Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 маусым N 690
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, N 455-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
2-тармақ "мақсаты" деген сөзден кейiн "Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі