Toggle Dropdown
"Жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 907 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8270 тіркелді
Toggle Dropdown
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес, сонымен қатар «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентіне және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған «Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның МОИП-да орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Жұмағалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – қызмет) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Қызмет «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
Toggle Dropdown
4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
Toggle Dropdown
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
Toggle Dropdown
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе);
Toggle Dropdown
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ) – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензия қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
4) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асыруы кезінде ақпараттық жүйелерінің арасында өзара іс-әрекет жасауды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДБ) – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЗТ МДБ) – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
8) электрондық мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
9) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Toggle Dropdown
10) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Toggle Dropdown
11) пайдаланушы - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет көрсетуші);
Toggle Dropdown
12) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
Toggle Dropdown
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
14) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Toggle Dropdown
15) электрондық мемлекеттік қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Toggle Dropdown
16) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдаланумен ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға тең мағыналы болатын электрондық құжат нысанындағы лицензия;
Toggle Dropdown
17) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
Toggle Dropdown
18) Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚК АЖ) - Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиісті министрліктер және ведомстволар арқылы халыққа қызмет көрсету процесін автомоттандыруға арналған жүйе.
Toggle Dropdown
2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
құқығы бойынша тәртіп
Toggle Dropdown
6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қызмет берушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП арқылы қызмет функционалдық іс-қимылының 1-диаграммасы ) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген:
Toggle Dropdown
1) алушы ЭҮП-де тіркеуді алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
2) 1-процесс – алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузерінде бекіту, қызметті алу үшін алушының ЭҮП паролін (авторландыру процесі енгізуі);
Toggle Dropdown
3) 1-шарт – (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-де тексеру;
Toggle Dropdown
4) 2-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
Toggle Dropdown
5) 3-процесс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және нысанды толтыру үшін оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салудың нысанын экранға шығару, сұрау салу нысанына қажет электрондық түрдегі құжаттарды электрондық түрде бекіту;
Toggle Dropdown
6) 4-процесс – ЭҮТШ-де электрондық мемлекеттік қызмет төлемақысын жасау, бұдан кейін ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;
Toggle Dropdown
7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтің төлемақысын тексеру;
Toggle Dropdown
8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
Toggle Dropdown
10) 3-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
Toggle Dropdown
11) 7-процесс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастыру;
Toggle Dropdown
12) 8-процесс – алушының ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсету үшін сұрау салуды куәландыру (қол қою);
Toggle Dropdown
13) 9-процесс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де тіркеу;
Toggle Dropdown
14) 4-шарт – қызмет көрсетушінің алушының қоса берілген құжаттарының сәйкестігіне және қызмет көрсету үшін негіздемелерін тексеру (өңдеу);
Toggle Dropdown
15) 10-процесс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
16) 11-процесс – алушының «Е-лицензиялау» МБД АЖ қалыптастырылған электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастыру қызмет көрсету нәтижесін алуы.
Toggle Dropdown
7. Орталық арқылы қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттесу Орталық операторының қадамдық іс-әрекеттері және шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі № 2 диаграммасы ):
Toggle Dropdown
1) 1-процесс – Орталық операторының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға қызмет көрсету үшін логин мен пароль енгізу (авторлау процесі);
Toggle Dropdown
2) 2-процесс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Орталық операторының алушы деректерін енгізуі;
Toggle Dropdown
3) 3-процесс – сұрау салуды ЭҮШ арқылы алушы деректері туралы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға жолдау;
Toggle Dropdown
4) 1-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің болуын тексеру;
Toggle Dropdown
5) 4-процесс – алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауымен байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
6) 5-процесс – Орталық операторының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және толтырылған нысанның ЭЦҚ арқылы оларды сұрау салу нысанына бекіту;
Toggle Dropdown
7) 6-процесс – Орталық операторының ЭЦҚ куәландырған (қол қойылған) электрондық құжатты (алушының сұрауын) ЭҮТШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ жіберу;
Toggle Dropdown
8) 7-процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу;
Toggle Dropdown
9) 2-шарт – қызмет көрсетушінің алушының Стандартта көрсетілген қоса берілген құжаттарының сәйкестігіне және қызмет көрсету үшін негіздемелерін тексеру;
Toggle Dropdown
10) 8-процесс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
11) 9-процесс – алушының Орталық операторынан ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы.
Toggle Dropdown
8. Қызмет көрсетуге сұрау салу және қызметке жауап беру нысандары 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
9. Сұрау салу өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:
Toggle Dropdown
«ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
Toggle Dropdown
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.
Toggle Dropdown
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңесті саll-орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі
әрекеттер тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
Toggle Dropdown
4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
Toggle Dropdown
5) ХҚК АЖ;
Toggle Dropdown
6) ЖТ МДБ;
Toggle Dropdown
7) ЗТ МДБ;
Toggle Dropdown
8) алушы;
Toggle Dropdown
9) қызмет көрсетуші.
Toggle Dropdown
12. Іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаттамасы әрбір іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
13. Іс-әрекеттердің олардың сипаттамасына сәйкес логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері анкета формасы бойынша осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Toggle Dropdown
15. Алушыларға қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);
Toggle Dropdown
2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);
Toggle Dropdown
3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).
Toggle Dropdown
16. Қызмет көрсетудің технологиялық шарттары:
Toggle Dropdown
1) Интернетке шығу;
Toggle Dropdown
2) электрондық лицензия берілетін адамда ЖСН/БСН болуы;
Toggle Dropdown
3) ЭҮП-мен авторландыру;
Toggle Dropdown
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
Toggle Dropdown
5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.
Toggle Dropdown
«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
1-диаграмма. Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы
көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесу
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
2-диаграмма. Электрондық мемлекеттік қызметті қызмет беруші
арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесу
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Шартты белгілер:
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Электрондық мемлекеттік қызметінің экрандық формасы
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
1-сурет. Сұраныс түрін таңдау
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
2-сурет. «Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» қызмет сипаттамасы
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
3-сурет. Жеке кәсіпкерге ұсыныс беру макеті. 1-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
4-сурет. Заңды тұлғаға ұсыныс беру макеті. 1-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
5-сурет. ЖК/ЗТ ұсыныс беру макеті. 2-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
6-сурет. ЖК/ЗТ ұсыныс беру макеті. 3-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
7-сурет. ЖК/ЗТ ұсыныс беру макеті. 4-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
8-сурет. ЖК/ЗТ ұсыныс беру макеті. 5-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
9-сурет. ЖК/ЗТ ұсыныс беру макеті. 6-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
10-сурет. Төлем макеті 7-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
10.1-сурет. Төлем макеті 7.1-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
10.2-сурет. Төлем макеті 7.2-қадам.
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
11-сурет. Ұсыныстарды сақтау макеті. 8-қадам.
Toggle Dropdown
«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 3-қосымша
Toggle Dropdown
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
| Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| ҚФБ атауы | Алушы | ЭҮП | Алушы | ЭҮТШ | ЭҮП | Алушы | ЭҮП | Алушы | ЭҮП | ЭҮП | ЭҮП |
