Toggle Dropdown
2
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1571 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1571 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар заңды және жеке тұлғалардың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) ресімдеу мен пайдалану тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға жеткізуші (бұдан әрі – жеткізуші) болып танылады.
Toggle Dropdown
Алушы (бұдан әрі – алушы) деп этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жеткізуші жүргізген кезде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алу бойынша операцияларды жүзеге асырушы тұлға түсініледі.
Toggle Dropdown
3. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша әрбір операцияны (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту пунктінен межеленген жерге дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа) жүргізген кезде, жеткізуші мiндеттi түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.
Toggle Dropdown
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің экспорты кезінде осы Қағидалардың 10-тармағы қолданылмайды.
Toggle Dropdown
4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын реттеуді этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану
Toggle Dropdown
5. ІЖҚ-ны этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін жеткізуші мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде «Салық төлеушінің кабинеті» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрі – Бағдарлама) электрондық түрде ресімдейді.
Toggle Dropdown
Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануына қол жетімді болып табылады.
Toggle Dropdown
6. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) нөмір (Бағдарлама автоматты түрде береді);
Toggle Dropdown
2) ресімдеу күні (Бағдарлама автоматты түрде береді);
Toggle Dropdown
3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалып алынады);
Toggle Dropdown
4) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес:
Toggle Dropdown
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің (жеткізушінің) тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН);
Toggle Dropdown
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
Toggle Dropdown
5) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде береді);
Toggle Dropdown
6) жеткізушінің лицензиясының нөмірі және лицензияда көрсетілген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);
Toggle Dropdown
7) жеткізушінің түрі (Бағдарламада көрсетілетін тізімнен таңдап алынады);
Toggle Dropdown
8) алушының СТН-ін жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
9) алушының ЖСН/БСН-ін жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
10) алушының атауы (осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген деректерді енгізген кезде Бағдарлама автоматты түрде береді, экспорт кезінде жеткізуші толтырады);
Toggle Dropdown
11) алушының лицензиясының нөмірі және лицензияда көрсетілген мекенжайы (этил спиртін медициналық мақсаттар мен техникалық мұқтаждықтардан басқа, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады, экспорт кезінде жеткізуші толтырады);
Toggle Dropdown
12) алкоголь өнімін алуға алушы сенімхатының (толтыруға міндетті емес деректеме) мерзімі мен нөмірін жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
13) шарттың нөмірі мен мерзімін жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);
Toggle Dropdown
14) көлік түрі (Бағдарламада көрсетілетін тізімнен таңдап алынады);
Toggle Dropdown
15) алкоголь өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы деректерді жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);
Toggle Dropdown
16) көлік құралы (автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде) туралы мәліметтерді (көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
17) экспедитор туралы мәліметтерді (экспедитордың, жүргізушінің аты-жөні) жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);
Toggle Dropdown
18) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің мөлшері (литрмен көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетілген мәліметтер этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс, бұл ретте тиісті ұяшығында:
Toggle Dropdown
алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
Toggle Dropdown
медициналық мұқтаждықтарға;
Toggle Dropdown
техникалық мұқтаждықтарға тиеп жөнелтілетін спиртінің мөлшері көрсетіледі;
Toggle Dropdown
19) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының мөлшері (литрмен көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетілген мәліметтер шарап материалын өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс, бұл ретте тиісті ұяшықта:
Toggle Dropdown
алкоголь өнімінің өндірісіне;
Toggle Dropdown
коньяк спиртінің өндірісіне (тікелей немесе екі қайта айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спирті) тиеп-жөнелтілетін шарап материалының мөлшері көрсетіледі;
Toggle Dropdown
20) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің жалпы мөлшері (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнімінің мөлшерін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетеді).
Toggle Dropdown
Осы тармақшада және осы тармақтың 22) – 27) және 35) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер алкоголь өнімін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
Toggle Dropdown
21) жолдың реттік нөмірі;
Toggle Dropdown
22) жеке сәйкестендіру нөмірі – алкоголь өнімінің коды (бұдан әрі – ЖСН-код) (Бағдарламаның ЖСН-код анықтамалығынан таңдап алынады);
Toggle Dropdown
23) өнім түрі (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
Toggle Dropdown
24) өнімнің атауы (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
Toggle Dropdown
25) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
Toggle Dropdown
26) шөлмектің санын жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
27) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің мөлшері (осы тармақтың 25) және 26) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен береді;
Toggle Dropdown
28) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімі немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);
Toggle Dropdown
29) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы мөлшері (осы тармақтың 33) тармақшасында көрсетілген сыра мөлшерін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрді көрсетеді).
Toggle Dropdown
Осы тармақшада және осы тармақтың 30) - 33) және 35) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер сыраны өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
Toggle Dropdown
30) сыраның атауын жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
31) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығын жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
32) сыраға арналған ыдыстың, шөлмектің, кега-бөшкелердің санын жеткізуші енгізеді;
Toggle Dropdown
33) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның мөлшері (осы тармақтың 31) және 32) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді);
Toggle Dropdown
34) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (сыра немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);
Toggle Dropdown
35) басшының тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;
Toggle Dropdown
36) бар болса, бухгалтердің тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;
Toggle Dropdown
37) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін нақты алу күнін көрсетумен, алушының тегі, аты, әкесінің аты және қолы.
Toggle Dropdown
7. ІЖҚ-ның уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін қағаз тасығышта екі данада басып шығарылады, басшы, бухгалтер (бар болса) қол қояды, сондай-ақ жеткізушінің мөрімен расталады (бар болса, дара кәсіпкерлер үшін).
Toggle Dropdown
8. Межеленген жерге дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасығыштағы бір данасы тасымалдаушыға беріледі (алушының өкіліне), ол кейіннен көрсетілген тауарды алышуға тапсырылады.
Toggle Dropdown
9. ІЖҚ-ның екінші данасы этил спиртін және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.
Toggle Dropdown
10. ІЖҚ-ны Бағдарламада ІЖҚ алуды растау жолымен электрондық түрде алушылар табыс етеді.
Toggle Dropdown
Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (этил спиртін медициналық және техникалық мұқтаждықтарға алушылардан басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізушімен ІЖҚ ресімделген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
11. Растау мерзімдері бұзылған немесе ІЖҚ алу расталмаған жағдайларда Бағдарламада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автоматты режимде хабарлама қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Алушылар Бағдарламада хабарламамен танысқаннан кейін ІЖҚ алуды растайды немесе растаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген деректер толық (және) немесе дұрыс көрсетілмей ресімделген ІЖҚ осындай ІЖҚ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жойылуға жатады.
Toggle Dropdown
13. ІЖҚ жойылған жағдайда жаңа ІЖҚ жазып беріледі.
Toggle Dropdown
14. ІЖҚ есебі осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның ІЖҚ тіркеу журналы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
15. Қағаз тасығыштағы ІЖҚ бес жыл бойы жеткізуші мен алушыларда сақталады.
Toggle Dropdown
16. Жеткізуші (алушы) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін ІЖҚ сақтау міндеттемесі оның құқық мирасқорына (құқық мұрагерлеріне) жүктеледі.
Toggle Dropdown
1
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Ілеспе жүкқұжаты № Ресімделген күні: 20 ___ж. «__» _____Операция коды _________ |
Жеткізушінің СТН-і _______________ Жеткізушінің ЖСН/БСН-і ___________ Жеткізушінің атауы _______________ Жеткізуші лицензиясының нөмірі және лицензия бойынша мекенжайы ____________________________________________________________________ Жеткізушінің түрі______________ | Алушының СТН-і ________________ Алушының ЖСН/БСН-і _______________ Алушының атауы ___________________ Алушының лицензиясының нөмірі және лицензия бойынша мекенжайы ______________________________ __________________________________ Алушының сенім-хаты: № _____ алынған күні: ___ __ ____ |
| Шарттың нөмірі _________ Шарттың жасалған күні ______________ |
Көліктің түрі: Авто ТЖ Әуе Теңіз немесе ішкі су Тасымалдаушы туралы мәліметтер ______________________________________ Көлік түрлері туралы мәліметтер _____________________________________ Экспедитор туралы мәліметтер ________________________________________ |
Өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің мөлшері: _____ (литр) Алкоголь өнімін өндіруге: ____________ Медициналық мақсаттарға: ____________ Техникалық мұқтаждықтарға: ___________ |
| Өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының саны: _____ (литр) Алкоголь өнімін өндіруге: ________ Коньяктік спиртін өндіруге: ______ |
Өткізілетін (тиеліп жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (арақ, коньяк, бренди, шарап, ЛАБ) мөлшері, барлығы: _____ (литр) | № | ЖСН-код | Өнімнің түрі | Өнімнің атауы | Ыдыстың сыйымдылығы (литр) | Шөлмектердің саны | Литр | Жеткізуші толтырған ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімі қайтарылған жағдайда) | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | | | | | | | | | Жолдардың барлық саны: _______ Өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның мөлшері, барлығы: ____ (литр) | № | Сыраның атауы | Ыдыстың сыйымдылығы (литр) | Ыдыстардың, кега-бөшкелердің, шөлмектердің саны | Литр | Жеткізуші толтырған ІЖҚ нөмірі (сыра қайта қайтарылған жағдайда) | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | | | | | | | Жолдардың барлық саны: _______ |
Басшының Т.А.Ә.: ______________________________ __________________ қолы МО: Бухгалтердің Т. А. Ә.: __________________________ __________________ қолы Алушының Т. А. Ә.: ____________________ ____________ ___________ Қолы алынған күні (күні, айы, жылы) |
Toggle Dropdown
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжат алғанын растамау туралы хабарлама «___» _________ 20_ _ ж. __________________________________________________________________ (салық органының атауы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «___»________№____ қаулысымен бекітілген, Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес Сізді __________________________________________________________________ (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы) СТН _________________________ ЖИН (БИН) ___________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (нөмірі және табыс етудің кезеңі) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының расталмағаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты Сіз тіреку жеріңіздегі салық органына 5 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет. |
Toggle Dropdown
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
ІЖҚ тіркеу журналы ІЖҚ-ның күні ІЖҚ-ты растау / __ ж. __ ___бастап __ж. __ ______ дейін бас тарту күні __ ж. __ ___бастап __ж. __ ______ дейін Жеткізушінің СТН-і ______________ Алушының СТН-і ________________ Жеткізушінің ЖСН/БСН-і __________ Алушының ЖСН/БСН-і ____________ ІЖҚ-ның нөмірі: _________________ ІЖҚ мәртебесі: алғашқы түрі жойылды жіберілді расталды алынды қайтарылды | | № | ІЖҚ-ның күні | ІЖҚ-ның нөмірі | Жеткізушінің СТН-і | Жеткізушінің ЖСН/БСН-і | Алушының СТН-і | Алушының ЖСН/БСН-і | ІЖҚ-ы растау/ қайтару күні | Өткен күндердің саны | Мәртебесі | Іс-қимылдар | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Көрсетілетін жолдардың саны: ____барлығы ___ |