Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 456 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8058 тіркелді
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 8 қазандағы № 456
бұйрығына 1-қосымша
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Осы «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтің регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 437, 439-баптарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мына негізгі түсініктер мен аббревиатуралар қолданылады:
1) Комитет – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
2) құрылымдық-функциональды бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушы, Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшелері және лауазымды тұлғалары;
3) мемлекеттік қызмет – зияткерлік меншік объектілерін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімге енгізу;
4) өтініш беруші – құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға;
5) ЭҚАБЖ – электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
3. Мемлекеттік қызметті Комитет ұсынады.
4. Ұсынатын мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1169 қаулысымен бекітілген «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде ұсынылады.
6. Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы хабарлама не қағаз тасығыштағы қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетіледі. Комитеттің жұмыс кестесі демалыс (сенбі және жексенбі) және мемлекеттік мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, соның ішінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 79-45-50, 79-45-96 телефондары бойынша Комитеттің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасынан, сондай-ақ Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Осы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін берумен өтініш беруші тапсырған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау, өтініштің екінші данасына кіріс нөмірі бар штамп қойылып, бөлу үшін басшыларға беріледі;
2) өтініш беруші тапсырған құжаттар пакетін жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберу;
3) өтініш берушімен ұсынылған құжаттарды Стандарттың 11-тармағына сәйкестігін қарау;
4) Комитеттің зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізуден бас тарту туралы шешімі Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда қабылданады;
5) зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындау және заң қызметімен келісу;
6) зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы бұйрықты тіркеу;
7) өтініш берушіні жазбаша түрде зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы хабардар ету.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
13. Өтініш беруші тапсырған құжаттар Комитеттің Ұйымдастырушылық және кадр жұмысы басқармасы тізім бойынша (қолма-қол, не поштамен) қабылдайды. Комитеттің кеңсесі қабылданған күнді көрсете отырып өтініш берушіге тізімнің көшірмесін жолдайды (тапсырады).
Қабылданған құжаттар қаралады, Комитеттің Ұйымдастырушылық және кадр жұмысы басқармасы ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін берумен бақылауға қояды. Тіркелген, тиісті дәрежеде ресімделген құжаттар Комитет басшысына одан әрі орындаушыға жіберу үшін беріледі.
Құжаттардың тапсырылғандығын растау оның Комитет кеңсесінде тіркелуі болып табылады.
14. Зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу үшін қажетті құжаттардың тізімі Стандарттың 11-тармағында көрсетілген.
15. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш беруші ол туралы Комитетке мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
16. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына ҚФБ қатысады:
1) Комитеттің Ұйымдастырушылық және кадр жұмысы басқармасының қызметкері (лері);