Іс-әрекеттің (процестің, рәсім деудің, операция ның) атауы және олардың сипатта масы | Алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту | Алушы деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады | Қызметті таңдайды және электрондық түрдегі қажет құжаттарды қоса берумен сұрау салу деректерін қалыптасты рады | Қызметке ақы төлеу | Төлем болмауына байланыс ты бас тарту туралы хабарлама қалыптас тырады | Сұрау салуды куәлан дыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау | Алушы ЭЦҚ түпнұсқа лылығының расталмауына байланыс ты бас тарту туралы хабарлама қалыптас тырады | ЭЦҚ көмегімен сұрау салуды куәландыру (қол қою) | «Е-лицензиялау» АЖ-да электрондық құжатты өтінішті (тұтынушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ-да сұрау салуды өңдеу | «Е-лицензиялау» АЖ-да тұтынушы деректерін дегі бұзушылық тарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптас тыру | Электрон дық құжат (электрондық лицензия) |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық- басшылық ету шешімі) | Сұрау салудың ойдағыдай қалыптас қандығы туралы хабарлама бейнелеу | Сұратып отырған электрон дық мемлекет тік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптас тыру | Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқан дығы туралы хабарлама бейнелеу | Әрекеттің ойдағыдай қалыптасқандығы туралы хабарлама бейнелеу | Сұратып отырған электрон дық мемлекет тік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Сұрау салуды маршрут тау | Сұрау салынған электрон дық мемлекет тік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптас тыру | Сұрау салуды маршруттау | Өтінішке нөмір бере отырып, сұрау салуды тіркеу | Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптас тыру | Электрон дық лицензия |
| Орындау мерзімдері | 10–15 сек | 20 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 10–15 сек | 10–15 сек | 10-15 сек | 1,5 мин | 15 жұмыс күні | - | - |
| Келесі әрекет нөмірі | 2–егер алушы деректе рінде бұзушылықтар болса; 3–егер авторландыру ойдағыдай өтсе | – | 4 | 5–егер ақы төлемесе, 6–егер ақы төлесе | – | 7-егер ЭҮП-де қате болса, 8 – егер ЭҮП қатесіз болса | - | - | 10-қызмет берушінің алушыны біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негізге сай екендігін тексеруі | – | - |
Toggle Dropdown
2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
Іс-әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| ҚФБ атауы | Қызмет беруші | «Е-лицензия лау» МДБ АЖ | Қызмет беруші | ЗТ МДБ | «Е-лицензия лау» МДБ АЖ | Қызмет беруші | «Е-лицензия лау» МДБ АЖ | «Е-лицензия лау» МДБ АЖ | «Е-лицензия лау» МДБ АЖ |
| Іс-әрекеттің (процестің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | «Е-лицензия лау» МДБ АЖ-да авторландырудан өтеді. | Деректерде бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады | Қызмет беруші қызметшіс інің қызметті таңдауы | Сұрау салуды ЗТ МДБ-ға алушының деректерін тексеруге жолдау | Деректерде бұзушы лықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Құжаттарды қосумен сұрау салу нысанын толтыру | «Е-лицензия лау» АЖ МДБ-да электрондық құжатты тіркеу және «Е-лицензия лау» АЖ-да сұрау салуды өңдеу | «Е-лицензия лау» АЖ МДБ-да тұтынушының деректерде бар бұзушы лықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық- басшылық ету шешімі) | Сұрау салудың ойдағыдай қалыптас қандығы туралы хабарлама бейнелеу | Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Сұрау салудың ойдағыдай қалыптас қандығы туралы хабарлама бейнелеу | Сұрау салуды маршруттау | Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқан дығы туралы хабарлама бейнелеу | Өтінішке нөмір берумен сұрау салуды жүйеде тіркеу | Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру | Электрондық лицензия |
| Орындау мерзімдері | 10–15 сек | 10 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 1,5 мин | 10–15 сек | 15 жұмыс күні | - | - |
| Келесі әрекет нөмірі | 1–«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да қызмет беруші қызметшісінің логині мен паролінің түпнұсқалы лығын тексеру | – | 4 | 5-егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар бар болса; 6-егер авторлау ойдағыдай өтсе | – | - | 8-егер «Е-лицензия лау» АЖ МДБ-да сұрау салу бойынша деректер жоқ болса; 9- егер сұрау салу бойынша деректер табылса | - | - |
Toggle Dropdown
1
«Жолаушыларды тасымалдау қызметiмен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» электрондық мемлекеттік қызметінің
регламентіне 4-қосымша
Toggle Dropdown
Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қол жетімділік»
көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама
____________________________________________________
(қызметтің атауы)
Toggle Dropdown
1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?
Toggle Dropdown
1) қанағаттанбадым;
Toggle Dropdown
2) ішінара қанағаттандым;
Toggle Dropdown
3) қанағаттандым.
Toggle Dropdown
2. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?
Toggle Dropdown
1) қанағаттанбадым;
Toggle Dropdown
2) ішінара қанағаттандым;
Toggle Dropdown
3) қанағаттандым.