1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қазан N 1118
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1118 қаулысымен бекiтiлген
Нормативтік құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзуге қойылатын негізгі талаптарды белгілейдi.
2. Осы Ереже конкурсты ұйымдастырушылар мен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға үмiткер мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi.
3. Осы Ереже ресми басылымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметінiң актiлер жинағына қолданылмайды.
4. Конкурстың негізгі мақсаттары:
1) азаматтардың ақпараттарды еркiн алуындағы конституциялық құқықтарын іске асыру;
2) азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық хабардар болуын арттыру;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзiмдi баспасөз басылымдарының тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
4) мерзiмдi баспасөз басылымдарының қызметiн жандандыру;
5) мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасында бәсекелестiктi арттыру болып табылады.
5. Осы Ережеде:
1) мемлекеттiк тапсырыстың негiзiнде мемлекеттiк сатып алуға байланысты (бұдан әрi - мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс);
2) мемлекеттік сатып алуға байланысты емес (бұдан әрi - конкурстық iрiктеу) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурстың екi түрiн өткiзу көзделедi.
6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурс - жеңiмпаз мерзiмдi баспасөз басылымдарын оларға нормативтік құқықтық актiлердi ресми жариялауға құқық беру мақсатында анықтау тәсiлi;
2) конкурстық комиссия - конкурсқа ұсынылған құжаттардың конкурстың шарттарына сәйкестiгiн анықтау және тиiстi шешiм қабылдау мақсатында қарау үшiн конкурсты ұйымдастырушылар құратын алқалы орган;
3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және жарты жылда кемiнде бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;
4) конкурсты ұйымдастырушылар - осы Ережеге сәйкес конкурс өткiзуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау - конкурстың негiзiнде осындай құқық алған мерзiмдi баспасөз басылымдарының нормативтiк құқықтық актiлердi жариялауы;
6) мемлекеттiк сатып алу (конкурстық iрiктеу) жөнiндегi конкурстың қатысушысы - мемлекеттiк сатып алу (конкурстық iрiктеу) жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм берген мерзiмдi баспасөз басылымы;
7) уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат агенттiктерiнiң қызметтерiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
7. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс және конкурстық iрiктеу нормативтiк құқықтық актiлердi:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |