Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 236 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7128 тіркелді
Редакция 28.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл/қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Некеге тұруды тіркеу туралы өтініш беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы анықтама беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И.Сексембаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы Байланыс
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 236 бұйрығына 1-қосымша
"Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл/қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. "Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл/қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру" электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызметтер) мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру туралы" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) "Азаматтық хал актілері жазбасы" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандыру дәрежесі:
жартылай автоматтандырылған (өтініш беру үдерісі автоматтандырылған).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқарған сөздер:
1) "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) – азаматтық хал актілерін тіркеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары (бұдан әрі – АКҚҚ) – оның мағынасын жасыру не/немесе түпнұсқаландыруды қамтамасыз ету (түпнұсқаландыру деп ақпараттың түпнұсқа екенін анықтау түсініледі және алынған ақпарат бұрмаланбай берілді дегенді білдіреді) мақсатында ақпаратты қайта құрудың алгоритмдері мен әдістері;
3) жеке сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
4) құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
5) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
6) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
7) уәкілетті орган – аумақтық әділет органы;
8) Ұлттық куәландырушы орталық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰКО АЖ) – қызметті тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің деректерін сәйкестендіру үшін пайдаланатын жүйе;
9) "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
10) "электронды үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – барлық электрондық қызметтер мен "электрондық үкіметтің" электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай орнын ұсынады;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
12) электрондық құжат – ақпарат электронды цифрлы нысанда берілген және электрондық цифрлық құжат арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі адымдық әрекеттері мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
1) тұтынушы ЖСН көмегімен "ЭҮП" АЖ-ға тіркеуі жүзеге асырады ("ЭҮП" АЖ-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – тұтынушы туралы деректердің "ЭҮП" АЖ (пароль ЭҮП-де, ЖСН - "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында тексеріледі), түпнұсқалылығын тексеру үдерісі, "ЭҮП" АЖ-нен электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу;
3) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу);
5) 4-үдеріс – сәйкестендіру деректерін және "ҰКО" АЖ-да тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерге сұрау салу;
6) 1-шарт – тұтынушының АКҚҚ-сын пайдаланумен тіркеу куәлігінің мерзімін және тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру;
7) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – электрондық мемлекеттік нысанды көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қою және тұтынушының одан әрі әрекеттері туралы ақпаратты алу;