Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1152 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетіледі. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, интернет-ресурсы: www.mtс.gov.kz, телефон: 8 (7172) 74-03-64, факс: 8 (7172) 74-03-64.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы 1) тармағының 9) тармақшасы, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 22, 42, 43, 45, 47-баптары негізінде және «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысы негізінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында және құжаттарды қабылдау орнында ақпараттық стенділерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі осы стандартқа 2, 3-қосымшаларға сәйкес ресімделген Мемлекеттік лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан www.elicense.kz интернет порталының «Байланыс саласындағы лицензиялау» бөлімі арқылы электронды түрде дәлелді бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және Комитет мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
а) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағындағы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – 15 күнтізбелік күн;
Toggle Dropdown
б) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық өтінім берілген кезден бастап - 15 күнтізбелік күннен аспайды;
Toggle Dropdown
2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген), электрондық сұрау салуды қалыптастырған кезде өтініш беруші берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын беру мерзімі – құжаттар берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды;
Toggle Dropdown
4) лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу мерзімі – құжаттар берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды;
Toggle Dropdown
5) лицензия және (немесе) лицензия қосымшасының телнұсқасын беру мерзімі құжаттар берілген сәттен бастап – 2 жұмыс күнінен аспайды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін ақы төлеу «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 471-бабына сәйкес жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет:
Toggle Dropdown
1) Комитетте күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі;
Toggle Dropdown
2) www. elicense.kz порталында - тәулік бойы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетілген қызмет көрсету болмайды.
Toggle Dropdown
10. Комитет ғимараты:
Toggle Dropdown
1) физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есікпен;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды қабылдау орны ақпараттық стенділермен жабдықталған.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
1
11. Мемлекеттік лицензияны және оның қосымшасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ресімделген, белгіленген үлгідегі өтініш;
Toggle Dropdown
1
2) заңды тұлға үшiн – жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмелерi;
Toggle Dropdown
1
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
1
4) жеке кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесін;
Toggle Dropdown
1
5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшірмесін;
Toggle Dropdown
6) қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшірмесін;
Toggle Dropdown
7) «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Toggle Dropdown
Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ресімделген, белгіленген үлгідегі өтініш;
Toggle Dropdown
2) «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Toggle Dropdown
Лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет: