|
Ақша (шетел валютасымен)
5-5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны салымдарға орналастыру
6. Инвестициялық басқарудағы ақшаны екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдарға орналастырған кезде мәміле бойынша шығындар, олар болған жағдайда, ескеріле отырып, салым сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 04 Орналастырылған салымдар
Кт 1800 01 Ақша.
7. Банктік салым шартында айқындалған салым бойынша сыйақыны ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
8. Салым бойынша сыйақыны нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 11 Сыйақы.
9. Банктік салым мерзімінің аяғында ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 11 Сыйақы.
9-1. Шетел валютасындағы салымдарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:
|
Дт
|
1800 04
|
Орналастырылған салымдар
|
|
Кт
|
1830 05
|
Бағамдық айырма бойынша кірістер;
|
2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:
|
Дт
|
1840 05
|
Бағамдық айырма бойынша шығыстар
|
|
Кт
|
1800 04
|
Орналастырылған салымдар.
|
4-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру
10. Бағалы қағаздарды инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (номиналды құнынан аспайтын сомаға):
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар
Кт 1800 01 Ақша;
2) борыштық бағалы қағазды сатып алуға байланысты шығындардан тұратын сыйлықақы сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша
1820 01 Төлеуге арналған шоттар;
3) дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
4) алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1800 01 Ақша.
11. Ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жарияланған пайыз ставкасы бойынша сыйақы есептеледі. Бұл ретте есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
12. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сыйлықақыны амортизациялау сомасына:
Дт 1840 08 Басқа да шығыстар
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
2) дисконтты (жеңілдікті) амортизациялау сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
13. Жарияланған сыйақы және сыйлықақы амортизациясы немесе дисконт (жеңілдік) есептелгеннен кейін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздарға әділ құны бойынша және ұйымның есеп саясаты белгілеген кезеңдікпен қайта бағалау жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздардың әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:
|
Дт
|
1800 03
|
Бағалы қағаздар
|
|
Кт
|
1830 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;
|
2) бағалы қағаздардың есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
|
Дт
|
1840 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар
|
|
Кт
|
1800 03
|
Бағалы қағаздар.
|
14. Құны шетел валютасымен көрсетілген, сатып алынған бағалы қағаздарды (үлестік бағалы қағаздарды қоспағанда) қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде:
оң бағамдық айырма сомасына:
|
Дт
|
1800 03
|
Бағалы қағаздар (Бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының номиналдық құнын және сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот)
|
|
|
1800 11
|
Сыйақы
|
|
Кт
|
1830 05
|
Бағамдық айырма бойынша кірістер;
|
теріс бағамдық айырма сомасына:
|
Дт
|
1840 05
|
Бағамдық айырма бойынша шығыстар
|
|
Кт
|
1800 03
|
Бағалы қағаздар (Бағалы қағаздар бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот);
|
2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде:
теріс бағамдық айырма сомасына:
|
Дт
|
1840 05
|
Бағамдық айырма бойынша шығыстар
|
|
|
1800 03
|
Бағалы қағаздар (Бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының номиналдық құнын және сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот)
|
|
|
1800 11
|
Сыйақы
|
және, бірмезгілде, оң бағамдық айырма сомасына:
|
Дт
|
1800 03
|
Бағалы қағаздар (бағалы қағаздар бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шот)
|
|
Кт
|
1830 05
|
Бағамдық айырма бойынша кірістер.
|
15. Эмитент бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеген кезде төленген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 11 Сыйақы.
16. Осы Нұсқаулықтың 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
2) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
3) бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар
1800 11 Сыйақы
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 03 Бағалы қағаздар
1800 11 Сыйақы;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17. Осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және борыштық бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды өтеген кезде осы Нұсқаулықтың 16-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
5-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны туынды қаржы құралдарына орналастыру
18. Туынды қаржы құралын инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) туынды қаржы құралының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот аша отырып, сатып алынған «колл» («пут») опционы бойынша төленген сыйлықақы сомасына:
Дт 1800 12 Басқа да талаптар
Кт 1800 01 Ақша;
2) фьючерс бойынша маржа сомасына:
Дт 1800 08 Басқа да активтер
Кт 1800 01 Ақша.
19. Туынды қаржы құралын ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) туынды қаржы құралының әділ құны оң өзгерген сомасына:
|
Дт
|
1800 12
|
Басқа да талаптар
|
|
Кт
|
1830 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;
|
2) туынды қаржы құралының әділ құнының теріс өзгеру сомасына:
|
Дт
|
1840 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар
|
|
Кт
|
1820 02
|
Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралының құнын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шоттар);
3) туынды қаржы құралдарының әділ құнының есепте бар оң (теріс) түзету сомасына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 12 Басқа да талаптар.
20. Ұйым қарсы әріптестің пайдасына (қарсы әріптес ұйымның пайдасына) маржа сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) ұйымның қосымша төлеген маржа сомасына:
Дт 1800 08 Басқа да активтер
Кт 1800 01 Ақша;
2) қарсы әріптестен алынған маржа сомасына:
Дт 1800 08 Басқа да активтер
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер;
3) қор биржасында (брокерде) ашылған шоттан рұқсат етілген есепте бар маржаны есептен шығарған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 08 Басқа да активтер;
4) қор биржасы (брокер) алған маржа сомасына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 08 Басқа да активтер.
21. Туынды қаржы құралын орындау күніне мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда ұйым ақша аударған кезде:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 01 Ақша;
2) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда қарсы әріптестен ақша алған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 12 Басқа да талаптар;
3) туынды қаржы құралының талаптарына сәйкес базалық активті сатып алған кезде:
сатып алынған актив құнына:
Дт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша
1800 12 Басқа да міндеттемелер;
4) туынды қаржы құралдарының талаптарына сәйкес базалық активті сатқан кезде:
сатылатын актив құнына:
Дт 1800 01 Ақша
1820 02 Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 12 Басқа да талаптар (туынды қаржы құралдарының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тарау. Инвестициялық басқарудағы бағалы қағаздармен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу
22. РЕПО операциясын ашқан кезде:
1) бағалы қағаздарды ақшаға айырбастап беретін ұйым РЕПО операцияcын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
2) ақшаны бағалы қағаздарға айырбастап ұсынатын ұйым кері РЕПО операциясын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт 1800 12 Басқа да талаптар (бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
Кт 1800 01 Ақша.
23. РЕПО және кері РЕПО операцияларының қолданылу мерзімі ішінде РЕПО мәмілесі талаптарының негізінде осы операциялардың белгіленген қолданылу мерзімі ішіндегі тиісінше шығыстарға және кірістерге есептелетін мәміле бойынша тиесілі сыйақы сомасы есептеледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) РЕПО операциялары бойынша сыйақы түрінде есептелетін шығыс сомасына:
Дт 1840 02 Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
Кт 1820 02 Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
2) кері РЕПО операциясы бойынша сыйақы түрінде есептелетін кіріс сомасына:
Дт 1800 11 Сыйақы
Кт 1830 02 Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
24. Осы Нұсқаулықтың 23-тармағына сәйкес сыйақы есептелгеннен кейін РЕПО операциясы жабылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) РЕПО операциясы бойынша бұрын берілген бағалы қағаздарды ұйым кері алған кезде:
РЕПО мәмілесі бойынша есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 01 Ақша;
РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:
Дт 1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1800 01 Ақша;
2) кері РЕПО операциясы бойынша бұрын алынған бағалы қағаздарды ұйым берген кезде:
есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 11 Сыйақы;
кері РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 12 Басқа да талаптар.
7-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастыру
25. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастырған кезде сатып алынған қымбат металдардың құнына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 02 Тазартылған қымбат металдар
Кт 1800 01 Ақша.
Қосалқы бухгалтерлік есепте тазартылған қымбат металдар унциямен, сондай-ақ тазартылған қымбат металдардың қолда бар санын Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының бухгалтерлік есепте көрсету күнгі белгіленген таңертеңгі немесе кешкі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамына көбейту арқылы теңгемен көрсетіледі.
26. Сатып алынған тазартылған бағалы металдарды әділ құны бойынша қайта бағалау сомасына қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) тазартылған бағалы металдардың құны ұлғайған кезде:
|
Дт
|
1800 02
|
Тазартылған бағалы металдар
|
|
Кт
|
1830 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;
|
2) тазартылған бағалы металдардың құны азайған кезде:
|
Дт
|
1840 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар
|
|
Кт
|
1800 02
|
Тазартылған бағалы металдар.
|
27. Тазартылған бағалы металдарды әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін оларды сату кезінде осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) тазартылған бағалы металдардың сату бағасы бойынша:
|
Дт
|
1800 01
|
Ақша
|
|
Кт
|
1830 03
|
Сатып алу–сатудан түскен кірістер;
2) тазартылған бағалы металдардың есептік құнына:
|
Дт
|
1840 03
|
Сатып алу–сатудан болған шығыстар
|
|
Кт
|
1800 02
|
Тазартылған бағалы металдар.
|
8-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастыру
28. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 05 Капиталға инвестициялар
Кт 1800 01 Ақша.
29. Капиталдағы қатысу үлесін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
Кт 1800 05 Капиталға инвестициялар
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 05 Капиталға инвестициялар.
9-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастыру
30. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
Кт 1800 01 Ақша.
31. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:
|
Дт
|
1800 06
|
Материалдық емес активтер
|
|
|
1800 07
|
Негізгі құрал-жабдықтар
|
|
Кт
|
1830 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер;
|
2) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
|
Дт
|
1840 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар
|
|
Кт
|
1800 06
|
Материалдық емес активтер
|
|
|
1800 07
|
Негізгі құрал-жабдықтар.
|
32. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1800 06 Материалдық емес активтер
Кт 1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1830 03 Сатып алу-сатудан болған кірістер;
2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт 1800 01 Ақша
1840 03 Сатып алу-сатудан болған шығыстар
Кт 1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тарау. Инвестициялық басқарудан алынған активтерді есепке алу
33. Клиент инвестициялық басқарудағы активтерінің бір бөлігін шығарып алған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1840 01 Клиенттің активтерін алу
Кт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 09 Алуға арналған шоттар
1800 10 Дивидендтер
1800 11 Сыйақы
1800 12 Басқа да талаптар.
34. Есепті кезеңнің соңында клиенттің активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы есепті кезең үшін түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру бойынша ақпарат жинақтау жүргізіледі:
клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
|
Дт
|
1830 01
|
Клиенттерден активтердің түсуі
|
|
|
1830 02
|
Сыйақы (дивиденд) түріндегі кірістер
|
|
|
1830 03
|
Сатып алу–сатудан түскен кірістер
|
|
|
1830 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер
|
|
|
1830 05
|
Бағамдық айырма бойынша кірістер
|
|
|
1830 08
|
Басқа да кірістер
|
|
Кт
|
1810 01
|
Капитал;
|
және, бірмезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
|
Дт
|
1810 01
|
Капитал
|
|
Кт
|
1840 02
|
Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
|
|
|
1840 03
|
Сатып алу–сатудан болған шығыстар
|
|
|
1840 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар
|
|
|
1840 05
|
Бағамдық айырма бойынша шығыстар
|
|
|
1840 08
|
Басқа да шығыстар.
|
35. Клиенттің активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарттың қолданылу мерзімінің аяғында ұйым клиенттің шоты бойынша барлық қолда бар активтерді қайтарады. Бұл ретте қолда бар активтер бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
|
Дт
|
1830 01
|
Клиенттерден активтердің түсуі
|
|
|
1830 02
|
Сыйақы (дивиденд) түріндегі кірістер
|
|
|
1830 03
|
Сатып алу–сатудан түскен кірістер
|
|
|
1830 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер
|
|
|
1830 05
|
Бағамдық айырма бойынша кірістер
|
|
|
1830 08
|
Басқа да кірістер
|
|
Кт
|
1810 01
|
Капитал;
|
және, бірмезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
|
Дт
|
1810 01
|
Капитал
|
|
Кт
|
1840 02
|
Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
|
|
|
1840 03
|
Сатып алу–сатудан болған шығыстар
|
|
|
1840 04
|
Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар
|
|
|
1840 05
|
Бағамдық айырма бойынша шығыстар
|
|
|
1840 08
|
Басқа да шығыстар
|
2) клиент бойынша міндеттемелер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
Дт 1820 01 Төлеуге арналған шоттар
1820 02 Басқа да міндеттемелер
Кт 1840 01 Клиенттің активтерін алу
3) клиент бойынша активтер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
Дт 1840 01 Клиенттің активтерін алу
Кт 1800 01 Ақша
1800 02 Тазартылған қымбат металдар
1800 03 Бағалы қағаздар
1800 04 Орналастырылған салымдар
1800 05 Капиталға инвестициялар
1800 06 Материалдық емес активтер
1800 07 Негізгі құрал-жабдықтар
1800 08 Басқа да активтер
1800 09 Алуға арналған шоттар
1800 10 Дивидендтер
1800 11 Сыйақы
1800 12 Басқа да талаптар;
4) капитал шоты бойынша қалдық сомасына:
Дт 1810 01 Капитал
Кт 1840 01 Клиенттің активтерін алу.
11-тарау. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша қабылданған активтерді есепке алу
37. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 тіркелген) бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап беретін ақшаны брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттен қабылдаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) баланстық шоттарда:
|
Дт
|
1030
|
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
|
|
Кт
|
3390 81
|
Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері;
|
2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде:
|
Дт
|
3390 81
|
Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері
|
|
Кт
|
1030
|
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.
|
Клиенттен қабылданатын ақшаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне сәйкестігі туралы шешім брокердің ішкі құжаттарына сәйкес қабылданады.
38. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен ақшаны алған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
|
Кіріс
|
8970
|
«Депо» шоттары.
|
39. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен алынған ақша шегерімге жатқызған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатқан кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
|
Шығыс
|
8970
|
«Депо» шоттары.
|
|
|
|