК кейіннен орналастыру мақсатында осы Ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, ұйымдастыру бөлімінде, тиісті комиссия, ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу бөлімінде жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

10) ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында ТМККК көрсету шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

2. Әкімші бекіткен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күнінен бастап бес күн ішінде оны Әкімшіге жібереді немесе ұсынады.

2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1703 (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Тапсырыс беруші тиісті жылға арналған мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді қабылдайды.

3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1703 (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

4. Республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады.

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1703 Қаулысымен (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

5. Республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің мынадай: білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған түрлері бойынша ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады, олар мынадай нысандарда көрсетіледі:

1) республикалық маңызы бар медицина ұйымдарының:

психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға;

оңалту орталықтарында, санаторийлерде медициналық қызметтер көрсетуін қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;

2) әуе көлігіндегі санитариялық авиация, қалпына келтіру үшін емдеу және медициналық оңалту;

3) республикалық маңызы бар медицина ұйымдарында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді қоспағанда, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады.

#$5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.10.2011 № 1131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 30.12.2011 № 1703 Қаулыларымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

6. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу:

1) ТМККК қол жетімділікті қамтамасыз ету;

2) пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауын іске асыру;

3) ТМККК үшін бөлінген ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;

4) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу үдерісінің жариялылығы мен айқындығы;

5) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

6) ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

7) отандық өнім берушілерді қолдау қағидаттары сақтала отырып жүргізіледі;

8) ТМККК көрсету жөніндегі шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдарына ерекше құқық беріледі.

2. Медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын талаптар

7. ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

2) төлем қабілетінің болуы, үш айдан асатын мерзімде салық берешегінің, Қазақстан Республикасының міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

3) банкроттық рәсіміне не таратуға ұшырамауы;

4) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін материалдық және еңбек ресурстары болуы.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание