"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты беру тізбесі мен мерзімдері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 33 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 наурызда № 7466 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 258 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қаулы 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қор биржасының мүшелері (екінші деңгейдегі банктерді және ұлттық пошта операторын қоспағанда) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың күнтізбелік соңғы күнінен кешіктірмей қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына (бұдан әрі – № 41 қағидалар) 10, 11, 14 және 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) береді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 98 Қаулысымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 258 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 жылғы № 165 Қаулысна сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұлттық пошта операторы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей қор биржасына № 41 қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) береді.
2. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор биржасының мүшелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 98 Қаулысымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 250 Қаулысына сәйкес (27.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 жылғы № 165 Қаулысна сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қор биржасының мүшелері жыл сайын есепті, жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде қор биржасына аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді), және ол мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік балансты;
2) пайдалар мен шығындары туралы есепті;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есепті;
5) түсіндірме жазбаны.
Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар қор биржасы мүшесінің жеке жылдық есептілігінің аудиторлық ұйыммен расталу талабы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін таралады.
4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қаржылық есептілік қор биржасына "Microsoft Ехсеl" электрондық форматта ұсынылады.
2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептілік қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.
Аудиторлық есеп қор биржасына РDF, ТІҒҒ немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).
5. Қор биржасының мүшелері:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 258 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының 2-тармағында көзделген қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 жылғы № 165 Қаулысна сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативтің бұзылғаны туралы ақпаратты осындай бұзушылық туындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) қор биржасы қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысуға жіберген қор биржасы мүшесінің трейдерлері құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты осындай өзгерістердің негіздемелері туралы мәліметтерді көрсете отырып олар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 жылғы № 165 Қаулысна сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тізбесі мен беру мерзімдері «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты қор биржасына береді.
5-1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарының талаптары шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар болып табылатын қор биржасының мүшелеріне қолданылмайды.
Осы Қаулы 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 98 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қор биржасы мүшелерінің осы санатына қойылатын талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
6. Қор биржасы 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулының 4-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес келтірсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _______ Ә.А.Смайылов
2012 жылғы 11 наурыз
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |