Bestprofi Logo

Қаулы № 635 от 2005-06-27г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 Қаулысы

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 қаулысымен бекiтiлген

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi

1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.

2. Осы Ережеде Заңмен белгiленген ұғымдар қолданылады.

3. Инжинирингтiк қызметтер жобалау-сметалық құжаттамада осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады және оларды бюджет қаражатынан қаржыландырылатын объектiлер бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тапсырыс берушi конкурстық негiзде сатып алады.

2. Инжинирингтiк қызметтердi ұйымдастыру

4. Тапсырыс берушi инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйымды (бұдан әрi - инженер) тартқан кезде осы Ереженi, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт ережелерiн басшылыққа алады.

5. Инженер шартқа қол қойылғаннан кейiн техникалық қадағалау, технологиялық сүйемелдеу және жобаны басқару үшiн ол құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ инженердiң атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушiге келiсуге ұсынады.

6. Инженер тапсырыс берушiге өз қызметкерлерiнiң тiзiмiн, олардың мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн жазбаша түрде ұсынады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание