Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы » 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 Қаулысы
Редакция 08.10.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы » 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі;
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің 2010 жылдың республикалық бюджетінен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңында 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
3. Бюджеттік субсидиялар:
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын өндіруге бірегей тұқымдарды өндірушілердің (бұдан әрі - бірегей тұқым өндірушілер) шығындарын ішінара өтеуге. Мақта тұқымын өндіру шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және (немесе) химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшарлар) нақты сатылып алынған суперэлиталық тұқым үшін шығындарын ішінара өтеуге. Элиттұқымшар бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болған жағдайда және элиталық тұқым өндіру үшін өзінің өндірісіндегі суперэлитаны пайдаланса, элиталық тұқымның жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін ғылыми-негізделген суперэлиталық тұқымның қажеттілігіне байланысты элиттұқымшарлардың шығындары ішінара өтеледі;
4) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының нақты сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге. Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болса және I репродукциядағы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланса, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу I репродукциядағы тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі. Тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың нақты сатылып алынған мақтаның элиталық тұқымы үшін шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және (немесе) химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатқан жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі - элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады.
4. Осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын нақты өндірілген көлемі үшін төленеді.
5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын өндіру шығындарын ішінара өтеуді бюджеттік субсидиялау Министрлік элиталық тұқымдар алу үшін оларды өндірудің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес көбейту жылдары бойынша тұқымның әрбір түріне әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін белгілеген квоталар шеңберінде жүзеге асырылады.
6. Осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
7. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
8. Осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір тұқымның түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың суперэлиталық тұқымының нақты сатылып алынған көлемі үшін төленеді.
9. Осы Ереженің 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір тұқымның түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымының нақты сатылып алынған көлемі үшін төленеді.
10. Осы Ереженің 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін әрбір көшеттің түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық көшеттерін арзандатылған бағамен отандық тауар өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Элиттұқымшарлар элиталық көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
11. Әрбір суперэлиталық тұқымның түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін, әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушыға, әрбір элиталық көшеттің түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін квоталар белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
12. Әрбір элиттұқымшар және тұқым тұтынушы үшін әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша субсидиялар сомасын анықтау үшін әрбір ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Бөлім тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
13. Квоталардың белгіленген көлемінің орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде нақты жетістіктердің тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп, бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы аралық есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
Белгіленген квоталар көлемі орындалмаған жағдайда республиканың облыстары үшін дақылдар бөлінісінде квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
14. Бірегей тұқым өндірушілер және элиттұқымшарлар суперэлиталық және элиталық тұқымдарды отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық баға бойынша сатады.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
15. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарды көбейту питомниктерінің тұқымдары мен аналық нысандар будандарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) бірегей тұқым өндірушілер тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын бірегей тұқым өндіруші нақты өндірген көлемі жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын кіріске алу актілерін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын егістігін сынақтан өткізу актілерін;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады.
Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның бірегей тұқымына субсидиялар алу үшін бірегей тұқым өндірушілер қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстар актілерін тапсырады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді, бірегей тұқым өндіруші нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандарының аналық нысандары тұқымдарының көлемі жөніндегі тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандарының аналық нысандары тұқымдарының нақты өндірілген көлемі жөнінде жиынтық тізілім жасайды және тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде бірегей тұқым өндірушілерге төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
16. Бірегей тұқым өндіруші нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандарының аналық нысандары тұқымдарының көлемі жөніндегі тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандарының аналық нысандары тұқымдарының көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, республика бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
17. Облыстың жергілікті атқарушы органы бірегей тұқым өндірушілер ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдары үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
18. Төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиесілі сомаларды бірегей тұқым өндірушілердің ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.