Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " 2000 жылғы 7 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1195 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " 2000 жылғы 7 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1195 қаулысымен бекітілген
"Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі - Техникалық регламент) объектілері, бұдан әрі "таразылар" деп аталатын дененің массасын анықтау үшін қызмет ететін барлық автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптар болып табылады.
Осы Техникалық регламенттің талаптары:
1) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында пайдаланылатын;
2) мемлекеттік метрологиялық бақылау саласынан тыс пайдаланылатын таразыларға қолданылады.
Таразыларды бірдейлендіру осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасына сәйкес осы Техникалық регламенттің қолданысы қатысты болатын өнімнің тізбесін пайдалану, оларды таңбалау және олармен дененің массасын белгілеу жолымен жүргізіледі.
2. Осы Техникалық регламент таразыларды қолдана отырып, орындалған өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әрі Қазақстан Республикасының экономикасын қорғауға бағытталған.
3. Аулақ жүру жөн болатын негізгі қауіпті фактор (қатер) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін таразыларды пайдалану болып табылады.
4. Осы Техникалық регламенттің талаптары кейіннен әкете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына өлшем мақсаттарынсыз таразыларды уақытша әкелуді көздейтін көрмелер, ғылыми симпозиумдар мен басқа да іс-шараларды жүргізу кезеңінде әкелінетін таразыларға қолданылмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " 2000 жылғы 7 маусымдағы және " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарымен белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады:
1) автоматты емес салмақ өлшейтін аспап - өлшеу барысында оператордың іс-қимылын (қатысуын) талап ететін гравитациялық жүктеменің әсер ету жағдайында дененің массасын анықтауға (осы денеге ауырлық күшінің әсерін пайдалану жолымен) арналған өлшем құралы;
2) бөлу бағасы (d) - ұқсас есептегіш құрылғысы бар таразылар шәкілінің екі көрші белгілеріне сәйкес келетін масса мәндерінің түрлілігі немесе таразыларды есептеудің дискреттігіне сәйкес келетін массаның мәні;
3) дәлдік - олардың қателігінің нөлге жақындығын білдіретін таразылар сапасының сипаттамасы;
4) дәлдік класы - жол берілетін негізгі және қосымша қателіктердің шегімен, сондай-ақ мәндері таразылардың жекелеген түрлеріне нормативтік құжаттарда белгіленетін дәлдікке әсерін тигізетін басқа да қасиеттермен анықталатын таразылардың жинақталған сипаттамасы;
5) өнім беруші - өз атынан таразыларды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде шетелдік немесе жеке кәсіпкер;
6) көп аралықты таразылар - жүктеменің көбеюінде де сол сияқты азаюында да автоматты түрде белгіленетін шәкілдерінің әртүрлі аралықты жекелеген кіші диапазондарға бөлінген өлшеудің бір диапазоны бар таразылар;
7) көрсетуші құрылғы - таразылаудың нәтижелерін тікелей есептеуге болатын таразылардың құрамдас бөлігі;
8) пайдаланымға беру - таразыларды мақсаты бойынша қолдануға дайындығын белгілейтін құжаттық рәсімделген оқиға;
9) нөлге орнату құрылғысы - таразыларды нөлдік жағдайға әкелуге көмектесетін құрылғы;
10) өлшеу диапазоны - өлшеудің ең аз және ең көп шегі арасындағы диапазон;
11) өлшеудің бірнеше диапазоны бар таразылар - әртүрлі барынша көп қабылданатын жүктемесі және сол бір ғана жүк қабылдайтын құрылғы үшін шәкілінің әртүрлі аралығы бар өлшеудің екі немесе одан да көп диапазоны бар таразылар. Әр диапазон нөлден басталады және барынша көп қабылданатын жүктеменің мәнімен аяқталады;
12) өлшеудің ең көп шегі (ӨКШ), өлшеудің ең аз шегі (ӨеАШ) - төменнен және жоғарыдан (сол жағынан және оң жағынан) өлшеу диапазонын шектейтін жүктеме шамасының мәні;
13) өндіруші - өз атынан таразыларды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде шетелдік немесе жеке кәсіпкер;
14) салыстырып тексеруді бөлудің бағасы (е) - таразыларды жіктеу және оларға қойылатын дәлдік талаптарын нормалау кезінде пайдаланылатын масса бірліктерімен көрсетілген шартты шама;
15) салыстырып тексеруді бөлудің саны - өлшеудің ең көп шегінің салыстырып тексеруді бөлудің бағасына қатынасы (n = ӨКШ/е);
16) таразыларды нарықта орналастыру - өндірушінің (өнім берушінің) таразыларды айналымға шығаруға ұсынуы;
17) таразылардың нарықтағы айналымы - таразыларды өндіруді аяқтағаннан кейін олар өтетін барлық процестерді қамтитын таразылардың өндірушіден пайдаланушыға (тұтынушыға) қозғалысы.
3. Қазақстан Республикасының нарығында таразылар айналымының шарттары
6. Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылатын таразылар Заңның және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Қолданылуы осы Техникалық регламенттің 1-тармағы 1) тармақшасында санамаланған айналымдағы таразылар Заңда және осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасына сай таразылардың сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
Таразылар құрылғыларды қамтитын техникалық регламентте осы Техникалық регламенттің 1-тармағы 1) тармақшасында санамаланған қолданудың түрлері үшін пайдаланылмайтын құрылғылармен байланысты жағдайда мұндай құрылғылар, сондай-ақ осы Техникалық регламенттің 1-тармағы 2) тармақшасында санамаланған таразылар осы Техникалық регламенттің 4 және 5-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген құрылғылар өлшем нәтижелеріне әсерін тигізбеуі тиіс.
7. Таразылар пайдалану шарттары туралы ақпараты бар Техникалық құжаттамаларға сәйкес және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес жинақталуы және пайдаланылуы тиіс.
8. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін осы Техникалық регламенттің 7-тарауында келтірілген Заңның 17-бабына сәйкес типін бекітудің белгісімен таңбаланған таразылар айқындалған жағдайда техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауы тиіс.
4. Метрологиялық талаптар
9. Масса бірліктері
Қолданылатын масса бірліктері Өлшемдер және салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңнама метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бірліктер жүйесіне (бұдан әрі - СИ жүйесі) сәйкес келуі тиіс.
Берілген шартты орындау кезінде мынадай бірліктерге рұқсат берілген:
СИ жүйесінің бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм, микрограмм;
СИ жүйесінен тыс басқа бірліктер: тонна, троялық унция, метрикалық қарат (асыл тастарды өлшеу кезінде).
10. Дәлдік кластары
Мынадай дәлдік кластары белгіленген:
I - арнайы
II - жоғары
III - орташа
IV - қарапайым
Таразылардың сипаттамалары көрсетілген дәлдіктің кластарына байланысты осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
11. Шәкілді бөлу бағасы
Шәкілді бөлу бағасының (есептеу дискреттігі) (d) және салыстырып тексеруді бөлу бағасының (е) мынадай түрі болуы тиіс:
1*10 к , 2*10 к немесе 5*10 к масса бірлігі, мұндағы к - бүтін сан немесе нөл.
Көмекші құрылғылары бар таразылардан басқа барлық таразылар үшін мынадай шарттар белгіленген:
е=1*10 к г;
d<е < 10 d,
I дәлдік класының таразыларынан басқа, олар үшін d < 10 -4 г; е = 10 -3 г.
12. Таразылардың түріне байланысты қойылатын метрологиялық талаптар:
1) Өлшеудің бір диапазоны бар таразылар
Көмекші құрылғымен жарақтандырылған таразылар I дәлдік класына немесе II дәлдік класына жатуы тиіс. Бұл дәлдік кластарының таразылары үшін өлшеудің төменгі шегінің ең аз рұқсат етілген мәндері кестеде көрсетілген осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес келеді, мұнда 4-бағандағы салыстырып тексеруді бөлу бағасы (е) шәкілді бөлу бағасына (d) ауыстырылады.
Егер d < 10 -4 г болса, онда I дәлдік класын таразылаудың ең көп шегі 50000 е аз болуы мүмкін.
2) өлшеудің бірнеше диапазоны бар таразылар (шәкілдің бөлудің түрлі бағасы бар таразылар)
Өлшеудің бірнеше диапазонының болуы, егер олар таразыларда нақты көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Өлшеудің әрбір жекеленген диапазоны осы техникалық регламенттің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жіктеледі.
3) Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразылар (көп аралықты таразылар)
Өлшеудің бір диапазоны бар таразыларда өлшеудің бірнеше кіші диапазондары болуы мүмкін (шәкілді бөлудің түрлі бағасы бар таразылар).
Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразылар көмекші көрсетуші құрылғымен жарақтандырылуы тиіс емес.
Өлшеудің әрбір кіші диапазондары үшін мыналар белгіленеді:
салыстырып тексерудің бөлу бағасы е i , мұнда е (i+1) < е i ;
өлшеудің ең көп шегі ӨКШ i , мұндағы ӨКШ i = ӨКШ белгіленеді;
өлшеудің ең аз шегі ӨеАШ i, мұндағы ӨеАШ i = ӨКШ (i-1) және ӨеАШ i = ӨеАШ, мүнда і = 1, 2,... r, і - өлшеудің кіші диапазондарының нөмірі;
r - өлшеудің кіші диапазондарының жалпы саны.
Өлшеудің барлық шектері әрқашан пайдаланылатын ыдыстың массасына қарамастан жүктемелердің таза массасына сәйкес келуі тиіс.
Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразыларды жіктеу осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Өлшеудің барлық кіші диапазондары таразылардың дәлдік класы сияқты сол дәлдік класына жатуы тиіс.
13. Дәлдік
Таразылардың қателігі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірілген таразылардың барынша көп жол берілетін қателігінің шегінен артып кетпеуі тиіс. Сандық индикация жағдайында таразылардың қателігі дөңгелектену қателігіне дейін түзетілу қажет.
Таразылардың барынша жол берілетін қателіктерінің шегі ыдыс массасының алдын ала белгіленген мәндерін қоспағанда, барлық ықтимал жүктемелердің нетто және ыдыс массасының мәндері үшін қолданылады.
Пайдалану уақытында таразылардың барынша көп жол берілетін қателіктерінің шегі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірілген барынша көп жол берілетін қателіктердің шегінен екі есе жоғары болуы мүмкін.
Таразылардың көмегімен өлшеудің нәтижелері әртүрлі көрсетуші құрылғыларды немесе әртүрлі өлшеу әдістерін пайдалану кезінде қайталанылатын және жаңғыртылатын болуы тиіс.
Таразылар жүкті қабылдайтын құрылғыға жүктеме жағдайының өзгерістеріне жеткілікті түрде сезімтал болмауы тиіс.
Таразылар жүктеменің ең аз өзгерісін сезінуі тиіс.
14. Әсер ететін ықпалдарға орнықтылық
II, III және IV дәлдік кластарының таразылары пайдалану кезінде көлденең күйден кездейсоқ ауытқуын сезбеуі тиіс.
Таразылар, өндіруші белгілеген температуралық диапазонда қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Температуралардың жұмыс диапазоны:
I дәлдік класының таразылары үшін - 5 о С-дан
II дәлдік класының таразылары үшін - 15 о С-дан
III немесе ІV-дәлдік кластарының таразылары үшін - 30 о С-дан төмен болмауы тиіс.
Егер өндіруші мұндай сипаттамаларды белгілемеген болса, минус 10 о С-дан 40 о С-ға дейінгі жұмыс температурасының диапазоны қолданылады.
Ауыспалы тоқтың желісінен жұмыс жасайтын таразылар жол берілетін тербелістер шегінде электрмен қоректенуді беру шартымен метрологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Батареядан қоректенетін таразылар ең аз қажетті шамадан төмен кернеудің кезкелген төмендеуінде дұрыс жұмыс істеуін жалғастыруы не автоматты түрде өшірілуі тиіс.
I дәлдік класына және II дәлдік класына жататындардан басқа, электронды таразылар е < 1 г кезінде олардың температуралық диапазонының жоғарғы шектерінде салыстырмалы жоғары ылғалдылық шартындағы метрологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
II, III немесе IV дәлдік класы таразыларының жүктемесі ұзақ уақыт бойында жүктемені алып тастағаннан кейін бірдей өлшеудің көрсеткіштеріне және нөлдік мәнге елеусіз әсері болуы тиіс.
Басқа әсер етуші ықпалдар кезінде таразылар дұрыс жұмыс жасауын жалғастыруы не автоматты түрде өшірілуі тиіс.
5. Таразылардың конструкциясына және құрылғысына қойылатын талаптар
15. Таразыларды жобалау және әзірлеу таразылар жұмыс жағдайында қолданудың метрологиялық сипаттамаларын сақтайтындай және массаның мәндерін көрсететіндей түрде жүзеге асырылуы тиіс.
16. Электронды таразыларда жаңылысулар болмауы тиіс немесе бұл жаңылысулар автоматты түрде анықталуы және индикацияға шығарылуы тиіс.
17. Таразыларды пайдаланудың барлық кезеңінде осы Техникалық регламенттің 13, 14-тармақтарында көрсетілген талаптар орындалуы тиіс.
Электронды таразыларда өлшеу процесінің, көрсетуші құрылғысы жұмысының, барлық деректерді сақтау және беру дұрыстығына тиісті бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.
18. Егер сыртқы жабдық электронды таразыларға тиісті интерфейс арқылы қосылған болса, бұл таразылардың метрологиялық сипаттамаларына кері әсерін тигізбеуі тиіс.
19. Таразылардың оператор тарапынан әсер етуі өлшеу нәтижелерін өзгертуге әкелетін бөлігі кездейсоқ және жосықсыз ықпал етуден барынша қорғалуы тиіс.
20. Таразылардың өлшеу нәтижелерін және басқа өлшемдерін индикациялау дәл, екі мағыналы емес болуы және адастыруға әкелмеуі тиіс, ал көрсетуші құрылғы жұмыс жағдайында қолдану көрсеткіштерін оңай санау мүмкіндігімен қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық регламенттің 9-тармағында келтірілген бірліктердің атаулары мен белгілеулері, нормативтік құжаттарда (бұдан әрі - НҚ) көрсетілген әрекеті таразыларға қолданылатын іс-әрекетке сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа метрикалық қарат үшін "ct" белгілеуі енгізіледі.
Көрсеткіштер 9 е үлкейтілген ӨКШ аспауы тиіс.
Қосымша құрылғыны ондық белгіден оң жаққа қарай орналастыруға рұқсат етіледі. Шығарылатын көрсеткіш қондырғыны уақытша ғана қолдануға болады. Оның жұмыс істеу уақытында баспа қондырғысының жұмысына тыйым салынады.
Қайталама көрсеткіштер оларды бастапқы көрсеткіштер үшін қате қабылдауға жол бермеу жағдайында орын алуы мүмкін.
21. Басып шығарылған нәтижелер дұрыс, сәйкес белгіленген және бір мағыналы болуы тиіс. Басып шығару анық, оңай оқылуы және өшпеуі тиіс.
22. Қажет болған жағдайда таразылар теңестіретін құрылғысымен және нөлге орнату құрылғысымен жарақталуы тиіс.
Бұл құрылғылардың жұмысы нөлге дәл орнатуды және ыдыс, брутто, неттоның массасын дұрыс айқындауды қамтамасыз етуі тиіс. Ыдыстың берілген массасын анықтайтын құрылғының іс-әрекеті неттоның мәнін дұрыс есептеп шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
23. Таразыларда ыдысты алдын ала өлшеудің бір немесе бірнеше құрылғысы және ыдыстың массасын өтеу құрылғысы болуы мүмкін. Ыдыстың массасын өтеу құрылғысының жұмысы нөлге дәл орнатуды және неттоны дәл өлшеуді қамтамасыз етуі тиіс. Ыдысты алдын ала өлшеу құрылғысының жұмысы брутто немесе нетто массасын есептеп шығару және есептеу нәтижелерін көрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
24. Өлшеудің ең көп шегі 100 кг аспайтын тауарларды сатып алушыға тікелей сатуға арналған таразылар мынадай қосымша талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) өлшеу процесі туралы барлық елеулі ақпаратты қамтитын индикациясының болуы, ал егер де таразыларда бағаның индикациясы бар болса, олар сатып алатын тауар бағасының есебін анық көрсетуі тиіс;
2) егер таразылар төлеуге жататын соманы көрсететін болса, онда ол сома дәл болуы және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетілуі тиіс;
3) құнды есептейтін таразылар, сатып алушы тиісті түрде оқуға жеткілікті уақыт кезеңі бойына барлық маңызды көрсеткіштерді индикацияға шығаруы тиіс;
4) құнды есептейтін таразылар, егер осы функцияларға қатысты барлық көрсеткіштер анық, бір мағынада басып шығарылған және сатып алушы үшін ыңғайлы түрде чекте немесе түбіртекте жазылған жағдайда ғана тауар бірлігін өлшеуден және құнды есептеуден басқа функцияларды орындай алады;
5) таразыларда дұрыс түсіну қиын немесе мүмкін емес көрсеткіштерді бейнелеудің тура немесе жанама себептері болып табылатын сипаттамалардың болмауы тиіс;
6) таразылар сатып алушыны өлшемнің теріс нәтижелерінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс;
7) қосымша көрсеткіш құрылғыларды және шығарылатын көрсеткіш құрылғыларды қолдануға болмайды. Қосымша қондырғылардың бар болуына оларды пайдалану үшін қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
8) осы Техникалық регламенттің осы тармағында жазылған талаптарға сәйкес келмейтін сатып алушыға тікелей сату үшін қолданылатын таразыларға ұқсайтын таразыларда "Сатып алушыға тікелей сату үшін пайдалануға тыйым салынады" деген өшпейтін таңбалаудың болуы тиіс.
25. Тауардың бағасы көрсетілген затбелгілерді басып шығаратын таразылар мүмкіндігінше осы талаптарды оларға қолдануға болатындай мөлшерде болса, халыққа тікелей сатуға арналған таразыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс. Өлшеудің ең аз шегінен төмен салмақтың мәні үшін бағаны көрсетіп затбелгіні басып шығаруға жол берілмейді.
6. Таразылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
26. Таразылардың конструкциясы монтаждау (бөлшектеу) және пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс, жекелеген бөлшектердің және жүктеменің барлық көзделген режимдерінде жинақтаушы бірліктердің бұзылу мүмкіндігін, олардың құлау, аударылу және пайдалану шарттарында көзделген жағдайларда өз бетінше жылжу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
27. Электронды таразылар тудыратын электрлік және электромагниттік кедергілер басқа жабдықтың жұмысына және адамның денсаулығына әсерін тигізбеуі тиіс.
28. Пайдалану процесінде шуды тудыратын таразылардың дыбыс деңгейі:
60 дБА - тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ішінде орналасқан таразылар үшін;
80 дБА - өндірістік үй-жайларда және ашық алаңдарда орналасқан таразылар үшін аспауы тиіс.
29. Таразыларда осы Техникалық регламентте көзделген міндетті бақылау оңай орындауға болатындай конструкция болуы тиіс.
30. Электронды таразылардың конструкциясы пайдалану кезіндегі электр қауіпсіздігін электрлік және электромагниттік кедергілерге төзімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
7. Таразыларды таңбалау
31. Қолданылу саласы осы Техникалық регламенттің 1-тармағының 1) тармақшасында санамаланған санға жататын таразыларды таңбалау мыналарды қамтуы тиіс:
1) берілген таразыларға жататын НҚ-ға сәйкес жазулар: өндірушінің атауы немесе тауарлық белгісі; екі жартылай дөңгелекпен жалғасқан сопаққа немесе көлденең сызықтарға орнатылған дәлдік класы; "ӨКШ..." түріндегі өлшеудің ең көп шегі...; "ӨеАШ..." түріндегі өлшеудің ең аз шегі...; "е =" түріндегі салыстырып тексерудің бөлу бағасы; сондай-ақ жекелеген, бірақ тәуелді өлшем бірліктерімен - әр бірлікті белгілейтін таразыларға арналған зауыттық нөмір; егер ол е-ден "d =..." түрінде айырмасы болатын болса шәкілді бөлу бағасы, егер ӨКШ ден "Т = -..." түрінде айырмасы болатын болса "Т = +..." түрінде көбею жағына ыдыстың барынша көп жол берілетін іс-әрекеті; егер ол d-дан "d T =..." түрінде айырмасы болатын болса ыдысты шығару аралығы; егер ол ӨКШ "Lim..." түріндегі айырмасы болатын болса ең көп жол берілетін қауіпсіз жүктемесі, егер олар "... о С /... о С" түрінде сәйкес стандарттарда көрсетілгеннен айырмасы болатын болса температуралардың диапазондары;
2) Заңның 17-бабына сәйкес таразыларды типті бекіту белгісімен таңбалау.
Таразыларға таңбалауды басуға орын шектелген жағдайда Техникалық регламенттің осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жетіспей тұрған деректерді таразыларға құжатта келтіруге болады.
32. Таразыларда таңбалауды бекітуге арналған құралдардың болуы тиіс. Жазулар көрініп тұруы және осы құралдарды бұзусыз алып тастауға жол берілмеуі тиіс.
33. "ӨКШ", "ӨеАШ", "е", "d" жазулары дисплеймен немесе өлшеудің нәтижелерін көрсететін шәкілмен қатар орналасуы тиіс.
34. Жалғасқан немесе бір немесе бірнеше жүк қабылдаушы құрылғымен жалғасуы мүмкін таразыларда көрсетілген жүктемені қабылдайтын құрылғыға қатысты сәйкес жазулары болуы тиіс.
35. Осы Техникалық регламенттің 1-тармағының 2) тармақшасында санамаланған таразыларда:
тауарлық белгісі немесе өндірушінің атауы, ӨКШ түріндегі ең көп жол берілетін жүктеменің болуы тиіс.
Бұл таразыларда осы Техникалық регламенттің 31-тармағында көрсетілген таңбалаудың болмауы мүмкін.
8. Сәйкестікті растау
36. Таразыларды нарыққа шығару алдында сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуі тиіс.
37. Осы Техникалық регламенттің талаптарына таразылардың сәйкестігін растау төменде санамаланған рәсімдердің кез-келгенімен расталуы тиіс:
1) типті бекіту мақсатында немесе таразылардың бекітілген типіне сәйкестікке сынауды жүргізу жолымен типті бекіту (республикада сериялы өндірілетін және Қазақстан Республикасының аймағына партиямен енгізілетін таразылар үшін);
2) Техникалық регламенттің осы тармағының 1) тармақшасына сәйкес типті бекіту рәсімімен комбинациясында таразылардың сәйкестігін декларациялау;
3) техникалық регламенттің осы тармағының 1) тармақшасына сәйкес типті бекіту рәсімімен комбинациясында салыстырып тексеру;
4) метрологиялық аттестаттау (жеке даналарда әзірленген немесе енгізілетін таразылар үшін);
5) халықаралық шарттарға сәйкес таразылардың типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау туралы шетелдік сертификатты тану.
38. Сәйкестікті растау рәсімдері осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтірілген тәртіппен жүргізіледі.
9. Сәйкестік презумпциясы
39. Осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасында көрсетілген үйлестірілген стандарттар талаптарын ескере отырып әзірленген таразылар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
40. Таразылар осы Техникалық регламенттің талаптарына олардың сәйкестігі жағдайында өзге де НҚ бойынша әзірленуі мүмкін.
11. Өтпелі ережелер
41. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізуге дейін қабылданған қауіпсіздік талаптарына таразылардың сәйкестігін растайтын құжаттар, оларға белгіленген мерзім аяқталғанға дейін күшінде деп есептеледі.
42. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Техникалық регламентке 1-қосымша
Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі*
СЭҚ ТН коды | Позициялардың атаулары |
1 | 2 |
8423 | өлшенетін жүктің ауырлық күшімен қозғалысқа келтірілетін есептік немесе бақылау машиналарын қоса алғанда, өлшеуге арналған жабдық (сезгіштігі 0,05 г немесе одан жоғары таразылардан басқа); барлық түрдегі таразыларға арналған теңдестіргіш |
8423 10 | - емізілетін балаларды қоса алғанда, адамдарды өлшеуге арналған таразылар; тұрмыстық таразылар: |
8423 10 900 0 | - - өзгелері |
| - өлшеуге арналған жабдық, өзгелері |
8423 81 | - - 30 кг-нан астам емес өлшеудің барынша көп массасы: |
8423 81 500 0 | ---дүкендік таразылар |
8423 81 900 0 8423 82 | --- өзгелері - - 30 кг астам, бірақ 5000 кг аспайтын өлшеудің барынша көп массасы: |
8423 82 900 0 | ---өзгелері |
8423 89 000 0 | ---өзгелері |
9016 00 | сезгіштігі 0,05 г немесе одан жоғары, теңдестіргіштері бар немесе жоқ таразылар: |
9016 00 100 0 | - таразылар |
Ескертпе:
* Өнімдердің кодтары "Кедендік тариф және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес көрсетілген.
Техникалық регламентке 2-қосымша
Сәйкестікті растау рәсімдері
1. Типті бекіту мақсатында немесе бекітілген типке сәйкестікке сынақ жүргізу жолымен таразылардың типін бекіту (бұдан әрі — сынақтар).
Қазақстан Республикасының аумағында сериялы өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиямен әкелінетін таразылардың үлгілері сынауға жатады.
Таразыларға сынақты жүргізуге өтінімді өндіруші немесе оның уәкілетті өкіліне таразыларды енгізуге ниеті бар тұлғалар береді.
Өтінімде мыналар көрсетілуі тиіс:
өтінім берушінің, өндірушінің атауы және мекен-жайы;
таразылардың атаулары және негізгі метрологиялық сипаттамалары.
Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі (бұдан әрі - орындаушы) тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес сынақтар жүргізеді.
Өтінім беруші ұсынатын техникалық құжаттама, бұйымдардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін тексеру мүмкіндігін, сондай-ақ конструкцияны, таразыларды әзірлеу және жұмыс істеуді түсінуді қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық құжаттама мыналарды:
толық техникалық және метрологиялық сипаттамалар, таразылар конструкцияларының жұмыс принциптері туралы ақпараттардан тұратын техникалық құжаттарды;
екі данада 13x18 немесе 18x24 жалпы түрдегі фотосуреттер бар таразылар типін сипаттау жобасын;
сынау бағдарламасының жобасы немесе типтік бағдарламаға өзгерістердің және/немесе толықтырулардың жобасын;
таразылардың сынақтық үлгілерін алдын ала сынаудың хаттамасын (бар болса);
үйлестірілген стандарттардың тізбесінен алынған стандарттардың тізімі және егер аталған стандарттар қолданылмаған болса осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қабылданған шешімдердің сипаттамасын;
типті сипаттауды ашық баспада жариялау мүмкіндігі туралы өтінім берушінің хатын;
салыстырып тексеру құралдарымен республикада таразыларды, оларды пайдалану процесінде қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді;
ұсынылатын салыстырып тексеру арақашықтығының негізділігін растайтын құжаттарды қамтуы тиіс.
Орындаушы:
құжаттаманы зерделеуі;
өтінім берушімен сынақтар бойынша жұмысты жүргізу орнын келісуі;
тиісті зерттеулер мен сынауларды орындауы, өндіруші қабылдаған шешімдердің НҚ-да көрсетілген негізгі талаптарға, таразыларға таралатын осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін тексеруі;
өтінім беруші таңдап алған стандарттардың толықтығын, оларды қолдану тиімділігін және сонымен қатар осы стандарттардың негізгі талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді айқындауы;
сынақтарды жүргізу үшін мәлімделген таразылардың үлгілеріне сынақ жүргізуі тиіс.
Таразыларды сынау өндіруші-кәсіпорындағыдай басқа да орындарда, егер іс-шараны жүргізу орнына тасымалдау таразыларды бөлшектеуді, таразыларды пайдалану таразылардың сипаттамаларына әсерін тигізуге мүмкін таразыларды монтаждауды және таразыларды пайдалану орнында тартылыс күшінің шамасы есепке алынса немесе таразылардың сипаттамаларына тартылыс күшінің өзгерістері әсерін тигізбесе іске асырылады. Барлық басқа жағдайларда оларды сынаулар таразыларды қолдану орнында жүргізілуі тиіс.
Егер таразылардың сипаттамаларына тартылу күшінің өзгерістері әсерін тигізсе, онда рәсімдерді екі кезеңде жүргізуге болады; екінші кезеңде нәтижелеріне тартылыс күшінің өзгерістері әсер ететін барлық зерттеулер мен сынақтарды жүргізу қажет, ал бірінші кезеңде барлық қалған зерттеулер мен сынақтарды жүргізу қажет. Екінші кезең таразыларды қолдану орнында жүргізілуі тиіс.
Таразылардың үлгілері осы Техникалық регламенттің ережелеріне сәйкес олардың тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес сынау рәсімдерінен өту жағдайында таразылардың типтерін техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекітеді және өлшем бірліктерді қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган өтінім берушіге әрекет ету мерзімі 5 жылдан аспайтын таразылардың типін бекіту туралы сертификатты беруі тиіс. Таразылардың типін бекіту туралы ақпарат техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.
Сертификатта таразылардың бекітілген типін сәйкестендіру үшін деректер және қажет болған жағдайда таразылар типінің сипаттамасы болуы тиіс.
Таразылардың типін бекіту туралы сертификаттың күші жойылған жағдайда техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган осы ақпаратты мемлекеттік өлшем бірліктерді қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне дереу енгізуі қажет.
Өтінім беруші таразылардың бекітілген типінің кез келген түрлендірулері туралы техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға ақпарат беріп тұруы тиіс.
Егер таразылардың бекітілген типтерінің конструкциясын пысықтау осы Техникалық регламенттің негізгі талаптарына және пайдалану шарттарына сәйкестігіне әсер еткен жағдайда таразыларға қайтадан сынақтар жүргізілуі тиіс. Бекітілген типке сәйкестікке сынау - бұл оның көмегімен типті бекіту сертификатында көрсетілген типке таразылардың сәйкестігі және олардың осы Техникалық регламенттің және НҚ-ның негізгі талаптарына сәйкестігі тексерілетін сынақ. Бекітілген типке сәйкестікке сынау типті бекіту мақсатында сынауларға ұқсас жүргізіледі.
2. Таразылардың сәйкестігін типті бекіту рәсімімен комбинациялауда декларациялау.
Типтің стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы өтініш (өнім сапасының кепілі) - бұл сапаның сертификатталған жүйесінің болуы туралы міндеттерді орындайтын өндіруші қарастырылып отырған таразылардың типті бекіту туралы сертификатта сипатталған типке сәйкес қай жерде екенін хабарлайтын және оларға қолданылатын осы Техникалық регламенттің талаптарына жауап беретін рәсім. Декларациялау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Сапа жүйесі таразылардың типті бекіту туралы сертификатта жазылған типке, стандарттардың талаптарына және оған қолданылатын осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
3. Типті бекіту рәсімімен комбинациялауда таразыларды салыстырып тексеру.
Таразыларды салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен Заңға сәйкес іске асырады.
Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексеру туралы сертификат берілуі тиіс және/немесе салыстырып тексеру таңбасының бедері қойылуы тиіс.
4. Метрологиялық аттестаттау (бір данада әзірленетін немесе енгізілетін таразылар үшін).
Метрологиялық аттестаттауды Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады және осы Техникалық регламенттің осы қосымшасының 1-тармағына сәйкес қолданыстағы НҚ-ға сәйкес сынауға жатпайтын таразыларға қолданылады.
Метрологиялық аттестаттау кезінде әр дананы зерттеу жолымен осы Техникалық регламенттің талаптарына таразылардың сәйкестігі тексеріледі.
Жүргізілген метрологиялық аттестаттаудың нәтижелері бойынша таразыларды метрологиялық аттестаттау туралы сертификат берілуі тиіс.
5. Халықаралық шарттарға сәйкес таразылардың типін бекіту және метрологиялық аттестаттау туралы шетелдік сертификаттың сәйкестігін тану.
Басқа мемлекеттер жүргізген таразылардың сынау нәтижелерін тануды, типін бекітуді және метрологиялық аттестаттауды халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында әзірленген НҚ-ға сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте, таразылардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Типті бекіту және типті сипаттау туралы шетелдік сертификатқа қосымша техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган таразылардың типін бекітуді тану туралы сертификатты рәсімдейді.
Техникалық регламентке 3-қосымша
Дәлдік кластарына байланысты таразылардың сипаттамалары
Дәлдік класы | Салыстырып тексерудің бөлу бағасы (е) | Өлшеудің мейлінше аз шегі* (ТЕАШ) | Салыстырып тексерудің бөлу саны n= НПВ /е | |
Ең аз мәні | Ең аз мәні | Ең көп мәні | ||
I | 0,001 г < е | 100 е | 50 000 | — |
II | 0,001 г < е < 0,05г | 20 е | 100 | 100 000 |
0,1 г<е | 50 е | 5 000 | 100 000 | |
III | 0,1 г<е<2г | 20 е | 100 | 10 000 |
5г<е | 20 е | 500 | 10 000 | |
IV | 5г<е | 10 е | 100 | 1 000 |
Ескертпе:
* II және III дәлдік кластарының таразылары үшін тасымалдау үшін тарифтерді айқындау кезінде өлшеудің мейлінше ең аз шегі 5 е-ге дейін төмендейді;
Техникалық регламентке 4-қосымша
Өлшеудің бірнеше кіші диапазондары бар таразыларын жіктеу
Дәлдік класы | Салыстырып тексерудің бөлу бағасы (е) | Өлшеудің мейлінше аз шегі (ӨМАШ) | Салыстырып тексерудің бөлу саны | |
Ең аз мәні | Ең аз мәні * | Барынша көп мәні | ||
n=НПВ i /е( i+ 1)** | n=НПВ i /е i ** | |||
I | 0,001 г < е i | 100е 1 | 50 000 | — |
II | 0,001 г < в i < 0,05г | 20 е 1 | 5 000 | 100 000 |
0,1 г < е і | 50 е 1 | 5 000 | 100 000 | |
III | 0,1 г < е i | 20 е 1 | 500 | 10 000 |
IV | 5г < е i | 10 е 1 | 50 | 1000 |
Ескертпе:
* і=r үшін осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасы кестесінің тиісті бағаны қолданылады, мұндағы е е r -ге ауысады;
** і = 1,2,...,r, мұндағы і = өлшеудің кіші диапазондарының нөмірі;
r = кіші диапазондардың жалпы саны.
Техникалық регламентке 5-қосымша
Барынша көп жол берілетін қателіктер
Дәлдік кластарының таразылары үшін өлшеудің аралықтары | Барынша көп жол берілетін қателік | |||
І-класс | II-класс | III-класс | ІV-класс | |
50 000 е-ге дейін алғанда | 0-ден 5 000 е-ге дейін алғанда | 0-ден 500 е-ге дейін алғанда | 0-ден 50 е-ге дейін алғанда | ±0,5е |
50 000 е-ден 200 000 е дейін алғанда | 5 000 е-ден 20 000 е-ге дейін алғанда | 500 е-ден 2 000 е-ге дейін алғанда | 50 е-ден 200 е-ге дейін алғанда | ±1,0е |
Жин. 200 000 е | Жин. 20 000 е | Жин. 2 000 е | Жин. 200 е | ±1,5е |
Техникалық регламентке 6-қосымша
Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
1. ҚР СТ 2.4-2007 "ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі".
2. ҚР СТ 2.21-2007 "ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына сынақ және типін бекіту жүргізу тәртібі".
3. ҚР СТ 2.30-2007 "ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі".
4. МемСТ 8.520-2005 "МӨЖ. Зертханалық таразылар. Салыстырып тексеру әдістемесі".
5. МемСТ 12.1.003-83 "Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары".
6. МемСТ 12.1.036-81 "Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Шу. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардағы рұқсат етілетін деңгейлер".
7. МемСТ 12.2.003-83 "Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптары".
8. МемСТ 12.2.091-2002 "Электрлік бақылау-өлшеуіш аспаптардың және зертханалық жабдықтың қауіпсіздігі. 1-тарау. Жалпы талаптар".
9. МемСТ 12997-84 "ГСП бұйымдары. Жалпы техникалық талаптар".
10. МемСТ 14254-96 (МЭК 529-89) "Қабыршақтармен қамтамасыз етілетін қорғау деңгейлері (ІР коды)".
11. МемСТ 24104-2001 "Зертханалық таразылар. Жалпы техникалық талаптар".
12. МемСТ 29329-92 "Статикалық өлшеуге арналған таразылар. Жалпы техникалық талаптар".
13. ГОСТ 30969-2002 "Электромагниттік техникалық құралдардың сыйымдылығы. Өлшеуге, басқаруға және зертханалық қолдануға арналған электрлік жабдықтар. Талаптар және сынау әдістері".
14. ПМГ 06-2001 "Өлшем құралдарының сынақ нәтижелерін және типін бекітуді, салыстырып тексеруді, метрологиялық аттестаттауды тану тәртібі".
15. МОЗМ МР 76-1-2007 "Автоматты емес өлшейтін аспаптар. 1-бөлім. Метрологиялық және техникалық талаптар. Сынақтар".
16. 90/384/ЕЕС 1990 жылғы 20 маусымдағы "Өлшеуге арналған автоматты емес аспаптарға қатысты мүше-мемлекеттердің заңдарын келісу бойынша" Кеңес Директивасы.