«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Өнімдер:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1150 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес «Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 7-1/247 Бұйрығын қараңыз
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қ аза қ стан Республикасының
Премьер-Министрі К. М ә сімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1150 қаулысымен бекітілген
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
| Нысанды киім (погонсыз) бұйымдарының атауы | Өлшем бірлігі | Бір адамға арналған бұйымдардың саны | Кию мерзімі (жыл) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Ерлер жиынтығы | |||
| Парадтық фуражка | дана | 1 | 5 |
| Күнделікті фуражка | дана | 1 | 2 |
| Берет | дана | 1 | 2 |
| Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын | дана | 1 | 5 |
| Пальто | дана | 1 | 4 |
| Плащ | дана | 1 | 3 |
| Шалбары бар парадтық китель | жинақ | 1 | 3 |
| Шалбары бар күнделікті китель | жинақ | 1 | 2 |
| Күрте шалбарымен | жинақ | 1 | 2 |
| Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті жейде | дана | 2 | 1 |
| Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті жейде | дана | 4 | 1 |
| Галстук | дана | 2 | 1 |
| Шарф | дана | 2 | 5 |
| Туфли | жұп | 1 | 1 |
| Жылы етік (қысқа қонышты етік) | жұп | 1 | 2 |
| Кокарда | дана | 3 | мерзімі жоқ |
| Жеңге тігілетін белгі | дана | 4 | 3 |
| Шеврон | дана | 4 | 3 |
| Нөмірлік төс белгі | дана | 2 | 10 |
| Галстукке арналған қысқыш | дана | 1 | мерзімі жоқ |
| Былғары белбеу | дана | 1 | 2 |
| Әйелдер жиынтығы | |||
| Парадтық фетр таблетка-қалпақ | дана | 1 | 5 |
| Күнделікті фетр таблетка-қалпақ | дана | 1 | 2 |
| Берет | дана | 1 | 2 |
| Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын | дана | 1 | 5 |
| Пальто | дана | 1 | 4 |
| Плащ | дана | 1 | 3 |
| Юбкасы бар парадты китель | жинақ | 1 | 3 |
| Юбкасы бар күнделікті китель | жинақ | 1 | 2 |
| Күрте юбкамен | жинақ | 1 | 2 |
| Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті блузка | дана | 2 | 1 |
| Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті блузка | дана | 4 | 1 |
| Галстук | дана | 2 | 1 |
| Шарф | дана | 1 | 5 |
| Туфли | жұп | 1 | 1 |
| Жылы етік | жұп | 1 | 2 |
| Нөмірлік төс белгі | дана | 2 | 10 |
| Кокарда | дана | 3 | мерзімі жоқ |
| Жеңге тігілетін белгі | дана | 4 | 3 |
| Шеврон | дана | 4 | 3 |
| Галстукке арналған қысқыш | дана | 1 | мерзімі жоқ |
| Былғары белбеу | дана | 1 | 2 |
| Арнайы киім | |||
| Қой терісінен жасалған қысқа тон | дана | 1 | 5 |
| Унты | жұп | 1 | 3 |
| Резеңке етік | жұп | 1 | 2 |
| Әйелдердің қысқа қонышты хром етігі | жұп | 1 | 2 |
| Статикалық салмақтан және шаршағыштықтан қорғайтын бәтеңке | жұп | 1 | 2 |
| Халат | дана | 2 | 0,5 |

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |