Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Көмiртегі бiрлiктерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 маусымда № 7702 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығымен бекітілген
Көмiртегі бiрлiктерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналымға енгізу – Мемлекеттік тізілім шоттарының бірінде көміртегі бірліктерін бастапқы шығару;
2) беру – Мемлекеттік тізілімдегі көміртегі бірліктерін бір тұлғаның шотынан екінші тұлғаның шотына аудару;
3) күшін жою – көміртегі бірліктерінің қолданыстағы мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың иесінің бастамасы бойынша ерікті негізде айналымнан шығару;
4) операцияларды халықаралық тіркеу журналы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының хатшылығымен басқарылатын және операциялардың шынайылығын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімінде көміртегі бірліктермен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;
5) сатып алу – көміртегі бірліктермен жасалынған мәмілелер нәтижесінде Мемлекеттік тізілімдегі шотқа көміртегі бірліктерін алу;
6) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын, есептік жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепке сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару);
7) қондырғы операторының шотын бұғаттау – Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-2-бабының 3-тармағында көрсетілген талап етілетін құжаттарды бергенге дейін қондырғы операторының шотына салынған көміртегі бірліктерін пайдалануды уақытша тоқтату.
3. Мемлекеттік тізілімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы болып операторқұрайды және жүргізеді.
4. Мемлекеттік тізілім операторы көміртегі бірліктерінің нақты есебін қамтамасыз ету мақсатында әрбір көміртегі бірлігіне оның шығарылу сәтіне қарай бірегей сәйкестендіру нөмірін береді.
5. Көміртегі бірлігінің бірегей сәйкестендіру нөмірі мыналарды:
1) көміртегі бірліктерінің түрін (квоталар бірлігі, шығарындыларды ішкі азайту бірлігі);
2) көміртегі бірлігінің айналымға енген жылын;
3) көміртегі бірлігінің шығарылу мерзімі біткен жылын көрсетеді.
6. Мемлекеттік тізілім операторы квоталар бірліктерін, шығарындылардың iшкi азайту бiрлiктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдар сіңірулерінің бірліктерін, квоталардың белгіленген мөлшерін айналымға енгізу, сақтау, беру, жою мен квота бірліктерін өтеу бойынша операцияларды жүзеге асырады.
7. Белгіленген мөлшер бірліктерімен, шығарындыларды азайту бірліктерімен, айналымға енгізу бойынша операцияларды Мемлекеттік тізілім операторы Қазақстан Республикасы осындай операцияларды климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес жүргізу құқығына ие болғаннан кейін жүргізеді.
8. Мемлекеттік тізілім операторы белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындылардың сертификатталған азайту бiрлiктері, сіңіру бірліктері бойынша басқа ұлттық тізілімдермен бірге деректермен алмасу операцияларын халықаралық тіркеу журналы арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік тізілімді жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік тізілім операторы Мемлекеттік тізілім шоттарының және қосалқы шоттардың мынадай түрлерін:
1) квота бірліктерін шығару шотын;
2) көміртегі бірліктерінің күшін жою шотын;
3) көміртегі бірліктерін өтеу шотын;
4) мемлекеттік тізілім операторының шотын;
5) қондырғылар операторларының шотын;
6) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша жобаның өтініш берушісінің шоттарын (бұдан әрі – жобаның өтініш берушісінің шоттары);
7) Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотын, олар мыналардан тұрады:
жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қосалқы шотын;
Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квота берудің қосалқы шотын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде іске қосылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына қосалқы шотын;
парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдардың сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін берудің қосалқы шотын;
аукцион шарттарындағы квота сатылымының қосалқы шотынашады.
10. Мемлекеттік тізілім операторы квоталар бірліктерін шығарудың, Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шоттарын бекітілген Ұлттық жоспардың негізінде оның күшіне енген күнінен бастап үшжұмыс күні ішінде ашады.
11. Квоталар бірліктерін айналымға енгізуді Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспармен анықталған квоталардың жалпы көлеміне тең мөлшерде квоталар бірліктерін шығару шотында оның күшіне енген күнінен бастап үшжұмыс күні ішінде жүргізеді.
12. Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспардың квоталар қорының тең көлемі мөлшерінде квоталар бірліктерін шығару шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотына осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қосалқы шотқа оны әрі қарай бере отырып, оның күшіне енген күнінен бастап үшжұмыс күні ішінде квоталар бірліктерін аударуды жүргізеді.
Үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілім операторы аукцион шарттарында квоталар сатуға арналған мөлшерде аукцион шарттарымен квоталарды сату қосалқы шотынан мемлекеттік тізілім операторының шотына квота бірліктерін аударуды жүргізеді.
13. Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспары күшіне енген күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қондырғылар операторларына шоттар ашу үшін мынадай құжаттарды тапсыру туралы хабарлама жолдайды:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
3) мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі* – заңды тұлға үшін;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
4) қондырғы операторының Мемлекеттік тізілім шотын жүргізуге уәкілетті өкілдеріне тұлғаны растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса берген сенімхаты.
Қондырғы операторы мемлекеттік тізілім операторынан хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынады.
14. Мемлекеттік тізілім операторы Ұлттық жоспар күшіне енген күнінен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қондырғылар операторларының шоттарын ашады.
15. Мемлекеттік тізілім операторы квоталар бірліктерін шығару шотынан қондырғы операторының шотына Ұлттық жоспар күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық жоспарда көрсетілген көлемдерге сәйкес квоталар бірліктерін аударады.
16. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын Ұлттық жоспардың қолданылуының бірінші жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде бермегені туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотын бұғаттайды.
17. Мемлекеттік тізілім операторы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қондырғы операторының бергені туралы уәкілетті органнан хабарлама алған соңүш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан бұғатты алып тастайды.
18. Мемлекеттік тізілім операторы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық еместігі және (немесе) сәйкес еместігі туралы уәкілетті органнан хабарлама соң кейін үшжұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотын бұғаттайды.
19. Мемлекеттік тізілім операторы 16-тармақта көрсетілген қондырғы операторының қажетті пысықталған құжаттарды бергені туралы уәкілетті органнан хабарлама алған соңүшжұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан бұғатты алып тастайды.
20. Жаңақондырғылар немесе пайдаланылуы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілендіру субъектілері қондырғыларының (бұдан әрі – әкімшілендірудің квоталатын субъектісі) операторы шот ашу үшін Мемлекеттік тізілім операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысандағыөтініш;
2) тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
3) мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі* – заңды тұлға үшін;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
4) қондырғы операторының Мемлекеттік тізілім шотын жүргізуге уәкілетті өкілдеріне тұлғаны растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса берген сенімхатын ұсынады;
21.Мемлекеттік тізілім операторы жаңа қондырғылар немесе квоталанатын әкімшілендіру субъектісі операторынан осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды алған соңүшжұмыс күні ішінде оларға шот ашады.
22. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының тиісті шотын ашқан күнінен бастап үшжұмыс күні ішінде жаңа қондырғыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қосалқы шотынан жаңа қондырғы операторының шотына және пайдаланылуы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін квоталанатын әкімшілендіру субъектісінің шотына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қосалқы шотынан квоталар бірліктерін аударуды жүргізеді.
23. Мемлекеттік тізілім операторы квоталардың қосымша көлемін берудің оң шешімі туралы уәкілетті органнан хабарлама алған соң үшжұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотына квотаның тиісті көлемін салады.
24. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының, оның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысанының ауысқаны туралы уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін бесжұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді.
25. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының таратылғаны туралы уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін үшжұмыс күні ішінде парниктік газдар шығарындыларына қолданылмаған квоталар көлемін жұмысы таратылған қондырғы операторының шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотына аударады.
Мемлекеттік тізілім операторы осы тармақтың бірінші абзацында қарастырылған квоталар бірліктерін көшіру туралы уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін үшжұмыс күні ішінде тиісті квоталар бірліктерін Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорынан уәкілетті органның шешімінде көрсетілген қосалқы шотқа аударуды жүзеге асырады.
26. Мемлекеттік тізілім операторы уәкілетті органнан тиісті хабарлама алғаннан кейін үшжұмыс күні ішінде көміртегі бірліктерінің көлемі ең көп қосалқы шоттан толықтыруды талап ететін қосалқы шотқа көміртегі бірліктерін аударады.
27. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдардың сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобаларды уәкілетті орган мақұлдағаннан кейін ішкі жобаның өтініш берушісі Мемлекеттік тізілімде шот ашу үшін Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына мынадай құжаттарды:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке тұлға үшін – тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі*;
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
3) қондырғы операторының Мемлекеттік тізілім шотын жүргізуге уәкілетті өкілдеріне тұлғаны растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса берген сенімхаты;
4) парниктік газдар шығарындыларының ішкі азайту жобасын мақұлдау туралы құжатты ұсынады.
28. Мемлекеттік тізілім операторы жобаның өтініш берушісінің шотын осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші ұсынғаннан кейін үшжұмыс күні ішінде ашады.
29. Мемлекеттік тізілім операторы үшжұмыс күні ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін берудің қосалқы шотынан жобаның өтініш берушісінің шотына ішкі азайту бірліктерін аударады.
30. Ұлттық жоспарға сәйкес айналымға енгізілген көміртегі бірліктерінің көлемін өзгертуді Мемлекеттік тізілім операторы оған қабылданған түзетулерге сәйкес жүзеге асырады.
31. Қондырғы операторларының шоттары арасындағы сатып алынған және (немесе) сатылған квоталар бірліктерін беруді Мемлекеттік тізілім операторы биржалық мәмілені (тауарлық биржада сатылған жағдайда) есепке алу парағын және квоталарды тікелей сату және (немесе) сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша мәліметтер негізінде (тікелей сату және (немесе) сатып алу жағдайында) уәкілетті органның хабарламасын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
32. Жобаның өтініш берушісінің шотынан шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін беруді Мемлекеттік тізілім операторы жобаның өтініш берушісі және сатып алушының сұратуларын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
33. Қондырғы операторының шотынан көміртегі бірліктерін айналымнан алып тастау (есептен шығару) үшін Көміртегі бірліктерін квоталарды өтеу шотына беруді Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторы иесініңсұрау салуы бойынша тиісті сұрау салуды алғаннан кейін үшжұмыс күні ішіндежүргізеді.
34. Мемлекеттік тізілім операторы көміртегі бірліктер айналымнан шығару үшін пайдаланылмаған квоталар көлемін оларды қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша қондырғылар операторларының және мемлекеттік тізілім операторының шоттарынан оларды әрі қарай күшін жою шотына беру үшін Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорына аударады.
35. Көміртегі бірліктерінің күшін жою шотына ерікті түрде аудару олардың иесінің Мемлекеттік тізілім операторына жолдаған сұрау салуы бойынша жүргізіледі.