Toggle Dropdown
10
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 437 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 28.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 22 мамырдағы
N 437 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын (бұдан әрi – инспекторлар) аттестаттау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
Toggle Dropdown
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
Toggle Dropdown
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
Toggle Dropdown
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің штаттағы қызметкерлері.
Toggle Dropdown
4. Аттестаттау инспекторлардың құзыреттiлiгiн, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi бiлуiн анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерiстердi ескере отырып, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргiзiледi және мынадай екі кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
1) тестілеу;
Toggle Dropdown
2) әңгімелесу.
Toggle Dropdown
5. Инспекторлар қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн аттестациядан өтедi.
Toggle Dropdown
Бұл ретте аттестаттау көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
6. Аттестаттау аттестациядан өтетiн инспектордың өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тілінде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
1
2. Аттестаттау комиссиясы
Toggle Dropdown
7. Аттестаттау өткiзу үшін уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен аттестаттау комиссиясы құрылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, төрағаның орынбасарынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс.
Toggle Dropdown
Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда, оған аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары төрағалық етеді.
Toggle Dropdown
Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
8. Уәкiлеттi органның басшысы белгiлеген уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрi – жұмыс органы) болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Уәкiлеттi органның басшысы жұмысшы органның ұсынысы бойынша аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмi бекiтiлетiн, аттестация өткiзудiң мерзiмi мен кестесi белгiленетiн бұйрық шығарады.
Toggle Dropdown
Жұмысшы орган аттестациядан өтетiн адамдар бойынша қажеттi құжаттар дайындауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары және уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары енгiзiледi.
Toggle Dropdown
11. Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзедi.
Toggle Dropdown
Өңiрлiк аттестаттау комиссиялары көшпелi аттестация өткiзедi.
Toggle Dropdown
Өңiрлiк аттестаттау комиссияларының құрамы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен белгiленедi.
Toggle Dropdown
12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.
Toggle Dropdown
13. Шешiм аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Toggle Dropdown
13-1. Егер, аттестаттау комиссиясының мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, өзіне қатысты дауыс бере алмайды.
Toggle Dropdown
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларын және мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру
Toggle Dropdown
14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиiс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмiн уәкiлеттi орган басшысына бекiтуге ұсынады.
Toggle Dropdown
15. Жұмысшы орган аттестация өткiзу басталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын аттестатталуға тиiс адамдарды оның өткiзiлу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.
Toggle Dropdown
16. Уәкілетті ұйымның кадр қызметі және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аттестаттау өткізуге дейін екi апта қалғанда аттестатталуға тиiс инспекторлар үшiн мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жiбередi:
Toggle Dropdown
1) қызметтiк мiнездеме;
Toggle Dropdown
2) кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;
Toggle Dropdown
3) өмiрбаян;
Toggle Dropdown
4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
Toggle Dropdown
5) ғылыми дәрежесiнiң, атағының болуы, бiлiктiлiгiн арттырғаны және т.б. туралы куәлiктердiң, сертификаттар мен куәлiктердiң (бар болса) көшiрмелерi.
Toggle Dropdown
17. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiптiк, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң бағасын қамтуға тиiс және оған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның басшысы;
Toggle Dropdown
2) аумақтық бөлімшелердің бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшін – уәкілетті орган басшысының орынбасары;
Toggle Dropdown
3) бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары мен аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін – уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның мемемлекеттiк құрылыс инспекторлары үшiн – уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
Toggle Dropdown
5) аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшiн – уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.
Toggle Dropdown
18. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
19. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн екi апта мерзiм бұрын өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен танысуға тиiс.
Toggle Dropdown
20. Аттестатталатын адам өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен келiспеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн екi апта қалғанда жұмыс органына өзiн сипаттайтын қосымша ақпарат беру арқылы өзінің келiспейтiнi туралы мәлiмдеме жасай алады.
Toggle Dropdown
4. Ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыру
Toggle Dropdown
4-1. Тестілеу өткізу
Toggle Dropdown
20-1. Жұмыс органы тест сұрақтарын жасайды және оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.
Toggle Dropdown
Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамның білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.
Toggle Dropdown
20-2. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
Toggle Dropdown
1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;
Toggle Dropdown
2) нәтижелерді есептеу.
Toggle Dropdown
Тестілеу тестілеуге қатысушының өтiнiшi бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
20-3. Тестілеу кезінде қатысушылардың:
Toggle Dropdown
1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;
Toggle Dropdown
2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;
Toggle Dropdown
3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бұл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.
Toggle Dropdown
20-4. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.
Toggle Dropdown
Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
Toggle Dropdown
20-5. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.
Toggle Dropdown
20-6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары үшін шекті мән – кемінде 70 %; аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін – кемінде 60 %, тестілеу нәтижесі есептеледі.
Toggle Dropdown
20-7. Тестiлеуден өту кезінде шектi мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
Toggle Dropdown
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзiмде қайта тестілеуден өтеді.
Toggle Dropdown
20-8. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шектi мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
5. Аттестация өткiзу
Toggle Dropdown
27. Аттестация аттестатталатын адамның қатысуымен өткiзiледi.
Toggle Dropdown
28. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын адамға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресiмдейдi.
Toggle Dropdown
29. Аттестаттауға тиiс, бiрақ дәлелдi себептермен келмей қалған адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде аттестаттау рәсiмдерiнен өтедi.
Toggle Dropdown
1
30. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделей, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталатын адамға тестiлеу және әңгімелесуді жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) аттестациядан өттi;
Toggle Dropdown
2) аттестатталған жоқ, қайта аттестаттауға жатады;
Toggle Dropdown
3) аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi (тек қайта аттестатталған жағдайда).
Toggle Dropdown
31. Аттестаттау комиссиясының шешiмi оның отырысына қатысқан төраға, төрағаның орынбасары, аттестаттау комиссиясының мүшелерi мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Toggle Dropdown
32. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешiмiмен таныстырылуға тиiс.
Toggle Dropdown
33. Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестация өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
Toggle Dropdown
34. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмi аттестатталатын адамның аттестаттау парағына енгiзiледi.
Toggle Dropdown
35. Аттестациядан өткен аттестатталатын адамның аттестаттау парағы жеке iс-қағазда сақталады.
Toggle Dropdown
36. Уәкiлеттi органның басшысы бекiткен аттестациядан өтпегенi және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейтiнi туралы шешiм аттестатталатын адамды инспектор лауазымынан босату үшiн негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
37. Аттестаттаудан өтпеген, бiрақ қайта аттестаттауға жататын адам аттестаттау комиссиясы белгiлеген мерзiмде, бiрақ кемiнде үш ай өткеннен кейiн аттестаттаудан қайта өтуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
6. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
38. Аттестация өткiзу кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Toggle Dropdown
Сәулет-құрылыс бақылауын және
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
құрылыс инспекторларын аттестаттау
қағидаларына қосымша
Toggle Dropdown
Аттестаттау парағы
Toggle Dropdown
Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат ____________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________
Туған күнi және жерi ________________________________________________
Бiлiмi ______________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күнi ____________________________________
Жалпы еңбек _________ өтілі (оның ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау органдарында), оның iшiнде осы лауазымда ___________________
Қосымша мәлiметтер:
Аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтер:
Қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң саны ________
Дауыс беру нәтижелерi:
«Жақтағандар» ______________
«Қарсы» ____________________
Қабылданған шешiм: __________________________________________________
(аттестаттаудан өттi; аттестатталған жоқ және қайта аттестаттауға жатады; аттестатталған жоқ және инспектор атқаратын лауазымға сәйкес келмейдi)
Төраға /________________/
Төрағаның орынбасары /________________/
Хатшы /________________/
Мүшелері /________________/
/________________/
/________________/
Қабылданған шешiммен таныстым ______________________________________
(аттестатталатын адамның қолы және күнi)