• Мое избранное
Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.12.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7505 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.11.2023 жылғы № 168 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмекті ұйымдастырсын және көрсетсін;
2) мамандандырылған консультациялық-диагностикалық кабинеттердің: глаукома, тамырлық және көз онкопатологиясы, балалардың көруін сақтау, облыстық көз консультациялық-диагностикалық орталықтардың не көп бағдарлы ауруханалардың жанындағы көз амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшелерінің және күндізгі көз стационарларының жұмысын;
3) балалар мен ересектердің офтальмологиялық патологиясын уақытылы диагностикалауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрі                  C. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 28 ақпандағы
 № 120 бұйрығымен
 бекітілген
Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көру мүшелері ауыратын науқастарды анықтауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас офтальмолог (республиканың, облыстық, қаланың) маман үйлестіреді.
4. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек аудандық, қалалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емхананың көз кабинеттерінде, облыстық офтальмологиялық ауруханаларда (орталықтарда), облыстық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда («Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында – ҚазКАҒЗИ) жүзеге асырылады.
5. Халыққа офтальмологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетіледі.
6. Амбулаториялық-емханалық көмек қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында ұйымдастырылады.
7. Кеңес беру-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек облыстық офтальмологиялық ауруханаларда (орталықтарда), облыстық, қалалық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда көрсетіледі.
8. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген ("Егемен Қазақстан" газетінде 16.10.2010 ж., № 274-275 (26335-26336) жарияланған, нормативтік құқықтық актісінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген 2010 жылдың 15 сәуіріндегі № 6173) үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
9. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары тұрған денсаулық сақтау органдарының бұйрықтары мен үкімдерін, Жарғыны және Ережені басшылыққа алады.
2. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
10. Ересектерді және (немесе) балаларды амбулаториялық-емханалық қабылдауды жүзеге асыратын офтальмолог кабинетінің негізгі міндеттері мен функциялары:
1) көру мүшесі ауруларының (бұдан әрі – офтальмологиялық бейін аурулары) профилактикасы, ерте диагностикалау және емдеу;
2) офтальмологиялық бейін науқастарын диспансерлеу және емдік-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
4) көзді протездеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қосқанда офтальмопатологиясы бар науқастарды медициналық оңалту;
5) көз ауруларының профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық жұмыстар жүргізу.
11. Облыстық офтальмологиялық ауруханалардың (орталықтардың), облыстық көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық және көз бөлімшелерінің негізгі міндеттері мен функциялары:
1) әкімшілік аумақтағы халыққа тиімді медициналық технологияларды қолдана отырып, амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған консультациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық офтальмологиялық көмек көрсету;
2) офтальмологиялық бейін аурулары кезінде халыққа консультациялық, диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
3) қызмет көрсету аумағындағы офтальмологиялық көмектің жай-күйі мен оның медициналық көмек сапасын бағалау индикаторларына сәйкестігін талдау;
4) өңірдің офтальмологиялық қызметінің барлық түрлерінің нысаналы бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5) салауатты өмір салты қызметтерімен бірлесіп, офтальмологиялық бейін ауруларының профилактикасы бойынша іс-шараларды, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;
6) офтальмология мәселелері жөнінде ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
7) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу, статистикалық өңдеу мен басқа да құжаттардың негізінде қызмет туралы есеп беру.
3. Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
12. Аудандық, қалалық емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында көз кабинеті, оптометрия және тонометрия кабинеттері, мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттарда – көз кабинеттері ұйымдастырылады.
13. Облыстық офтальмологиялық ауруханалардың (орталықтардың), облыстық (қалалық) көп бейінді ауруханалардың, республикалық ауруханалардың, «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институты» (бұдан әрі - ҚазКАҒЗИ) құрылымында:
1) консультациялық көз кабинетін, балалардың көзін қорғау, глаукома, тамыр және онкоофтальмопатология кабинеттерін қамтитын амбулаториялық-емханалық бөлімше, көздің амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшесі; күндізгі стационар;
2) лазерлік офтальмология бөлімше (кабинет);
3) көз микрохирургиясы стационарлық бөлімшелері, оның ішінде шұғыл офтальмологиялық және офтальмотравматологиялық көмек орталығы бар балалар бөлімшелері;
4) көруді байланыстық түзету, көруді күрделі және арнайы түзету;
5) көзді жеке протездеу зертханасы;
6) ұйымдастыру-әдістемелік кабинет.
14. Тіндер трансплантологиясы зертханасы ҚазКАҒЗИ құрамында ұйымдастырылады.
Параграф 1. Емханалардағы көз кабинеті, оптометрия және тонометрия кабинеттері (қалалық, аудандық), мамандандырылған балабақшалар мен мектеп-интернаттардың көз кабинеті (қалалық, аудандық)