| № | Іс-шаралар | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны | Орындау үшін жауаптылар | Орындауға бақылау |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі нығайту және дамыту |
| 1. | ҚХА-ның XIX сессиясындағы Мемлекет басшысы сөзінде белгіленген қағидаттарды ескере отырып ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясын пысықтау және қабылдау | 2012 жылдың соңына дейін | Жарлық жобасы | ҚХАХ, МАМ | ҚХАХ |
| 2. | Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары меңгерушілерін тәжірибелі және беделді мамандардан жасақтау | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ | ҚХАХ |
| 3. | Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ | ҚХАХ |
| 4. | Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастық тәжірибесін облыстық мәслихаттар деңгейінде тарату | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, Астана және Алматы қалалары, облыстар мәслихаттары хатшылары, ҚХАХ | ҚХАХ |
| 5. | Жоғары оқу орындарының, ұлттық компаниялардың және кәсіпорындардың ірі ұжымдарында, оның ішінде республиканың қалалары мен аудандарында ҚХА-ның жаңа жұмыс нысандары тәжірибеге енгізу | 2012 жылғы 1 қазанға дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | БҒМ, ЭДСМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚХАХ | ҚХАХ |
| 6. | Этносаралық және конфессияаралық саланы зерттеу орталығының штатын кеңейтіп, ресурстық және кадрлық әлеуетін күшейту, оны зерттеу жүргізуге арналған тапсырыстармен қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін | ҚР ПӘ есеп | МҚІА, БҒМ, МАМ, ЕХӘҚ, ІІМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
| 7. | Мемлекеттік этносаясатты іске асыру және Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастарды реттеу жөніндегі тренингтер өткізуді жалғастыру | 2012 - 2013 жылдар ішінде | ҚР ПӘ есеп | МҚІА, ҚХАХ Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ҚХАХ |
| 8. | 30 жылдардың басындағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығына және жаппай саяси қуғын-сүргіндердің 75-жылдығына арналған шараларға ҚХА-ның қатысуын қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | ҚР ПӘ ессп | ҚХАХ, МАМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ҚХАХ |
| 9. | Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін Еуропаның (Чехия, Словакия, Швецария, Германия) жетекші университеттерінің оқу бағдарламалары арқылы халықаралық деңгейде кеңінен таратуға қолдау көрсету | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | ҚР ПӘ есеп | СІМ, БҒМ, МАМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
| 10. | Кітапхана қоры мен ҚХА-ның депозитарийіне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының электрондық порталын қолдау жөнінде шаралар қабылдау | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, МАМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
| 11. | ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы орталық базасында Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу халықаралық орталығын құру мүмкіндігін зерделеу | 2013 жылғы 1 ақпанға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, МҚІА, ҚХАХ | ҚХАХ |
| 12. | Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу (Малайзия тәжірибесі үлгісінде) | 2013 жылғы 1 ақпанға дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | БҒМ | ІСБ |
| 2. Әлеуметтік жаңғыру және жастар саясаты |
| 13. | Жастарды күмәнді діни топтардың ықпалынан сақтайтын тиімді шаралар кешенін әзірлеу | 2012 жылғы 1 қазанға дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | ДІА, БҒМ, МАМ, ҰҚК, БП, ІІМ | ІСБ |
| 14. | Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге ҚХА-ны тартуды және жергілікті жерлердегі өзара іс-қимылдың этносаралық және дінаралық барлық аспектілерін есепке алуды қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, ЭДСМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
| 15. | Базалық кәсіпорындар тізбесін айқындап және жұмысшы мамандарды әзірлеудің екіжақты үлгісін біртіндеп енгізудің жоспарын әзірлеу | 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, БҒМ, ИЖТМ, ЕХӘҚМ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | ӘЭМБ |
| 16. | Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | Тұжырымдама жобасы | ПМК, БҒМ, ММА, ЭДСМ, ӘдМ, ЕХӘҚМ, ҚМ, ИЖТМ, АШМ, ДСМ, ҚТКШІА, СДША, ДІА, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ІСБ, ӘЭМБ, СӘТО |
| 17. | Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заңнаманы жаңарту | 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, БҒМ, ИЖТМ, ЕХӘКМ, ДСМ, АШМ | ІСБ, ӘЭМБ |
| 18. | БҒМ құрылымында Жастар саясаты жөніндегі комитет, ал өңірлерде - тиісті басқармалар құру | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | комитет және басқармаларды құру туралы есеп | ПМК, БҒМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘдМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ІСБ, ӘЭМБ, МБАҰЖБ |
| 19. | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің жастар ісі жөніндегі өңірлік кеңестерге өзінің төрағалық етуін қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | МБАҰЖБ, ІСБ |
| 20. | Жастар үшін әлеуметтік көтергіштер қалыптастыратын заңнамалық және әлеуметтік экономикалық шаралардың жүйелі пакетін дайындау | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК | ІСБ |
| 21. | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы мәселені пысықтау | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | ПМК | ІСБ |
| 22. | «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясын әзірлеу және бекіту | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | ҚР ПӘ ақпарат | "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ІСБ |
| 23. | «Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіруге, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға белсенді қатысу | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ есеп | ҚХАХ, ҚМ, ЭДСМ, МАМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ҚХАХ |
| 24. | Индустрияландыру бағдарламасы мен экономиканы жаңғыртуды іске асыру аясында жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттарын сақтауына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ есеп | "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ҚХАХ |
| 25. | Жұмысқа орналасу және оқу орындарына түсу кезінде туыстық, жершілдік және жеке адалдық, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен күресті күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ баяндама | ПМК, МҚІА, БҒМ, ЕХӘҚМ, ЭҚСЖҚКА | ҚҚЖБ |
| 26. | Спорттық объектілер мен ғимараттардың, сондай-ақ білім беру мекемелерінде спорттық кешендердің азаматтар үшін кешкі уақытта және демалыс күндері қолжетімді болуын қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ ақпарат | СДША, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ІСБ |
| 27. | Әзірленіп жатқан «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясынада келесі шарттарды: жалдау ақысын тұрғын үй құнына қосуды, төлем қабілеттілігін, жастарға басымдық беруді ескере отырып жалға алу арқылы кейіннен құнын төлеп сатып алудың ашық тетіктерін қарастыру | 2012 жылғы маусым | ҚР ПӘ ақпарат | ҚТКШ, ЭДСМ, ҚМ, ЕХӘҚ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | ӘЭМБ, МБАҰЖБ |
| 28. | «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы аясында жастардың Мемлекет басшысымен кездесуін қамтамасыз ету | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | Кездесулер өткізу туралы есеп | МАМ, БҒМ, Қазақстанның Азаматтық альянс (келісім бойынша) | ІСБ, ҚХАХ |
| 29. | Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының, депутаттардың жастар, әсіресе студенттер алдында жүйелі түрде сөз сөйлеуін ұйымдастыру | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аппараттары, БҒМ, Астана және Алматы қалалары әкімдері | ІСБ, МБАҰЖБ |
| 30. | Президенттің - ҚХА Төрағасының XIX сессияда берген тапсырмаларының орындалуына қоғамдық бақылау орнату | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | ҚХАХ Кеңесіне есеп | ҚХАХ, "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ҚХАХ |