Toggle Dropdown
2
"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 337 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 7 желтоқсанда № 7331 тіркелді
Toggle Dropdown
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", Қазақстан Республикасының Заңына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу" жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет ресурсында орналасуын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына - Электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің қатысушыларының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Жұмағалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 337 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
4
Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдалануымен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу жөніндегі нұсқаулығы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ереже
Toggle Dropdown
1. Осы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу жөніндегі Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ", "Ақпараттандыру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулық электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу шарттарын нақтылайды.
Toggle Dropdown
3. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін (ақпаратты қорғау) қамтамасыз етумен "электрондық үкімет" веб-порталының, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйелерінің, мемлекеттік органдардың Куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуда.
Toggle Dropdown
4. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне "электрондық үкімет" веб-порталын пайдаланумен жолданған жеке немесе заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу жүйесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, Ұлттық оператор болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Осы нұсқаулықта пайдаланынатын негізгі түсініктер:
Toggle Dropdown
1) аутентификация – жүйеде бар қолжетімділіктің берілген деректемелерінің сәйкестігін анықтау жолымен қолжетімділік субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалылығын растау;
Toggle Dropdown
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - "электрондық үкімет" және ақпараттандыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
3) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға, оған мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу, "электрондық үкімет" инфрақұрылымының жобалық интеграторы функциялары жүктелген;
Toggle Dropdown
4) виртуалды қабылдау – мемлекеттік органдарға азаматтардың өтініштерін беру үшін арналған "электрондық үкімет" веб-порталында орналасқан сервис;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі - МО КО) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) – "электрондық үкімет", мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасу үшін арналған электрондық құжат айналымының жүйесі;
Toggle Dropdown
8) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған ұсынысты, өтінішті, шағымды, сұранысты немесе пікірді электрондық құжат формасында лауазымды тұлғаға жеке немесе ұжымдық немесе өтінішті қарайтын субъектіге жолданған өтініш;
Toggle Dropdown
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – бұл электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың нақтылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық символдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
10) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – электрондық мемлекеттік қызметтерге және нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесін өзімен бірге ұсынатын ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
2
2. Жеке және заңды тұлғалармен электрондық өтініштерді қалыптастыру
Toggle Dropdown
6. Жеке немесе заңды тұлғалармен электрондық өтініштерді қалыптастыру үшін қажет:
Toggle Dropdown
1) интернет желілеріне қосылған компьютерге қолжетімділігі бар;
Toggle Dropdown
2) ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жабық кілтін пайдаланумен құрылған ҚР ҰКО ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу орталығында алу;
Toggle Dropdown
3) Порталмен жұмыс жасау үшін берілген бағдарламалық құралдарын орнату;
Toggle Dropdown
4) Порталда тіркелу;
Toggle Dropdown
5) Порталда аутентификацияны өту;
Toggle Dropdown
6) хабарламаны жөнелтудің алдында ЭЦҚ электрондық құжатына қол қою.
Toggle Dropdown
7. Жеке немесе заңды тұлғалармен электрондық өтініштерді қалыптастырудың қабылдаудың және өңдеудің тәртібі үш кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
1) Порталда электрондық өтініштерді жеке және заңды тұлғамен қалыптастыру және мемлекеттік органға электрондық өтінішті жөнелту;
Toggle Dropdown
2) ЭҚАБЖ арқылы алынған электрондық өтініштерді мемлекеттік органдармен қабылдау және өңдеу;
Toggle Dropdown
3) жеке және заңды тұлғамен мемлекеттік органнан Портал арқылы өтінішке жауапты алу.
Toggle Dropdown
8. Жеке немесе заңды тұлғалар өтініштер білдірген кезде осы Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғалар карточкасына өздерінің деректемелерін толтырады.
Toggle Dropdown
Порталда электрондық өтініштерді жеке немесе заңды тұлғамен қалыптастыру және мемлекеттік органға электрондық өтінішті жөнелту:
Toggle Dropdown
1) Порталда жеке немесе заңды тұлғаның өтініштер карточкасының нысандарын толтыру, сақтау, оған жеке немесе заңды тұлғаның ЭЦҚ, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғамен даярланған электрондық құжатқа (қажетінше салымға) қол қою;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органға электрондық өтініштерді жөнелту.
Toggle Dropdown
9. ЭҚАБЖ арқылы алынған электрондық өтініштерді мемлекеттік органдармен қабылдау және өңдеу, өзіне қосады:
Toggle Dropdown
1) электрондық өтініштерді алу;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандырудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелеріне (№ 5834 нормативтік құқықтық актілер тізілімінде тіркелген, "Юридическая газета" 19.11.2009 ж. № 177 (1774) жарияланған) (бұдан әрі – Үлгілік ереже) және ЭЦҚ тексеруді және жеке және заңды тұлғаның – өтініші авторының ЭЦҚ тексерудің жағымды нәтижесінің расталуын алуды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 бекітілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі және оларды орындалуына бақылау туралы Нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкестікке өтініштерді тексеру;
Toggle Dropdown
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау саласында заңнамалықпен, Үлгiлік ережелермен және Нұсқаулықпен сәйкес өтініштерді тіркеу және қарау;
Toggle Dropdown
4) олардың құзыреттілігімен сәйкес басқадай мемлекеттік органдарға қарауға өтініштерді жолдау туралы жеке немесе заңды тұлғаға хабарламаны жөнелту;
Toggle Dropdown
5) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерінің және мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжаттың форматында қабылданған шараларды және өтініштерді қарау нәтижесі туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішіне Портал арқылы жауапты жөнелту.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік органға электрондық өтінішті жөнелткеннен кейін жеке немесе заңды тұлға келесі хабарламаларды немесе ақпаратты алады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органға электрондық өтініштерді ойдағыдай жөнелтуді және алуды растау болып табылатын мемлекеттік органға (электрондық құжат форматындағы түбіртектер) жеткізу туралы хабарлама;
Toggle Dropdown
2) себептерін көрсетумен, өтініштерді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама: ЭЦҚ жүйесімен қабылдамаған жағдайда ЭЦҚ тексерудің теріс нәтижесі;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік органда берілген тіркеу нөмірін көрсетумен өтініштерді тіркеу туралы хабарлама;
Toggle Dropdown
4) орындауға жөнелту туралы хабарлама;
Toggle Dropdown
5) орындалу күнін көрсетумен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты, орындаушы және өтініштерді қарау нәтижелері туралы деректерді, немесе мемлекеттік органның құзыретімен сәйкес орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың атына мемлекеттік органмен өтініштерді беру туралы ақпарат.
Toggle Dropdown
11. Порталда электрондық өтініштерді қалыптастыру және оны мемлекеттік органға жөнелту үшін жеке немесе заңды тұлға:
Toggle Dropdown
1) Порталда қажетінше қоса берумен мәселенің мәні мазмұндалған өтінішті қалыптастыру және қойылған мәселелерді шешуі құзыретіне кіретін мемлекеттік органға электрондық өтініш жөнелту;
Toggle Dropdown
2) құжаттың өтуі туралы салымды және хабарламаны сақтаусыз өзекті емес өтініштерден "Виртуалдық қабылдау" ақпараттық ресурсын пайдалунышымен босату кіреді.
Toggle Dropdown
12. Жеке немесе заңды тұлғаның электрондық өтініштерін қабылдауды және өңдеуді беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін Уәкілетті орган жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) Порталдың, ҚР ҰКО-ның және МО КО-ның бағдарламалық қамтамасыз етуін телекоммуникациялық, аппараттық және лицензиялық жабдықтау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді;
Toggle Dropdown
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындауға шартпен сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйыммен орындалатын ақпараттық жүйелердiң ақпараттық қауiпсiздiгiнiң техникалық қамтамасыз етуi жөніндегі жұмыстарды бақылауды;
Toggle Dropdown
3) жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін талаптарды мемлекеттік органдармен орындау үшін әзірлеме және бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдау мен өңдеуді жүзеге асырған кезде:
Toggle Dropdown
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау саласында заңнамамен белгіленген мерзімдерімен және рәсімдерімен сәйкес жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін ЭҚАБЖ арқылы тіркеудің мерзімділігін, толықтылығын қамтамасыз етуді;
Toggle Dropdown
2) қағаз тасығышта бірдей маңызды өтініштерге тәртібінде және мерзімінде жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларымен уақытылы қаралуын қамтамасыз етуді;
Toggle Dropdown
3) "Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін есепке алу Ережесін "Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау туралы" № 1-ОЛ нысанды статистикалық есептін және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықтың бекітілуі туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығына сәйкес (№ 4699 нормативтік құқықтық актілер тізілімінде тіркелген, "Юридическая газета" 19.11.2009 ж. № 177 (1774) жарияланған) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетіне тапсыру үшін қалыптастырылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі статистикалық есептерді құруды;
Toggle Dropdown
4) себептерін көрсетумен электрондық өтініштерді қабылдамау туралы өтініш авторына хабарламаны - электрондық құжатты жөнелтуді;
Toggle Dropdown
5) Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосуды және ЭҚАБЖ жұмыс істеуінің техникалық шарттарын қамтамасыз етуді;
Toggle Dropdown
6) МО КО-на және ҚР ҰКО-на мемлекеттік органның жергілікті есептеу желісіне қосуды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік орган құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкері ЭҚАБЖ арқылы келесі операцияларды:
Toggle Dropdown
1) ЭЦҚ-ны тексеру және "Түскендер" ұсынылымындағы "Тұлғалардың өтініштері" деректер қорында жеке және заңды тұлғаның ЭЦҚ тексерудің жағымды нәтижесін алуды;
Toggle Dropdown
2) келіп түскен өтінішті тіркеу және қарауға жөнелтуді;
Toggle Dropdown
3) себептерін көрсетумен өтінішті тіркеу туралы, немесе өтінішті тіркеуден бас тарту туралы (ЭЦҚ-ны тексерудің теріс нәтижесі, ЭЦҚ-ны жүйе қабылдамаған жағдайда) автордың Порталына хабарламаны - электрондық құжаттарды жөнелтуді;
Toggle Dropdown
4) өтініш авторының жауабын тіркеу және ЭЦҚ-мен өтініш авторының жауабына қол қою;
Toggle Dropdown
5) Портал арқылы өтініш авторына жауабын жөнелту;
Toggle Dropdown
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есептік деректерді қалыптастыру.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік органның атқарушысы ЭҚАБЖ арқылы келесі операцияларды орындайды;
Toggle Dropdown
1) өтініштің орындалу барысы туралы орындалу карточкасын қарауды және толтыруды;
Toggle Dropdown
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау саласында заңнамамен сәйкес тиісті субъектіге өтінішті қарауды немесе қайта бағыттауды;
Toggle Dropdown
3) өтініш авторының жауабын және мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ оған қол қоюды даярлауды;
Toggle Dropdown
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін даярлауды және мемлекеттік органның ведомстволық мұрағатына тапсыруды орындайды.
Toggle Dropdown
17. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қалыптастыруды, қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыруды шеңберінде Ұлттық оператор мынадай ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді (қаржылық ақпараттық жүйелермен ресурстардан басқа):
Toggle Dropdown
1) тәулігіне жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн, жылына үш жүз алпыс бес күн режиміндегі порталды;
Toggle Dropdown
2) ЭҚАБЖ Орталығының тәулігіне жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн, жылына үш жүз алпыс бес күн режимінде;
Toggle Dropdown
3) МО КО жұмыс күндеріндегі тәртібі 9:00-ден 18:30 сағатқа дейін, сенбі күні Астана уақытымен 10:00-ден 13:00 сағатқа дейін;
Toggle Dropdown
4) ҚР ҰКО тәулігіне жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн, жылына үш жүз алпыс бес күн тәртібінде қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
18. Ұлттық оператор Портал арқылы осы ақпараттық жүйені пайдаланумен байланысты барлық операциялардың іске асырылуына пайдаланушыларға мүмкіндік береді;
Toggle Dropdown
1) пайдаланушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық өтінішінің жөнелтілуін қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-сы жоқ болған жағдайда ЭЦҚ-сыз пайдаланушы үшін өтінішті жөнелтудің мүмкін еместігі туралы хабарлама шығарылады.
Toggle Dropdown
2) Порталдағы кеңістіктің шектелімі асқанға дейін пайдаланушының барлық өтініштерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шектелімнен асқан жағдайда, Порталдағы кеңістікті босату мақсатында өзекті емес өтініштерден "Виртуалдық қабылдау" ақпараттық ресурсын пайдаланушымен босатқанша дейін жұмыс қызметпен оқшауланады. Өтініштерді жою өтініштің авторымен тікелей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Порталдың жұмысқа жарамсыздық жағдайында Порталдың техникалық қолдау қызметтері www.e.gov.kz сайтында хабарландыруды орналастыру жолымен ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.
Toggle Dropdown
19. Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерін қабылдауы және өңдеуі жұмыс істеген кезде ҚР ҰКО арқылы:
Toggle Dropdown
1) жабық кілтті және ҚР ҰКО тиісті тіркеу куәлігін шығару және кері шақырып алуды;
Toggle Dropdown
2) жеке және заңды тұлғалардың электрондық өтініштерінде қамтылатын ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуді;
Toggle Dropdown
3) www.pki.gov.kz ақпараттық сайтына ҚР ҰКО жабық кілтті және сәйкес тіркеу куәлігінін күйге келтіру және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы уақытылы өзектілеу және беруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Ұлттық оператор МО КО арқылы келесілерді:
Toggle Dropdown
1) белгіленген үлгідегі формамен сәйкес ЭҚАБЖ-не қатысушысының тіркеу куәліктерін тіркеуді, шығаруды, кері шақырып алуды (күшін жоюды);
Toggle Dropdown
2) тіркеу куәліктерінің тіркелімінде МО ЭҚАБЖ - не қатысушысының тіркеу куәліктерін сақтауды, тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізуді;
Toggle Dropdown
3) куәландырушы орталықтарының жұмыс істеу саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес электрондық құжат айналымының жүйесіне қатысушыларының өтініштері бойынша ЭЦҚ ашық және жабық кілттерін құруды;
Toggle Dropdown
4) қолданыстағы және кері шақырылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің есебін жүргізуді;
Toggle Dropdown
5) ЭЦҚ ашық кілтінің тиістілігін, түпнұсқалылығын және нақтылығын растауды.
Toggle Dropdown
" Мемлекеттік органдардың
электрондық құжат
айналымының бірыңғай
жүйесіне "электрондық үкімет"
веб-порталын пайдалануымен
жолданған жеке және заңды
тұлғалардың электрондық
өтініштерін қалыптастыру,
қабылдау және өңдеу"
Нұсқаулығына 1 қосымша
Toggle Dropdown
Порталда жеке тұлғаның өтініш карточкасы
Toggle Dropdown
№ | Деректеменің атауы (алаң) | Толтыру міндеттілігі | Түсініктеме |
1 | ЖСН | | Жүйемен толтырылады (редакциялау үшін жабық) |
2 | Тегі | міндетті | Жүйемен толтырылады (редакциялау үшін жабық) |
3 | Аты | бар болған кезде | Жүйемен толтырылады (редакциялау үшін жабық) |
4 | Әкесінің аты | міндетті емес | |
5 | Email | міндетті емес | Мән пайдаланушының есептік жазбасынан жүйемен толтырылады, себебі порталда тіркеген кезде пошталық электрондық адресін көрсету қажет (редакциялаудың мүмкіндігі бар) |
6 | Пошталық адрес | міндетті | Өтініш берушінің пошталық адресі көрсетіледі. |
7 | Телефон | міндетті емес | |
8 | Алушы | міндетті | Өтініш жолданатын болатын мемлекеттік органды көрсету қажет. |
9 | Мазмұны | міндетті | Мәтін 255 символдан аса алмайды. Егер символдардың саны асып кеткен жағдайда, "Символдардың саны асса, салымда өтінішті рәсімдеңіз" диалогтық терезесі ашылады. |
10 | Файл | міндетті емес | |
Toggle Dropdown
" Мемлекеттік органдардың
электрондық құжат
айналымының бірыңғай
жүйесіне "электрондық үкімет"
веб-порталын пайдалануымен
жолданған жеке және заңды
тұлғалардың электрондық
өтініштерін қалыптастыру,
қабылдау және өңдеу"
Нұсқаулығына 2 қосымша
Toggle Dropdown
Порталда заңды тұлғаның өтініш карточкасы
Toggle Dropdown
№ | Деректеменің атауы (алаң) | Толтыру міндеттілігі | Түсініктеме |
1 | БСН | | Жүйемен толтырылады (редакциялау үшін жабық) |
2 | Қол қоюшының тегі | міндетті | |
3 | Қол қоюшының аты | міндетті | |
4 | Заңды тұлғаның атауы | міндетті | Өтінішті жөнелту кезіндегі маңызды атрибут |
5 | Тіркеу нөмірі | міндетті | Өтінішті жөнелту кезіндегі маңызды атрибут |
6 | Күні | міндетті | Атрибут (үнсіз келісім бойынша ағымдағы күні көрсетілген, редакциялаудың мүмкіндігі бар) |
7 | Email | міндетті емес | Мән пайдаланушының есептік жазбасынан жүйемен толтырылады, себебі порталда тіркеген кезде пошталық электрондық адресті көрсету қажет (редакциялаудың мүмкіндігі бар) |
8 | Пошталық адрес | міндетті | |
9 | Телефон | міндетті емес | |
10 | Алушы | міндетті | Өтініш жолданатын болатын мемлекеттік органды көрсету қажет. |
11 | Өтініштің қысқаша мазмұны | міндетті | Мәтін 255 символдан аса алмайды. Егер символдардың саны асып кеткен жағдайда, "Символдардың саны асса, салымда өтінішті рәсімдеңіз" диалогтық терезесі ашылады. |
12 | Файл | міндетті емес | |