• Мое избранное
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес
«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.08.2015 жылғы № 697 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабы 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
  • 1
1. Қоса беріліп отырған:
  • 1
1) Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары;
2) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары;
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 1458 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті ұжымдарда қолданылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жеке қорғану құралдары – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;
2) ұжымдық қорғану құралдары – екі және одан да көп қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
2. Қызметкерлерге сүт және емдік-профилактикалық тағам беру тәртібі
4. Сүт және емдік-профилактикалық тағам (бұдан әрі – ЕПТ) қызметкерлерге өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша кәсіптік аурулар мен уланудың алдын алу, олардың денсаулығын нығайту мақсатында беріледі.
5. Сүт ұзақтығына қарамастан, әр ауысымға (үзіліс уақытында) химиялық заттарды өндіруге немесе қолдануға байланысты жұмыстарда қызметкердің нақты жұмыс iстеген күндеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша беріледі.
6. ЕПТ белгілеу және беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормаларға сәйкес беріледі.
7. ЕПТ жұмыс басталар алдында таңертеңгі ыстық ас түрінде беріледі. Кейбір жағдайларда, ұйымның медициналық-санитариялық бөлімінің, ал ол болмаған жағдайда тиісті аумақтың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келісімімен ЕПТ түскі ас кезінде беруге де болады. Жоғары қысым жағдайындағы (кессондарда, барокамераларда, суда жүзетін жұмыстарда) қызметкерлерге ЕПТ шлюзға өткеннен кейін беріледі.
8. ЕПТ сондай-ақ, толық жұмыс күнін құрылыс, құру-жабдықтау, жөндеу-құру және іске қосу және баптау жұмыстарында өткізетін қызметкерлерге, ЕПТ белгіленген негізгі қызметкерлерге, жөндеу персоналына, ерекше зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін өндірістердегі құрылғыларды тазалауды жүргізетін, жөндеу және консервацияға дайындайтын қызметкерлерге беріледі.
9. ЕПТ және сүт:
1) жұмыс істемейтін күндері;
2) демалыс күндері;
3) қызметтік іссапар күндері;
4) өндірістен қол үзіп оқу күндері;
5) ЕПТ көзделмеген басқа жерлердегі жұмыстарды орындаған күндері;
6) жұмысқа уақытша жарамсыз кезеңде берілмейді.
10. ЕПТ өткен уақытқа немесе бірнеше ауысымға алдын ала беруге, сондай-ақ өз уақытында алынбаған ЕПТ үшін өтемақы төлеуге рұқсат етілмейді.
11. Азық-түліктің бір түрін ЕПТ екінші түрімен ауыстыруға ЕПТ беру нормаларында айқындалған азық-түлікті өзара алмастыру нормалары шегінде жол беріледі.
12. ЕПТ дайындау және беру негізінде әр күнге мәзір-тарату жасалатын рациондар бойынша ЕПТ-ның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік мәзірін таратуға сәйкес жасалады.
13. Мәзірді қызметкерлерге тамақ дайындауды жүзеге асыратын ұйым өндірісінің меңгерушісі құрастырады.
14. Еңбек жағдайының ерекше зияндылығына байланысты жұмыс берушінің есебінен ЕПТ алатын қызметкерлерге сүт немесе оған теңестірілген басқа да азық-түлік берілмейді.
  • 1
3. Қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі
15. Жеке қорғану құралдары қызметкерлерді жұмысқа қабылдау не оны басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не осы құралдарды пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормада беріледі.
16. Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және ол қызметкерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі.
17. Жеке қорғану құралдары сертификатталған болуға және де киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтын болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс.
18. Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және де өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және де өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы керек. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс.
19. Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғану құралдарына тиісті күтімді ұйымдастырады, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын алдын-ала өңдеуді, сондай-ақ оларды жөндеуді уақытында жүзеге асырады.
  • 1
20. Еңбек жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда ұйымдарда жеке қорғану құралдарын алдын ала өңдеуге арналған кептіргіштер, камералар мен қондырғылар орнатылуға тиіс.
21. Жеке қорғану құралдарын алдын ала өңдеу және жөндеу қызметкерлер жұмыстан бос уақытта (демалыс күндері) немесе ауысымаралық үзілістер кезінде жүргізілуге тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша қызметкерлерге арнайы киім мен арнайы аяқ киімнің екі немесе үш жинақтамасын беру көзделсе, жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу және жөндеу жұмыс уақытында жүзеге асырылуы мүмкін, ал қызметкерлерге осы уақытқа жұмыс берушілерде осы мақсаттарға қажетті мөлшерде болуға тиіс арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің ауысымдық жинақтамалары беріледі.
22. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақыты нормасын толық орындаған қызметкерге сабын берудің айлық нормасы 500 грамнан төмен болмауға тиіс.
23. Ұжымдық қорғаныс, санитариялық-тұрмыстық ғимараттар мен құрылғы жабдықтары өндірістік ғимараттарды жобалау, құрылысын салу және реконструкциялау кезінде, технологиялық процестерді, машина конструкцияларын, тетіктерді, жабдықтарды және басқа да өнімдерді ескере отырып, ұлттық стандарттарға және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес көзделеді.
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (05.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
24. Гардероб, душ, жуынатын, емдік-профилактикалық құралдар, медициналық қобдишалар, дәретхана, жартылай душтарды, ауыз сумен жабдықтау қондырғылары орналасатын орындар, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған, басқа да санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
25. Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланысты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуға тиіс.
26. Маусым басталғанда арнайы киім мен арнайы аяқ киім олар алдыңғы маусымда берілген қызметкерлерге қайтарылуға тиіс.
27. Қызметкерлерге берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғану құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші қызметкерлерге құрылыстық нормалар мен ережелер, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді.