Toggle Dropdown
2
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтар N 82 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 08.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 23 қаңтардағы
N 82 қаулысымен
бекітiлген
Toggle Dropdown
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары
Toggle Dropdown
Осы Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым – банк немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым;
Toggle Dropdown
3) ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ақшалай өтемақыны тағайындау тәртiбi
Toggle Dropdown
2. Заңның 22-бабында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға мыналарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Toggle Dropdown
2) жеке басты куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы анықтама).
Toggle Dropdown
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама.
Toggle Dropdown
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасы және салыстырып тексеру үшiн көшiрмелері аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.
Toggle Dropdown
Салыстырып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.
Toggle Dropdown
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдардың жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмелерiн растайды, iстердi қалыптастырады, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындап, оларды бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына жібередi.
Toggle Dropdown
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iстерді және ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.
Toggle Dropdown
5. Ақтау туралы анықтамада бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колониясы» деп аталатындарда) тартылған уақыты туралы ақпарат жеткiлiксiз көрсетiлген жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар прокуратура органдарының архивтерінен қосымша анықтамаларды сұратып алуға құқылы.
Toggle Dropdown
6. Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдардың болған мерзiмi, сондай-ақ бас бостандығы шектеулi жағдайда мәжбүрлi еңбекке (оның iшiнде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колониясы» деп аталатындарда) тартылған уақыты көрсетiлген, ақталғанын растайтын анықтама келiп түскен кезде ақталуы туралы бұрын берiлген анықтама ақшалай өтемақы тағайындауға негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдердің жобалары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және iс пен бұл шешiмдердi белгiленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.
Toggle Dropdown
Ақшалай өтемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Toggle Dropdown
Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждейдi және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне бepу үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.
Toggle Dropdown
8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомасын қайта есептеуді аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жүргізеді, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымы арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiмнің жобасын бекітуге жiбередi. Ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақыны есептеудiң дұрыстығын тексередi және үш жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақыны бекiтедi не оны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.
Toggle Dropdown
9. Егер ақшалай өтемақылар Заңның 22 және 23-баптарының қолданылуы жаңғыртылғанға дейiн тағайындалған болса, онда аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмнiң жобасын ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органға ұсынады, ол қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткiштiң мөлшерiн ескере отырып, оны бекiту туралы шешiм шығарады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi
Toggle Dropdown
10. Ақшалай өтемақылар төлеудi ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай өтемақы беру жөнiндегі уәкiлетті ұйымдар арқылы ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органдардың шешiмiне сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар алушылардың банк шотына есептеу жолымен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қаражатты MT100 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды дайындайды және оларды ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдарға бередi.
Toggle Dropdown
Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алғаннан кейiн тiзiм-ведомосқа сәйкес оны аудандар (қалалар) бойынша бөледi және төлеудi жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қаражатты МТ102 форматындағы төлем тапсырыстарымен аударған кезде ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар тiзiм-ведомостарды электронды түрде алады.
Toggle Dropdown
11. Егер ақшалай өтемақы есептелген, бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебiнен алынбаған жағдайда өтемақының тағайындалған сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлерiне төленедi.
Toggle Dropdown
12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi көрсеткен күнге және ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi органдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.
Toggle Dropdown
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары ақшалай өтемақы төлеу үшiн қажетті қаражат туралы аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар берген ақпаратты жинақтайды және оны ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға бередi.
Toggle Dropdown
14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi айқындаған мерзiмде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне ақшалай өтемақы төлеу үшін қажеттi қаражаттың қажеттілігі туралы ақпарат береді.
Toggle Dropdown
15. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi өзінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегiнде ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банк шотына қаражат аударады.
Toggle Dropdown
16. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражат пен төлем тәртібiне сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша ақшалай өтемақы төлеу графигін жасайды.
Toggle Dropdown
17. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйым банктiк үш күн iшiнде алынған қаражатты белгіленген тәртiппен төлем тапсырыстарымен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға аударады.
Toggle Dropdown
18. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ақшалай қаражатты алған кезде алушыларға ақшалай өтемақы берудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19. Төленген ақшалай өтемақы сомалары бойынша облыстық, аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар мен ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арасында салыстырып тексеру актілері жасалады.
Toggle Dropdown
20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйымның арасында ай сайын салыстырып тексеру актісi жасалады.
Toggle Dropdown
21. Ақшалай өтемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым мен ақшалай өтемақыны беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртіппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті _____________________________ аумақтық бөлімшесінің басшысына
Toggle Dropdown
Маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын
Toggle Dropdown
Тегi _______________________________________________________
Toggle Dropdown
Аты _______________________________________________________
Toggle Dropdown
Әкесiнiң аты (бар болса) _______________________________________
Toggle Dropdown
Туған күні ______ ж. «___» ______________________
Toggle Dropdown
Мекенжайы_______________________________________________
Toggle Dropdown
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi _____________________ (құжаттың түрi көрсетіледі)
Toggle Dropdown
Сериясы _________ нөмiрi ___________ кiм берді ____
Toggle Dropdown
Банк шотының №__________________,
Toggle Dropdown
Банк атауы_____________________________________
Toggle Dropdown
Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын
Toggle Dropdown
____________________________________________________ (қажеттісінің асты сызылады)
Toggle Dropdown
Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғаны көрсетіледі)
Toggle Dropdown
Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні
Toggle Dropdown
_________________________________________________
Toggle Dropdown
Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
Күні ________________________
Toggle Dropdown
Өтінiш берушінің қолы _______________
Toggle Dropdown
Өтінiш қабылданды (күнi) ___________________
Toggle Dropdown
Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (бар болса)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Қолы ____________________________
Toggle Dropdown
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай өтемақы
төлеу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім
Toggle Dropdown
20__ж. _____ № ______
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің
Toggle Dropdown
______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Toggle Dropdown
Азамат _________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
Жынысы ____ Туған күнi _______________
Toggle Dropdown
Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi ____________________
Toggle Dropdown
Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы
Toggle Dropdown
___________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________берiлген __________№ ________ (тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
ақтау туралы анықтамаға сәйкес
Toggle Dropdown
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ бостандығы шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колоннасы» деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____ - 19__ж.__________ аралығын құрайды.
Toggle Dropdown
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ бостандығы шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде «еңбек армиясы», «НКВД жұмысшылар колоннасы» деп аталатындарда) уақыты
Toggle Dropdown
_____________________________________________құрайды (жазумен) Есептелген сома ___________________________________________ (жазумен)
Toggle Dropdown
Осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiлген ағымдағы жылы төленуге жататын сома
Toggle Dropdown
____________________________________________________ (жазумен)
Toggle Dropdown
Осы сома келесi екi жылда төленуге тиiс айлардың саны көрсетiлген төленуге жататын қалған сома
Toggle Dropdown
____________________________________________________ (жазумен)
Toggle Dropdown
M.О. Департамент басшысы ______________ __________________ (қолы) (тегі) Тағайындау жөнiндегi маман ______________ __________________ (қолы) (тегі) Шешім жобасын дайындаған: M.O. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы ______________ __________________ (қолы) (тегі) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы ______________ __________________ (қолы) (тегі)