Toggle Dropdown
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 490 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 490 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін
пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау
әдістемесі
Toggle Dropdown
1-бөлім. Әуеайлақтар
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – СБӘ) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) және Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі – МАК) ұсыныстарының талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының (бұдан әрі - ҚР АА ӘПЖН) талаптарына әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сипаттамалары мен параметрлерінің сәйкестігін бағалауға арналған.
Toggle Dropdown
2. Осы СБӘ әуеайлақ кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қажетті технологиялық операциялардың тізбесінен тұрады. Сәйкестікті бағалау әуеайлақ кешенін жерүсті және ұшуда тексерудің және оларды ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қоятын және мөрімен расталатын сәйкестік кестесі жасалады. Сәйкестік кестелерін толтыру тәртібі мен мысалдары осы СБӘ-де келтірілген.
Toggle Dropdown
4. СБӘ-ға өзгерістер ҚР АА ӘПЖН-де баяндалған тәртіпке сәйкес қажеттілігіне қарай енгізіледі.
Toggle Dropdown
5. Әуеайлақ кешені мен оның жабдықтарын жерүсті және ұшуда тексеріп-қарауды әуеайлақ қызметі, сертификатталған органдар немесе осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған жобалау немесе ғылыми тексеру институттары жүзеге асыруға тиіс.
Toggle Dropdown
2. Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалық сипаттамалары
Toggle Dropdown
Әуеайлақ класын және жасанды төсемді ұшу-қону жолақтарының дәрежесін айқындау әдістемесі
Toggle Dropdown
6. Әуеайлақ дәрежесі:
Toggle Dropdown
1) бір жолақты әуеайлақтарда жасанды ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ЖҰҚЖ) класымен;
Toggle Dropdown
2) көп жолақты әуеайлақтарда стандарттық жағдайда неғұрлым ұзын ЖҰҚЖ дәрежесімен анықталады.
Toggle Dropdown
Стандартты жағдайда ұзындығын есептеу және әуеайлақ (ЖҰҚЖ) дәрежесін анықтау жаңа әуеайлақты (ЖҰҚЖ) пайдалануға берген кезде және ЖҰҚЖ-ды қайта жаңартудан (ұзартқаннан) кейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Нәтижелері Әуеайлақты тексеру актісіне енгізіледі.
Toggle Dropdown
7. ЖҰҚЖ дәрежесін анықтау үшін ЖҰҚЖ-дың стандарттық жағдайдағы ұзындығын анықтау қажет. ЖҰҚЖ ұзындығы стандарттық жағдайда (Lсm)
Toggle Dropdown
Lсm = ----------- формуласы бойынша анықталады:
Toggle Dropdown
мұндағы Lф — ЖҰҚЖ-дың нақты ұзындығы, м; орындау (ЖҰҚЖ-ды салуға немесе қайта жаңартуға) құжаттамасы бойынша, ал ол болмаған кезде мамандандырылған жобалау ұйымы жүргізетін әуеайлақты тексеру материалдары бойынша анықталады;
Toggle Dropdown
Кр — теңіз деңгейінен ЖҰҚЖ-ның биіктігін ескеретін түзету коэффициенті, м:
Toggle Dropdown
Кр = 1+2,33x10 -4 НЖҰҚЖ
Toggle Dropdown
НЖҰҚЖ - ЖҰҚЖ-ның үстіңгі бетінің теңіз деңгейіне қатысты ең жоғарғы нүктесі ЖҰҚЖ-ның орындау ұзына бойы пішіні бойынша анықталады, м);
Toggle Dropdown
Кt — әуеайлақтағы ауаның температурасын ескеретін түзету коэффициенті:
Toggle Dropdown
Кt =1+0,01(tесеп- tcm )
Toggle Dropdown
tесеп =1,07 t13 -3о — әуеайлақтағы ауаның есепті температурасы, о С; t13 - жылдың ең ыстық айында сағ. 13-те әуеайлақтағы ауаның орташа айлық температурасы, о С: Климатологиялық анықтама бойынша қабылданады; tст — әуеайлақтың теңіз деңгейінен орналасқан биіктігінен стандартты атмосфераның температурасы о С: Осы СБӘ-ге 1-қосымшада ұсынылған кесте бойынша қабылданады;
Toggle Dropdown
Кi — ЖҰҚЖ-ның орташа ұзына бойы еңісін ескеретін түзету коэффициенті; мынадай формула бойынша анықталады:
Toggle Dropdown
Lф < 1000 м кезінде Кi =1+5iор;
Toggle Dropdown
1000 м < Lф < 2600 м кезінде Кi =1+8iор;
Toggle Dropdown
Lф > 2600 м кезінде Кi =1+9iор.
Toggle Dropdown
iор – ЖҰҚЖ-ның орташа ұзына бойы еңісі ЖҰҚЖ шеттерінің биіктіктері белгілерінің ЖҰҚЖ-ның нақты ұзындығына айырмашылығы қатынасымен анықталады; шеттерінің биіктіктері белгілері ҰҚЖ-ның орындау пішіні бойынша анықталады.
Toggle Dropdown
ЖҰҚЖ класы әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен элементтерін таңбалаудың сәйкестігі кестесін толтырған кезде көрсетіледі (осы СБӘ-нің 3.2-кестесі ).
Toggle Dropdown
Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдерінің
сәйкестігін бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
Әуеайлақта:
Toggle Dropdown
1) ұшудың әрбір бағыты үшін:
Toggle Dropdown
екпiн алу орындалатын қашықтық (ЕОҚ);
Toggle Dropdown
ұшуда орындалатын қашықтық (ҰОҚ);
Toggle Dropdown
үзiлген ұшу орындалатын қашықтық (ҮҰОҚ) орналастырылады;
Toggle Dropdown
2) қонудың әрбір бағыты үшін:
Toggle Dropdown
қону орындалатын қашықтық (ҚОҚ) белгіленеді.
Toggle Dropdown
Орындалатын қашықтықтарды анықтау тәртібі ҚР АА ӘПЖН-ға 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
Егер осы ұшу-қону жолағында (бұдан әрі – ҰҚЖ) аралық ҰҚЖ-ның шеттеріне жалғаспайтын) рульдеу жолдарынан (бұдан әрі – РЖ) ұшуға рұқсат берілсе, онда ЕОҚ, ҰОҚ пен ҮҰОҚ әрбір осындай РЖ-дан анықталады. Бұл ретте қашықтықтың басы есебінде РЖ-ның осі желісінің ЖҰҚЖ-ның осі желісімен қиылысу орны қабылданады.
Toggle Dropdown
Орындалатын қашықтықтардың мәні осы СБӘ-нің 3.1-кестесіне енгізіледі.