• Мое избранное
"Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 41 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 23 қаңтардағы
 N 41 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
"Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Металлургия өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі және "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарына сәйкес әзірленген. 
Адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтіру мүмкіндігімен байланысты металлургия өндірісі үдерістерінің (ұсақтау, ұнтақтау, жіктеу, шихтаны күйдіру, қатты қыздыру және күйежентектеу, пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық, электролиздік, тазарту және таратып құю) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға қолданылады. 
2. Металлургия өндірісі үдерістері адам өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тәуекел етуі, қоршаған ортаны ластау мүмкіндігімен байланысты қауіп-қатер келтіруі мүмкін. 
3. Қауіпті жағдайларды бірдейлендіруді және қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы үшін кез келген жасырын қауіптілікті қоса алғанда қауіпті заттармен әсер ету болжамалы қауіп-қатерді бағалауды металлургия өндірісі үдерістерінде қолданылатын жабдықты әзірлеуші жүргізеді. 
4. Қауіпті заттар кез келген физикалық жағдайда (газдар, сұйықтықтар, қатты заттар) болуы және адамға мына жолдармен әсер етуі мүмкін: 
демді ішке тарту; 
асқазанға түсу; 
теріге және көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабығына тиген жағдайда; 
тері астына кіру. 
5. Металлургия өндірісі үдерістерінде қауіпті затпен әсер етудің қатерлі қайнар-көздері ретінде болатын ауада тасымалданатын және тасымалданбайтын эмиссиялар қалыптасады. 
6. Ғылыми-техникалық әдістерді және осы заттың шекті әсер ету маңызын және қоршаған орта жағдайларын көңілге ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына  сәйкес келетін технологиялар мен жабдықты қолдана отырып қауіпті затпен әсер ету қауіп-қатері мүмкіндігінше төмендетілуі тиіс.
2. Терминдер мен анықтамалар
7. Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы " және "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 
1) автогендік үдеріс - өңделетін материалдың химиялық энергиясынан алынатын жылудың есебінен жүретін металлургиялық үдеріс; 
2) агломерация - аглоқондырғыларда (агломашиналарда) жүзеге асырылады, балқытуға қажетті қасиеттер мен пішін беру үшін ұсақ кендер мен концентраттарды кесектеу; 
3) балқыту - материалдарды металлургиялық агрегаттарда өңдеп, соңғы өнімді сұйық түрде алу үдерісі; 
4) вельцтеу - бағалы металдарды қосымша бөліп алу мақсатында металлургия өндірістерінің полиметалдық қалдықтарын (қождар, қойыртпақтар, кектер) пирометаллургиялық өңдеу үдерістері; 
5) гидрометаллургиялық үдеріс - металдарды кендерден, концентраттардан және әртүрлі өндірістердің қалдықтарынан химиялық реагенттердің сулы ерітінділерінің көмегімен бөліп шығару және соңынан осы ерітінділерден металды бөліп алу; 
6) конверттілеу — сұйық мыс, қорғасын немесе никель штейндерін тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы өңдеудің пирометаллургиялық тотықтыру үдерісі; 
7) күйдіру — материалды дайындау үдерісі: күкірттен арылту, металл сульфидтерін тотықтарға өткізу, концентраттарды қоспалдардан айдап, арылту, ірі кесектер алу немесе кеуекті құрылымдағы кесектер алу (өртенділер, күйежентектер); 
8) металлургиялық өндіріс - металдарды кендерден немесе басқа материалдардан алу үдерістерін және олардан жартылай өнімдер немесе химиялық құрамы, құрылымы, қасиеттері, пішіні және өлшемдері берілген бұйымдар дайындауды қамтитын өндіріс саласы; 
9) металлургиялық үдерістер - металдар, қорытпалар сондай-ақ өңделетін шикізаттан металдардың химиялық қосындыларын алатын технологиялық үдерістер; 
10) пирометаллургиялық үдеріс - материалдарды толық немесе жартылай балқыту арқылы жоғары температурада жүргізілетін, материалдарды агрегаттарда өңдеудің металлургиялық үдерісі; 
11) тазарту — сұйық металдар мен қорытпаларды бейтарап немесе зиянды қоспаларда тазарту үдерісі; 
12) ұнтақтау - диірмендердің стержендік, шарлық және басқа түрлерінде жүзеге асырылатын, талап етілетін іріліктегі (2 мм ондық микрондарға дейінгі) ала отырып, қатты материалдарды механикалық бұзу үдерісі; 
13) ұсақтау - жүзеге асырылатын, қатты материалдар (минералдық шикізат немесе оны өңдеу өнімдерінің - өртенділер, кектер және басқалары) кесектерін механикалық жолмен бұзу үдерісі, нәтижесінде талап етілетін іріліктегі (2 мм-ге дейінгі) материал алынады; 
14) шихтаны дайындау - концентраттарды, кейбір жағдайларда қоспаға (шихтаға) оларды өңдеуді жақсартатын белгілі технологиялық қасиеттер беру үшін отынды да араластыру үдерісі; 
15) электролиз - электр тогы өткен кезде электролитке батырылған электродтарда жүретін электрохимиялық тотығу-тотықсыздану үдерістерінің жиынтығы, көптеген металдарды алуда, тазалау кезінде пайдаланылады.
3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары
8. Металлургия өндірісі үдерістері жабдықтың қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікке, сонымен қатар осы Техникалық регламентпен қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. 
9. Егер іздестірушіден, жобалаушыдан, әзірлеушіден немесе тәуелсіз сарапшылардан қауіпсіздік талаптарына өнімнің сәйкес келмеуі туралы мәлімет болса, нарықта үдерістердің орындалуына жол берілмейді.
4. Жобалау мен құрылыс салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
10. Металлургия өндірістерін жобалау және құрылысын салу Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын МСТ 12.3.002-92 талаптарына, құрылыс және санитарлық ережелер мен нормаларға, технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жүргізілуі қажет және осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 227 қаулысымен бекітілген "Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің  талаптарына сәйкес болуы қажет. 
Жобалау кезінде нақты өндірістік (технологиялық) үдерістердің қауіптілік межесі жабдықтардың, автоматтандыру құралдарының істен шығуы, қызмет көрсететін құрамның дұрыс емес әрекеттерін есепке алғандағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді талдау негізінде анықталады. 
11. Металлургия өндірістерін және олармен бірге салынатын құрылыстар мен объектілердің орналасу орындарын анықтау, олардың іс-әрекеттерінің экологиялық салдарлары есепке алынып, қоршаған ортаны қорғау ережелері мен шарттары сақтала отырып жүргізілуі тиіс. 
12. Металлургия өндірістерді орналастыру кезінде қорғау, санитарлық-қорғау және басқа да қорғау зоналары анықталады. 
13. Металлургия өндірістерінің құрылысын салу тек қана жобалау құжаттары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 
14. Металлургия өндірістерін жобалау кезінде өндірістік ғимараттарды жоспарланғанда, технологиялық үдерістердің реттілігі мен есептілігін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Өтетін және жүретін жерлер ҚР СТ МСТ 12.4.026-2002 бойынша көрсеткіш белгілермен жабдықталуы тиіс. 
15. Қандай да бір ғимарат корпустарының бүйір жақтарының арасында корпустар арасындағы ауланың желдетілуіне бөгет жасайтын құрылыстар салуға тыйым салынады. 
16. Металлургия өндірістерінің технологиялық корпустарын жобалау және құрылысын салу кезінде: 
1) подвалдар үстіндегі сыртқы қабырғалардан, корпустың бағаналарынан, негізгі арқалықтар мен тірегіш құрылымдардан темір бетон жабуылдардың;