Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 727 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 727 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегіЗаңына сәйкес әзірленген және азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен Жанар-жағармай материалдары қызметі (бұдан әрі - ЖЖМ қызметі) қамтамасыз етеді, бұлар азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаты бар жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым болып табылады.
Toggle Dropdown
1
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) азаматтық әуе кемелеріне орталықтандырылған отын құю жүйесі (бұдан әрі - ООЖ жүйесі) - технологиялық құбыржолдардың бойымен және отын құю агрегаттары арқылы стационарлық сорғылардың көмегімен азаматтық әуе кемелерінің бактарына резервуарлардан отын беруге арналған құрылыстар мен технологиялық жабдық кешені;
Toggle Dropdown
2) авиациялық жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі - авиаЖЖМ) - авиациялық техниканы пайдаланған кезде қолданылатын отындардың, майлардың, жғармай мен арнайы сұйықтықтардың барлық маркаларының жалпы атауы;
Toggle Dropdown
3) авиаЖЖМ сапасы - авиаЖЖМ қасиеттерінің осы материалдардың нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарды қанағаттандыру қабілетін айқындайтын жиынтығы;
Toggle Dropdown
4) авиаЖЖМ қоймасы - азаматтық әуе кемелеріне отын құю үшін авиаЖЖМ-ды қабылдайтын, сақтайтын және беретін ғимараттар, құрылыстар, қондырғылар мен жабдық кешені;
Toggle Dropdown
5) тауар астындағы су - жанар-жағармай материалдарын тұндыру нәтижесінде резервуарларда жинақталатын су.
Toggle Dropdown
2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Азаматтық авиация ұйымдарының күнделікті мұқтажын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ авиаЖЖМ-ның резервтік мөлшерін жасау үшін резервуарлардың саны мен мөлшерін ЖЖМ қызметі айқындайды.
Toggle Dropdown
5. Азаматтық әуе кемелерін қамтамасыз ету кезінде ЖЖМ қызметі:
Toggle Dropdown
1) пайдалануға рұқсат етілген және азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілген;
Toggle Dropdown
2) сәйкестік сертификаты бар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттауға жататын авиаЖЖМ үшін) авиаЖЖМ-ды пайдаланады.
Toggle Dropdown
6. Азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілмеген авиаЖЖМ-ды пайдалану азаматтық әуе кемелерін шығарушылармен және олардың конструкторларымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
Toggle Dropdown
7. АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт жасасу кезінде өнім беруші мынаған:
Toggle Dropdown
1) жеткізілетін авиаЖЖМ маркасының техникалық регламенттер мен стандарттардың, өндіріс ерекшеліктері мен технологиясының талаптарына сәйкестігіне;
Toggle Dropdown
2) сапасына өндіруші кепілдік берген және авиаЖЖМ-ның сапасы мен мөлшерін растайтын құжаттамасы бар авиаЖЖМ жеткізуге;
Toggle Dropdown
3) тасымалдау кезінде, сондай-ақ авиаЖЖМ-ды алушыға дейін әртүрлі көлік құралдарымен кешенді түрде тасымалдаған жағдайларда авиаЖЖМ сапасын сақтау және оның басқа ЖЖМ маркаларымен араласып кетуін болдырмау жөніндегі талаптардың сақталуына;
Toggle Dropdown
4) авиаЖЖМ-ды тасымалдауға әдейі дайындалған және арналған көлік құралдары мен ыдыстарды пайдалануға;
Toggle Dropdown
5) шығару, сақтау және тасымалдау үдерісінде авиаЖЖМ сапасының осы авиаЖЖМ маркасын алған және пайдаланған кезде авиациялық техника жұмысының сенімділігіне әсерін тигізуі мүмкін қасақана немесе абайсызда нашарлау жағдайының туындағаны және анықталғаны туралы уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттемеге кепілдік береді.
Toggle Dropdown
8. Азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құю рейстердің нөмірлері, үлгілер және борт нөмірлері, ұшып шығу уақыты мен олардың әрқайсысына арналған авиаЖЖМ мөлшері көрсетіліп, жоспарлы тәулікке дейін бір тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде авиакомпанияның уәкілетті өкілінен түсетін ұшудың тәуліктік жоспары негізінде жүзеге асырылады. АвиаЖЖМ-ға арналған өтінімдер ЖЖМ қызметіне беріледі.
Toggle Dropdown
9. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ тізбесін авиациялық техниканы әзірлеуші немесе шығарушы зауыт белгілейді.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемелерінің үлгілері бойынша пайдаланылатын авиаЖЖМ маркалары азаматтық авиация саласындағы нормативтік-техникалық құжаттармен, азаматтық әуе кемелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен, азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасымен (регламентімен) айқындалады. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтар номенклатурасы осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
Әуежайларда азаматтық әуе кемелеріне отын құю нормативтік құжаттарға сәйкес және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы мен құюға авиаЖЖМ беруді жүзеге асыратын ЖЖМ қызметінің арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Азаматтық әуе кемелеріне отын құю ООЖ жүйесі арқылы, сондай-ақ арнайы көлік құралдары: отын құйғыштарды, май құйғыштарды, отын құю агрегаттарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
11. Ұшудың тәуліктік жоспарындағы азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құюды ұйымдастыруға әсер ететін жедел өзгерістердің барлығы азаматтық әуе кемелері өзгерген жоспар бойынша ұшып келгенге немесе ұшып шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын арнайы көлік қызметінің диспетчеріне хабарланады.
Toggle Dropdown
12. Азаматтық әуе кемелеріне отын құюдың жеделдігін қамтамасыз ету үшін отын құю бригадасының жеке құрамы отын құю орындарына тікелей жақын орналасқан әрі радио және телефон байланысымен жабдықталған үй-жайларға орналастырылады. Арнайы көлікте (отын құйғыш, май құйғыш, отын құю агрегаттары) де радиобайланыс орнатылады.
Toggle Dropdown
13. Кезекті резервуарды қосардан бұрын және әр ауысымның басында ЖЖМ қызметінің авиаЖЖМ технигі шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуын тексереді.
Toggle Dropdown
Шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуы тексерілгеннен кейін әр резервуар бойынша тарату журналындағы «АвиаЖЖМ технигінің судың болуын тексергені туралы қорытындысы және қолы» деген бағанда «АвиаЖЖМ тазалығының деңгейін бақылау нәтижелері қанағаттанарлық. Беруге рұқсат» деген жазу жазылады.
Toggle Dropdown
Әр резервуар бойынша тарату журналының нысаны осы Қағидаға2-қосымшада айқындалған.
Toggle Dropdown
14. Арнайы көлік құралдарын азаматтық әуе кемелеріне отын құюға жіберуді кезекті ауысымның басында ЖЖМ қызметінің маманы арнайы көлік қызметінің механигімен (бригадирімен) бірге жүзеге асырып, арнайы көлік құралдарына рұқсат беру журналына белгі қояды. Отын құюға жіберілген арнайы көлік құралдары туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарланады.
Toggle Dropdown
15. Арнайы көлік құралдарын (отын құйғыштарды, май құйғыштарды) әрбір толтырған сайын ЖЖМ қызметінің маманы авиаЖЖМ-ның тазалығын тексереді, азаматтық әуе кемелеріне отын құюға рұқсат беру туралы бақылау талонына белгі қояды және бұл туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарлайды.
Toggle Dropdown
16. Арнайы көлік құралдарының (отын құйғыштың, май құйғыштың, отын құю агрегатының) азаматтық әуе кемелеріне отын құюға шығуы арнайы көлік құралы қызметі және/немесе ЖЖМ қызметі диспетчерінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
17. Азаматтық әуе кемесіне отын құю оның қозғалтқыштары тоқтағаннан және бактардан тұрып қалған қалдық төгілгеннен кейін азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтары мен бағдарламаларына (регламенттеріне) сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Отын құю басталғанға дейін азаматтық әуе кемесі тірек қалыптарымен нығайтылып, бекітіледі.
Toggle Dropdown
18. Арнайы көлік құралдарының азаматтық әуе кемелеріне жақындап келуін және оларды орнатуды ЖЖМ қызметінің осыған рұқсат етілген мамандары жүргізеді.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде авиаЖЖМ-мен қамтамасыз ету объектілерін техникалық пайдалану жөніндегі талаптар мен өрт қауіпсіздігі қағидалары сақталады.
Toggle Dropdown
19. Отын құюды бастамас бұрын азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік- авиациялық техниканың авиатехнигі):
Toggle Dropdown
1) бақылау талоны бойынша - отын құюға рұқсатты, арнайы көлік құралдары нөмірлерінің талонда көрсетілгендермен сәйкестігін, құюға берілген авиаЖЖМ-ның және судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың сәйкестігін, отын құйғыштардан отынның тұрып қалған қалдығы төгілген күні мен уақытын және оның тазалығын;
Toggle Dropdown
2) тұйықтау құралдарының және отын құю құралдары мен азаматтық әуе кемелерінің әлеуетін теңестіруге арналған құрылғылардың сенімділігі мен жарамдылығын;
Toggle Dropdown
3) отын құятын жерде бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын;
Toggle Dropdown
4) отын құйғыштар дөңгелектерінің астына тірек қалыптарының орнатылуын тексереді.
Toggle Dropdown
Тексеру аяқталған соң азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюға кірісуге рұқсат береді, отын құю режимін, сондай-ақ бактардың топтары бойынша бөле отырып, құюға арналған авиаЖЖМ-ның нақты мөлшерін көрсетеді.
Toggle Dropdown
20. Азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюды, азаматтық әуе кемесіне құйылған авиаЖЖМ-ның іс жүзіндегі мөлшерінің ұшуға арналған тапсырмада көрсетілген мөлшеріне сәйкестігін, авиаЖЖМ-ның азаматтық әуе кемесінің бактары мен отын және май жүйесінің топтарына дұрыс бөлінуін, судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчері азаматтық әуе кемелерінің үлгілері мен нөмірлері бойынша құйылған авиаЖЖМ-ның мөлшерін тіркейді және ЖЖМ қызметінің уәкілетті адамдарына әрбір азаматтық әуе кемесіне отын құюдың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
22. Азаматтық әуе кемесінің багынан авиаЖЖМ-ды төгу авиакомпанияның өтінімдері бойынша жүргізіледі. Өтінім арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне беріледі.
Toggle Dropdown
Төгу авиаЖЖМ-ның әрбір маркасына әдейі бөлінген, төгілетін отынның мөлшерін өлшеу құралдарымен жабдықталған отын құйғыштарға жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесінің бактарынан авиаЖЖМ-ды азаматтық әуе кемелеріне отын құюға арналған отын құйғышқа төгуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
23. Бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю азаматтық әуе кемелерінің ұшып шығуының кідіруін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары сақталған кезде орындалады.
Toggle Dropdown
Мыналар бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде:
Toggle Dropdown
1) өртке қарсы автотехниканың қосымша санын тарту;
Toggle Dropdown
2) азаматтық әуе кемесінің барлық есіктерін ашып тастау өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары болып табылады.
Toggle Dropdown
1
Азаматтық әуе кемелерін
авиациялық жанар-жағармай
материалдарымен қамтамасыз
ету қағидасына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының АА ӘК пайдаланылатын авиациялық отындардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың номенклатурасы
Toggle Dropdown
Өнімнің атауы | Өнімнің маркасы | МемСТ (мәтіні бойынша) |
1 | 2 | 3 |
БЕНЗИНДЕР |
Авиациялық бензин Авиациялық бензин Авиациялық бензин Өндірістік-техникалық мақсатқа арналған бензин | Б-70 Б-91/115 Б-92 Нефрас-С50/170 | ТШ 38.101913 МССТ 1012 ТШ 38.401-58-47 МССТ 8505 |
АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИНДЕР |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын Газтурбиналы қозғалтқыштарға арналған авиациялық отын | ТС-1.РТ, Т-1.Т-2 Джет А-1 (Jet A-1) | МССТ 10227-86 МССТ Р 52050-2003 |
АВИАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР |
Авиациялық май "Боинг" "А-310-300" Авиациялық май Май Авиациялық май Авиациялық май Май қоспасы (75% об МС-8П,МС-8РК немесе МК-8П+25% об МС-20) Синтетикалық май Синтетикалық май Синтетикалық май Синтетикалық май Авиациялық май Топса майы Гипоидты берілістерге арналған май Май қоспасы (50% об МС-8П,МС-8РК немесе МК-8П-|-50% об МС-20) Май қоспасы (67% об ТСгип -f33% об АМГ-10) Майқоспасы (25% об МС-8П, МС-8РК немесе МК-8П-|-75% об МС-20) Майқоспасы (50% об ТСгип -)- 50%обАМГ-10) Жағар май | МС-14 ЕТО 2380, MJ02 Mobil Jet Oil II МС-20 МК-8П МС-8П МН-7,5У СМ-4,5 ВНИИНП-50-1-4ф ВНИИНП-50-1-4у Б-ЗВ Лз-240 ИПМ-10 ВНИИНП-25 Тсгип СМ-8 СМ-9 СМ-11,5 50/50 132-08 | МССТ 21743-76 СР2442 MIL-L-23699 МССТ 21743-76 МССТ 6457 ССТ 38.01163-78 ТШ 38.101722-85 ССТ 54-3-175-72- 99 МССТ 13076-86 ТШ 38.401-58-12-91 ТШ 38.101295-85 ТШ 301-04-010-92 ТШ 38.1011299-90 МССТ 11122 ТШ 38.01260 - - - МССТ 18375-73 |
ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ |
Жұмыс сұйықтығы Жұмыс сұйықтығы Жұмыс сұйықтығы Гидросұйықтық Жұмыс сұйықтығы | АМГ-10 НГЖ-4, 4у НГЖ-5у SKYDROL500B4 FH-51 (АМГ-10) | МССТ 6794 ТШ 38.401891 ТШ 38.401-58-57-93 - MIL-L-5606 |
КОНСЕРВАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР МЕН ТҰНБАЛАР |
Консервациялық май Консервациялық жұмыс майы Тұнба | К-17 МС-8РК АКОР-1 | МССТ 10877-76 ТШ 38.1011181-88 МССТ 15171-78 |
ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР |
Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Баяу балқитын жағармай Бензинге төзімді жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай | ЦИАТИМ-201 Mobil 28 Aeroshell 22 ЦИАТИМ-203 ЦИАТИМ-221 Пушечная (ПВК) НК-50 БУ АМС-З ВНИИНП-207 ОКБ-122-7 Эра (ВНИИНП-286М) Сапфир (ВНИИНП-261) Атланта (ВНИИНП-254) ВНИИНП-246 ВНИИНП-282 | ГОСТ 6267-74 MIL-PFR-81322 MIL-PRF-81322 МССТ 8773-73 МССТ 9433-80 МССТ 19537 ТШ 38.01355 МССТ 7171 МССТ 2712 МССТ 19774-74 МССТ 18179 ТШ 38.101950-2000 ТШ 38.1011051-87 ТШ 38.1011048-85 МССТ 18852-73 ТШ 38.1011261-89 |
БАСҚА ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ |
Форвакуумды сорғыларға арналған май Төмен температуралы сағаттық май Аспап майы | ВМ-4 НИИЧП-МН-60У МП-601 | МССТ 23013 ТШ 18-2/19-76 ТШ 38.101787-79 |
ПАСТАЛАР |
Паста Паста Паста | ВНИИНП-225 ВНИИНП-232 ПФМС-4с | МССТ 19782-74 МССТ 14068-79 ТШ 6-02-917-79 |
АРНАЙЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР |
Мұздануға қарсы сұйықтық Мұздануға қарсы сұйықтық Мұздануға қарсы сұйықтық Техникалық этилцеллозольв Тетранидрофурфурилді спирт Сұйықтық Сұйықтық Мұздануға қарсы сұйықтық Техникалық этил спирті Синтетикалық этил спирті Техникалық ректификатталған этил спирті Этил спирті (басты фракция) Ректификатталған этил спирті (тағамдық шикізаттан) | "Арктика" Арктика ДГ Арктика-200" Жидкость "И" ТГФ ТГФ-М И-М Type I, Type II, Type IV A | ТШ 6-00-5763445-10-89 ТШ 2422-003-26759308-2005 ТШ6-00-5763445-5-88 МССТ 8313-88 МССТ 17477-86 ТШ 6-10-1457 ССТ 54-3-175-73-99 Классификация А.Е.А. МССТ 17299-78 МССТ 11547 МССТ 18300-87 ССТ 18.121-73 МССТ 5962 |
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР |
Арнайы сұйықтық концентраты Техникалық жуу құралы | CT-2 Вертолин-74 | ТШ 38.101318-77 ТШ 38.10960 |
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемелерін авиациялық
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету қағидасына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Резервуар бойынша тапсыру журналы
Toggle Dropdown
Ауысымды қабылдап-тапсыру | ЖЖМ атауы | Резервуар нөмірі | Резервуардағы ЖЖМ деңгейі, см | Резервуардағы ЖЖМ мөлшері, л | Паспорт нөмірі | Есептеуіш көрсеткіші | Берілген ЖЖМ мөлшері | Судың болуын тексеру туралы ЖЖМ технигінің қорытындысы мен қолы |
қабылдау кезінде | тапсыру кезінде | Резервуардағы өлшем бойынша | Есептеуіштер бойынша |
| | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Журналдың барлық бағандары толтырылғаннан және берілген ЖЖМ мөлшері жазылғаннан кейін қол қойылады:
Toggle Dropdown
Тапсырды ______________
Toggle Dropdown
Қабылдады _____________