Bestprofi Logo

Өкім № 59 от 1999-07-20г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі. 1999 жылғы 20 шілде N 59

1) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ереже;

2) Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 27 қазандағы N 1066 қаулысының күшін жоюды қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 59 өкімімен бекітілген

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы Ереже

1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты (бұдан әрі дипломаттық паспорт) Қазақстан азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрған кездерде және Қазақстан Республикасына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

2. Дипломаттық паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.

3. Дипломаттық паспорт тиісінше ресімделген жағдайда Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады.

4. Дипломаттық паспортты Қазақстан Республикасының осындай паспорт берілетін лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді.

Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша ерекше жағдайларда тізбеде көрсетілмеген тұлғаларға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар.

5. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға шығатын және дипломаттық паспорты бар адамдармен бірге жол жүретін жұбайларына, 18 жасқа дейінгі балаларына да дипломаттық паспорт беріледі. 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналардың бірінің паспортына жазылады.

6. Егер дипломатиялық паспорт иесі Қазақстанға оралғаннан кейін бір ай мерзімде республикадан тыс жерге тағы да шықпаса, дипломаттық паспорт азаматтар шетелдік сапарлардан оралысымен он күн мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тапсырылуға тиіс. Тапсырылғаннан кейін паспорттардың сақталуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.

Дипломаттық паспорттардың Сыртқы істер министрлігіне уақтылы қайтарылуы үшін тапсырыстары бойынша дипломаттық паспорттар ресімделген тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өздеріне дипломаттық паспорт берілген тұлғалар дербес жауапты болады.

7. Дипломаттық паспорт бес жыл мерзімге беріледі.

8. Шетелде дипломаттық паспортын жоғалтқан жағдайда паспорт иесі бұл туралы Қазақстан Республикасының таяу жердегі дипломаттық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне, егер Қазақстан Республикасының аумағында жоғалтқан болса Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дереу мәлімдеуге міндетті.

Жоғалғанның орнына жаңа паспорт беру жоғалту туралы ақпарат тексерілгеннен кейін жүргізіледі.

9. Егер паспорт иесі оны иеленуге құқығын жоғалтқан болса, Сыртқы істер министрлігі лауазым иесінен дипломаттық паспортты қайтаруды талап етуге міндетті.

10. Дипломаттық паспортты оның иесі республика аумағында азаматтық-құқықтық келісімдер жасасқан және сенімхаттар ресімдеген кезде пайдалана алмайды.

11. Дипломаттық паспорттардың бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тапсырыстары бойынша жасалады.

12. Дипломаттық паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание