Toggle Dropdown
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 483
Редакция 20.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) көрсетілген адамдарды аттестаттау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.
2. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының (бұдан әрі - "лауазымды адам") нотариаттық іс-әрекеттер жасауға және уәкілетті лауазымды адамы осы іс-әрекеттерді жасауға құқық алу үшін аттестациядан өтеді.
3. Лауазымды адамдарды аттестациядан персоналдық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін аумақтық аттестация комиссиясы (бұдан әрі - "аттестациялық комиссия") өткізеді.
4. Лауазымды адамдарды аттестациялау үшін сұрақтар тізбесінің жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады және бекітеді.
Сұрақтар тізбесі Әділет министрлігінен аумақтық әділет органдарына аттестация басталардан кем дегенде 30 күн бұрын жіберіледі.
Аттестацияның сұрақтар тізбесі аумақтық әділет органдарының қол қоюымен аттестация басталардан кем дегенде 15 күн бұрын барлық аттестациядан өтуші лауазымды адамдарға тапсырылады.
5. Аттестацияны өткізу мерзімін әділет департаменті белгілейді.
Аттестацияланушы лауазымды адам аттестацияның басталуы мен орнымен аттестация басталардан үш күн бұрын таныстырылуы тиіс.
6. Аумақтық аттестация комиссиясының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыздандыру әділет департаментіне жүктеледі.
7. Лауазымды адамдарды аттестациялау әңгімелесу жолымен аттестацияланушының қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9. Егер аттестация мәжілісіне комиссия мүшелерінің жартысынан көбірек қатысса, аттестациялық комиссия шешім қабылдауға құқылы.
10. Аттестациялық комиссияның мәжілісінде хаттама жүргізіледі. Хаттамада мәжілістің уақыты мен өтетін жері, комиссия құрамы, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы, қабылданған шешім және аттестациялық комиссиясының кепілдемесі көрсетіледі.
11. Аттестациялық комиссияның шешімі хаттамадан бөлек рәсімделеді және кепілдемелік сипатта болады.
Комиссия шешімі басым дауыспен қабылданады және ол келесі қорытындылардың біреуінен тұрады:
- аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру;
- аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын бермеу.
Комиссия мүшелерінің ешқайсысының дауыс беруге қалыс қалуға құқығы жоқ.
Дауыс санының теңдігі кезінде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12. Аттестациялық комиссиясының шешімі мен хаттамасына төрағалық етуші мен барлық қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.
13. Аттестация нәтижелері аттестацияланушыға сол күні хабарланады. Комиссия шешімі аттестацияланушыға оның өтініші бойынша берілуі мүмкін.
14. Аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы шешім аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының уәкілетті лауазымды адамын белгіленген тәртіп пен мерзімдерде, бірақ кем дегенде екі жылдан аспайтын мерзімде кезекті аттестациядан өткізуге дейін нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілеттік беретін жалғыз құжат болып табылады.
Аттестациялық комиссияның шешімі, хаттамасы және басқа да деректер әділет департаментінің сақтауында жатады.
15. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқық алмаған лауазымды адам мұндай іс-әрекеттер жасауға жіберілмейді.
16. Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беруден бас тарту туралы аттестациялық комиссияның шешімі жөнінде белгіленген заң тәртібімен шағымдануға болады.
Аттестациялық комиссияның
ШЕШІМІ
1. Аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты________________
2. Туған жылы, айы, күні және туған жері______________________
3. Білімі және мамандығы _____________________________________
____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, қашан бітірді және дипломы бойынша мамандығы)
4. Жалпы еңбек стажы___________________________________________
5. Лауазымды адамның селода (поселке) нотариаттық қызмет
атқаруға тағайындалған күні_________________________________________
6. Дауысқа салу нәтижелері_____________________________________
7. Қабылдау үшін __________, қарсы болған _______ дауыстар саны
8. Комиссия шешімі_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Комиссияның кепілдемесі_____________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы ____________________________
Комиссия хатшысы _____________________________
Комиссия мүшелері ____________________________
_________________________________________________________________
Аттестация өткен күн __________________________
Комиссия шешімімен таныстым___________________________________
(аттестацияланушының қолы мен күні)