• Мое избранное
Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.04.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық министрдің м.а 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7273 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Бесбалаев Қ.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін         атқарушы                                   С. Мусинов
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушының
 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 647
 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа (ересектер мен балаларға) кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі қанайналым жүйесі ауруларымен (бұдан әрі – ҚАА) науқастарды ерте анықтауға, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған.
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын штаттан тыс бас кардиологы, интервенциялық кардиологиялық көмекті штаттан тыс бас интервенциялық кардиолог және кардиохирургиялық көмекті штаттан тыс бас кардиохирург (республиканың, облыстың, қаланың) үйлестіреді.
Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің құрылымдары мен штат саны басшымен жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың саны мен штат нормативтеріне қарай белгіленеді.
4. Халыққа кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық,  стационарды алмастыратын  көмек нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.
Халыққа (ересектерге, балаларға) кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жоғары, қосымша және орта медициналық білім берудің, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Халыққа кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етеді.
2. Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері
6. Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері:
1) ҚАА-ның профилактикасына, сырқаттанушылыққа, мүгедектікке, өлім-жітімді төмендетуге, қантамырлық-жүрек ауруларымен (бұдан әрі - ҚЖА) ауыратын пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсартуды ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) диагностиканың қазіргі заманғы әдістері арқылы ҚАА ерте анықтау;
3) емдеудің барлық кезеңінде сабақтастықты сақтай отырып, ҚАА мен ауыратын науқастарға сапалы жоғары білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
4) тәуліктік медициналық бақылауды қажет етпейтін емдеудің барлық кезеңінде сабақтастықты сақтай отырып, ҚАА мен ауыратын пациенттерге стационарды алмастыратын және оңалту көмегін ұйымдастыру және көрсету;
5) ҚЖА-мен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
6) өз қызметінде басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен ҚАА-мен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету мәселесі бойынша өзара іс-қимыл мен сабақтастық;
7) инновациялық медициналық технологияларды ҚАА диагностикасы мен еміне енгізу болып табылады.
3. Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
7. Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына:
1) кардиологиялық орталық және/немесе диспансер;
2) кардиохирургиялық орталық;
3) құрылымында өзіне жүктелген функцияларына қарамастан мыналар ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар кардиология және/немесе интервенциялық кардиология бөлімшесі, стационарлық медициналық ұйымдардың кардиохирургиялық бөлімшесі, қалпына келтіре емдеу және оңалту бөлімшесі, кардиологиялық кабинет жатады.
4. Кардиологиялық орталық және/немесе диспансер
8. Кардиологиялық орталық және/немесе диспансер облыстық, қалалық және республикалық деңгейлерде ЖҚА ауруымен ауыратын науқастарға мамандандырылған және/немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін өңір халқының ерекшелігі мен қажеттілігін есепке ала отырып, дербес денсаулық сақтау ұйымдары ретінде құрылады.
9. Кардиологиялық орталық және/немесе диспансер мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулық, ЖҚА ауруымен ауыратын науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу, оңалту және диспансерлік бақылау бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдардың жұмысының, оның ішінде жедел медициналық жәрдем, санитариялық және амбулаториялық-емханалық буын қызметінің сапасы мен тиімділігін бағалау;
2) ЖҚА бастапқы және қайталама профилактика жөніндегі іс-шараларды үйлестіру, ұйымдастыру және өткізу;
3) ЖҚА-нан сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің және өлім-жітімнің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштердің мониторингі мен талдауы (госпиталға дейінгі және госпиталдық);
4) ҚЖА-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
5) медициналық ұйымдар мен медициналық қызметтерге, сондай-ақ оқу орындарына халыққа кардиологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
6) медициналық көмек көрсету хаттамалары мен стандарттарын және дәрілік заттардың формулярларын әзірлеуге қатысу;
7) ЖҚА-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету саласында клиникалық практикаға қазіргі заманғы жетістіктерді енгізу және оларды қолдану тиімділігіне талдау жүргізу;
8) емдеуге жатқызу кезеңінде медициналық көмек көрсету және ҚЖА-мен ауыратын науқастарды оңалтудың санаторийлік-курорттық және амбулаториялық кезеңдерін ұйымдастыруды бағалау;
9) ЖҚА зардап шегетін науқастарды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру;
10) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
11) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы буын, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерінің кардиология мәселесі бойынша біліктілігін арттыруға қатысу;
12) бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін тарта отырып, халықты ҚЖА профилактикасы мәселесі бойынша гигиеналық тәрбиелеуге қатысу;
13) мамандардың біліктілігін арттыруды жоспарлау және оларды тиісті циклдерге дипломнан кейінгі білім беру ұйымдарына жіберу;
14) ҚЖА-дан сырқаттанушылықты, таралушылықты, мүгедектікті және өлім-жітімді талдау және денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандары бойынша есептерді құрастыру;
15) ҚЖА-мен ауыратын науқастарға диагностикалық және емдеу көмегін көрсетудің көлемі мен сапасын талдау;