Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 619 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.02.2012 № 248 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде:
3-тармақтың 8) тармақшасындағы "кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,", "мен кредиттер", "актуарлық үлгі негізінде есептелген" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.";
мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы "қолданылған" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Бас келісіммен көзделген өзге де";
23-тармақтағы "80" деген сандар "95" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі