• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015 г

Отправить по почте

Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандарылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2302 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес 
«Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 182 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 121-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 2302 қаулысымен
 бекітілген
Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану ережесі
1. Осы Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану тәртібін айқындайды.
1) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеме (бұдан әрі - мекеме) - психикасының ауытқуынан (ауруынан) зардап шегетін, психикалық жағдайына және жасаған қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына қарай өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіп төндіретін, тұрақты және жіті байқауды талап ететін адамдарға қатысты сот шешімінің негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жүзеге асырылатын психиатриялық стационар;
2) мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - ҚАБШ)  - жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мекеменің жұмсау құқығынсыз уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
2. Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану тәртібі
3. Мекеме мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастардың ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшасын ақшаны есепке алу немесе қайтару жөніндегі операцияларды жүргізген кезде басқарады. ҚАБШ қаражатының пайдаланылуы бойынша есепке алу және есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшаны есепке алуды бухгалтерлік есепке және есептілікке жауапты мекеменің құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді, ол осы мақсатта:
1) ақша түскен кезде әрбір психикалық науқасқа ақшаның кірісі мен шығысы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отыратын арнайы жеке шот ашады;
2) осы Ереженің 5-тармағының 12) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, психикалық науқастардың құрылымдық емдеу бөлімшесінің басшысы растаған және мекеме басшысы бекіткен жеке өтініштерінің негізінде арнайы жеке шоттардағы ақшасын жұмсау жөніндегі операцияларды жүргізеді;
3) психикалық науқастар өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қалыптастырады;
4) психикалық науқастар өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнім берушілермен шарт жасасады;
5) мекеменің кассасына жеке және заңды тұлғалардан түсетін қолма-қол ақшаны, сондай-ақ психикалық науқас мекемеге түскен кезде алынған ақшаны заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды. Мекеме кассасына қабылданған қолма-қол ақша ҚАБШ-ға психикалық науқастардың жеке шоттары бойынша екінші деңгейдегі банк арқылы есепке алынады;
6) ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшаны есепке алу, қайтару, аудару жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚАБШ ақшасын пайдалану бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді.
5. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастар өздерінің арнайы жеке шоттарына есепке алынатын ақшаны мынадай мақсаттарға пайдаланады:
1) ең қажетті заттар, жеке гигиеналық заттар, киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген келемінен тыс медициналық қызметтер алу;
6) байланыс қызметін пайдалану, оның ішінде хат алмасуды жүргізу;
10) жоғалған құжаттарды қалпына келтіру немесе жаңа жеке құжаттар алу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;
12) атқарушылық өндіріс туралы заңнамада белгіленген тәртіппен алименттерді және басқа алымдарды аудару.
6. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқасты шығару кезінде оның арнайы дербес шотындағы ақшаның қалдығы психикалық науқас мекемеден шығарылған күнінен бастап бір ай ішінде, оның банк шотына аудару арқылы қайтарылуға тиіс.
Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқас қайтыс болған жағдайда оның арнайы дербес шотындағы ақшаның қалдығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
7. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастар ақшасының, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының сенімді және дұрыс жұмсалуына мекеменің басшысы жауапты болады.